тастан қашап, қырнап, оймыштап түрлі бұйымдарды безендіруші, өрнектеуші шебер. Ертеден тас қалаушы, мүсін жасаушы арнайы шеберлер үй құрылысын әшекейлеуге де қатысқан. Құрылыс жұмыстары, тастан қашалатын ескерткіш мүсіндер, күмбезді мазарлар мен сағана тамдар, балбалтас, (құлпытас, бесіктас, қойтас, мама–тас, т.б. Б.–лер қолымен жасалған. Диқандар ежелден қолданған шаңтас, тұлықтас, малатас, түйгіштас, диірмен–тас, салдауыр, т.б. көптеген бұйымдар, өндіріс құралдарын да Б.–лер жасаған. Б.–нің құрал–саймандары: шойбалға, шапқы, шапқыбалға, қадаубас, безеуіш, шекуіш, тісеуші, тескіш, бұрғы, егеу, түрпі, қайрақ, т.б.