ӘНШІ АҚЫНДАР

ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Ә. а–дың шығарм. ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, муз. аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді. Бірак бұл ерекшеліктердін бәрі бір дәрежеде бола бермейді, кейбір Ә. а–дың ақындығы басым болса, екінші біреулерінің композиторлығы немесе орындаушылық қабілеті асып жатады. Ә. а. тек ән шығарумен ғана тынбаған, кейбіреулері айтысқа да түскен, енді біреулері ойын–тойларда өлең–жыр айтқан. Ә. а. жанына бір топ өнерпаздарды ертіп, топтанып жүретін болған. Тұрақты театры жоқ кезде, көшпелі халык театрының рөлін атқарған. Ә. а–ға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен. Қазір Ә. а–дың шығарм–ғы тұрақтанып, дәстүрге айналды, идея–мазмұн жағынан қалың бұқара мүддесін көксеп, халықтық сипат алады, ал көркем түр, стильдік жағынан дамып, толысып жетіле береді. Кейбір Ә. а. (Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал) жазба әдебиет саласында белгілі орын алады. Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Құлтума, Әсет, Сәтмағамбет, Иманжүсіп, Естай, Шашубай, т.б. бірнеше Ә. а–дың аты халыққа әйгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *