ӘУЛЕТ

(парс. ұрпақ) бір атадан тараған ұрпақтар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қандас–туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы негізге алынған. Туыстық байланыс жеті атаға дейін созылып, одан әрі будандалық байланысқа созылады. Әулеттер рулардың қалыптасуының қайнар көзі болды. Жеті атаға толған әрбір әулет руға айналып отырды. Ғылыми әдебиеттерде «әулет» ұғымы елдегі ең жоғарғы билік лауазымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер шежіресін тарату үшін де болды. ХVІІІ–ХІХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның қоғамдық саяси өмірінде Әбілқайыр әулеті, Абылай әулеті ерекше рөл атқарды. Ресейде Романовтар әулеті, Францияда Бурбос әулеті, Қытайда Цинь әулеті т.б. жекелеген мемлекеттерде әулеттің билік жүргізуі жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *