гипермәтін және виртуалды шындық ұғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған ұғым. Г–ты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу керек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша біз осы Г–та өмір сүріп тұрмыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпарат ағын адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді. Мыс., 1991 ж. Ирак пен АҚШ–тың арасындағы соғыс шындық мағынасында болған жоқ. Бұл компьютерлер дисплейімен видеопроекторлар экранына “отырғызылған” гипермәтіндік соғыс болды. Бұл ешқандай мистика емес, ол Г. метафизикасы, ояу түс.Тіпті, компьютерлік көркем әдебиет және оның, тым болмаса, бір классигі белгілі. Оның фамилиясы да – Джойс, бірақ есімі Джеймс емес – Майкл және ол “Улиссті” емес, компьютерлік роман “Тал түсті” жазды. Бұл романды тек компьютер дисплейінде ғана дәл оқуға болады. Ол Г. түрінде құрастырылған. Клавиштерді басу арқылы оны соңынан басына дейін де, эпизодтарын ауыстырып та оқи беруге болады. Г–та уақыт пен кеңістік жасанды болып шығады: кеңістік – прагматикалық, ал уақыт болса – сериалды. Мыс., Г–та қазіргі оқиғаны суреттей келе, тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан болашаққа жету үшін бір кнопка жеткілікті. Г. – адамдық мәдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.