адаптация (лат. Adaptatio – бейімделу) – 1) биологияда тірі организмнің сыртқы орта жағдайында тіршілік етуге икемделуі, олардың эволюциялық даму барысында қалыптасқан биологиялық қасиеті. Эволюциялық даму ілімі бойынша тарихи даму барысында тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларының ықпалынан организмнің әлсіз клеткалары жойылып, белсенділері өніп–өсіп, табиғи сұрыпталу нәтижесінде оларда төзімділік қасиеттері пайда болады. Б. – белгілі бір биологиялық түрдің сыртқы ортаның нақтылы жағдайында тіршілік ету тәсілін қамтамассыз ететін морфофизиологиялық, популяциялық және басқа ерекшеліктер жиынтығы. Мысалы, жазық далада тіршілік етеін сүтқоректілер жүгіруге, ормандағылар өрмелеуге, су жануарлары жүзуге бейімделеді. Жан–жануарлардың қоректену тәсілінің, реңі мен пішінінің әр түрлі болуы, кейбір мүшелерінің атқаратын қызметінінң өзгеруі, т.б. олардың орта жағдайында Б–дің натижесі. Б.– жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы Б.– қоршаған ортада тіршілік етуге икемделу, мысалы, құрлықта тіршілік ететін жануарларда аяқтың, ұшатын құстарда қанаттың пайда болуы; Дара Б. белгілі бір тіршілік жағдайына икемделу, мыс., тұяқты сүтқоректілердің тұяғының әр түрлі пішіндері. Биологияның басты мәселесінің бірі – Б.–дің тарихи дамуының механизмі. XVIII ғ–да Б. организмге болмысынан тән құбылыс деп танылған. Б. Тірліктің тарихи дамуының негізгі 3 факторының – өзгергіштік тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыптау нәтижесінде қалыптасып дамиды. Бірақ қазіргі кезде табиғи сұрыптау теориясы күрделі Б–дің көптеген құпияларын түсіндіруде қиындықтарға кездесуде, мыс., құстар мен жәндіктердің қанатының пайда болуы. Адам организмі мен жануарлар үшін Б–дің маңызы зор. Қоршаған ортада ауа райының, температураның өзгеруі, оттегінің жетіспеуі, әр түрлі жұқпалы вирустардың әсеріне қарамай, Б–дің нәтижесінде организмнің ішкі ортасы тұрақты деңгейде болады, яғни организмнің дене қысымы, қанның морфолог. құрамы мен физ–хим. қасиеттері, қышқылдық–сілтілік үйлесімі, т.б. көрсеткіштері қалыпты мөлшерден ауытқымайды; 2) социологияда–жеке адамның не әлеуметтік жіктің қоғамдағы жаңа рухани, экон. және мәдени құндылықтар мен нормаларға икемделуі. Ол қоғамда пайда болған жаңа принциптерге сай материалдық және рухани игіліктерді игеруге деген ынтаға тікелей байланысты. Б. Адамның не қоғам мүшелері көпшіліктің мақсат–мүддесі қоғамдағы қарым–қатынастың жаңа принциптері мен толық үйлесімділік тапқанда жүзеге асады. Әлеуметтік өзгеріс көпшілік әлеумет тарапынан қолдануды қажет етеді. Оныз әлеу. икемделу баяу жүреді. Мұндай баяу икемделу аккомодаттану деп аталады. Аккомодаттану Б. процесіне ұласпаса, ондай жағдай қоғамдағы бейберекеттікке, бүлікке алып келуі мүмкін.