ӘУЕСҚОЙ ТЕАТР ӨНЕРІ

театр өнері саласындағы көркемөнерпаздық шығармашылығының бір түрі. Қазақ топырағындағы театр өнерінің алғашқы нышандары күнделікті шаруашылық қамымен, көшпенді тірліктің дәстүрлі ойын–сауық түрлерімен біте қайнасып, белгілі дәрежеде солардың рухани және көркем жинағы, көрінісі ретінде дүниеге келді. Үйлену тойында айтылатын «Жар–жар», «Сың–су», «Беташар», «Қоштасу», т.б. әндер, өлеңдер және күйеудің қыз ауылына келгендегі әр түрлі салт–жоралары бірігіп, өмірдің біртұтас драм.,   кейде   комед.   спектаклінеайналатын.  Ертеден халық арасында кең тараған, оның эстетик. көңіл күйінен  хабар беретін айтыс өнері де, жыршы, жыраулар өнері де қазақ халқының лиро–эпостық дүниета–нымының бір бөлшегін құрады. ХХ ғ–дың басында Орал, Семей, Ақмола, Ақмешіт (Қызылорда), Қостанай қалаларында құрылған әуесқой ойын–сауық үйірмелері де республикадағы Ә. т. ө–нің қалыптасуына жағдай жасады. 1915 ж. Атбасар қ–нда өткен сауық кешінің бірінде «Халық тойы» деген атпен шағын ойын қойылды. Оның көркемдік   бітіміне   қарағанда  этногр. мәні басым болды. Сондай–ақ, 1915 ж. Семейде өткен ойын–сауық кешінде «Біржан – Сара» айтысының сахнаға арналған түрі қойылды. «Қызыл отау», «Қызыл бұрыштардың» да Ә. т. ө–нің қалыптасуына ықпалы мол болды. Алғашында қулардың, бақсының, ақын, сал–серілердің машықтарын оңтайлы пайдаланған Е. Өмірзаков, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, т.б. халық арасынан шығып, актерлік өнердің қыр–сырын танып, кәсіби театр дәрежесіне жетті. Қазақ саяси–ағарту  бас   к–тінің  көркемдікбөлімі ұйымдастырған «Қызыл керуен» (1918, Ақмола мен Қостанай), «Орталық қазақ комсомолдары һәм оқушы жастар клубы» (1923, Орынбор) және Семей қ–ның (1920) драма труппалары – М. Әуезовтің «Еңлік – Кебегі», «Бәйбіше – тоқалын», Ж. Шаниннің «Арқалық батырын», Қ. Кемеңгеровтің «Бостандық жемісін», И. Меңдіхановтың «Малдыбай», » Үйшік–үйшігін», Е.  Ерданаевтың » Малқамбайын», т.б. пьесаларды сахнаға шығарды. Ә. т. ө. саласы кейінгі жылдары қайта өркендеп келеді. Республикадағы драма ұжымдары көбінесе алыс аудан, облыс еңбекшілерінің алдында ойын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *