көшпелі тайпалардың (сақ, үйсін) қола дәуірінен кейінгі мәдени өркендеу кезеңінде , олардын әлеум. құрылысы мен шаруашылығынын ілгері дамуына байланысты (б.э.б. VII ғ.) өркендеді. Оған себеп түсті металл қорытумен бірге, жаңадан темір балқыту әдісі пайда болды. Көшпелілер өнерінің бұл алғашқы даму кезеңі б.з.б. IV ғ–да биік сатыға көтерілді. Бұл тайпалар жасаған өнер қалдыгы орасан бай әрі ісмерлік әдістері бір–біріне ұқсас. Осындай бай өнерді олардан қалған қорымдар мен обалардан көреміз. Мұндай қорымдар Моңғолиядан Венгрияға дейінгі байтақ далада үздіксіз кездесіп отырады. Қазақстанмен Орта Азиядағы қорымдардың және қала орындарының үйіліп жатқан жерлерін халык «жер үйін» деп атаған. Ондай қорымдарды қазғанда, сол кездегі өнер түрлерін сипаттайтын белгілер ауық–ауық кездесіп отырады. Сол сияқты сақ, ғұн заманынан калған қорымдар Қазақстан, Алтай, Қырым, Кубань өзендерінің бойы, Ертіс өз–нің бойы, Қызылқұм, Әмударияның жағасы, Алтай, Памир тауларының қойнауларында жолығады. Бұл өлкелер ежелгі заманда мал өсірудің, байлықтың ну ортасы болған. Сақ, ғұн өнерін жарқын суреттейтін дәйектер – Эрмитаждағы «Сібір алтыны», Күл оба, Алтын оба (Қырым), Солоха (Днепр), Келермес, Жеті оба (Кубань өз. бойында) корымдарынан табылған алтын бұйымдар. Эрмитажда сақтаулы тұрған «Сібір алтынының» дені Қазақстан өлкесінен барған. Ол қазына Павлодар обл. Ертіс бойынан, Ертіске таяу Қалмаққырған, Баянауыл тауларынан, Шідерті, Өлеңті, Сілеті өзендерінің төм. жағынан, Қызылқак, Теке көлдері–нің маңынан табылған. Байырғы сақ, ғұн өнерін сипаттайтын алтын қазыналардың Қазақстан өлкесіндекездесетін жерлері – «Есік», «Қарғалы» қазыналары, «Есік қазынасы», «Шілікті қорымы», Қарқаралы, Баянауыл төңірегіндегі Мырзашоқы, Нұртай, Тасмола, Орманбет обаларынан шықты. Мырзашокыдан табылған таутеке, киік, қабанның қоладан құйылған мүсіндері, Жетісу өлкесінен табылған мыс казан, ошақтар бұл аймақтағы өркендеген мәдениеттің айғағы іспетті. Сондай–ак, Ноин–Ула (Моңғолия), Пазырық қорымдары (Алтай), Таштық обалары, Орт. Қазақстандағы Беғазы, Бесоба, Шолаққайың (Қаракеңгір) обалары, ғұн өнерінің екінші өркендеу сатысын суреттейтін Қараағаш, Нұртай обалары (Орт.Қазақстан), Бурабай қазынасы (Көкшетау), Кеген обасы (Алматы обл.), Кетпентөбе, Жалпақтөбет (Қырғызстан), Екінші Есік қазынасы, Сыр бойынан табылғанбелгілер – сан ғасыр бойы халықмәдениетін сақтап келген құпия қоймалар. Б.з.б. III–I ғ., б.з. I–V ғ–ндағұн өнерінің екінші өркендеу сатысы күшейеді. Бұл кезде ғүндармен аталас үйсін–қаңлы өнері де қалыптасабастады. Үйсіндердің тайпалық ерекшелігін сипаттайтын өнер белгілеріАлматы тауларының іргесінде, Есік,Түрген, Іле өзендерінің бойында, Кеген, Қарқара, Асы, Ыстықкөлтөңірегінде жиі кездесіп отырады. Есік маңынан, Қарғалыдан, Тасмоладан табылған өнер түрлері – бір ғана алтыннан, кейде қоладанқұйылған бейнелер. Бұл бақташытайпалардың тамаша өнер үлгісінжасай білгендігін және ол өнер өз ортасында туып қалыптасқанынсипаттайтын аса бағалы белгілер. Б. с. ғ. ү. ө–нде көптеген сюжеттер үй жануарлары, соның ішіндежылқыға байланысты туған. Сондай–ақ, аң өмірін бейнелеу,. әсіресе шебер жасалған арқардың не қошқардың басы, мүйізіұшырасады. Арқар көшпелі тайпалардың ұраны да болғандықтан оның бейнесін көбірек жасаған. Ежелгі тайпалар өнерінің сюжеті әдетте, арыстан, қабылан, барыс, көкжал, бөрі, т.б. жыртқыш аңдарды бейнелеуден құралды. Олардың алтыннан, қоладан құйылған мүсіндері көптеп табылған. Б. с. ғ. ү. ө–нде ежелгі замандағы наным, ертегі–мифтерге байланысты туған сан алуан өрнек үлгілері кездеседі. Олар әр түрлі қиял–ғажайып бейнелер: теке сақал, бұғы мүйізді арыстандар, құмай басты, ат денелі хайуандар, т.б.
Бұл – ежелгі бейнелер мен кейінгі халық мифінің тығыз байланысын көрсетеді. Б. с. ғ. ү. ө. бұйымдарындағы бейнелердің барлығы құю, қырнау, безеу, қақтау әдістерімен, жұмыр мүсін не рельеф түрінде жасалған. Өнер белгілерінің сипаттауынша, сақ, ғұн, үйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға жеткізген. Металл қақтау, оны құю, жұмырлау өнерін толық менгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан пішін жасаумен бірге, оның бетіне асыл тас орна–ту әдісін де меңгерген. Осы күнге дейін маңызын жоймаған өнердің тамаша түрлерін өркендету кешпелі тайпалардыңмәдени үлгісі. Олардың негізгі түрлері кейінірек казак халқына мирас болып қалды.