абайлау, байқау, аңғару. Адам айналадағы тіршілік құбылыстарымен үйлесімді қарым–қатынаста болу үшін сол құбылыстардың ішкі–сыртқы мәнін және олардың себеп–салдарын дер кезінде аңғара білу шарт. Аңдау процесі өз кезегінде пайымдау және зерделеу жүйесіне өтіп, ол ақылмен түйсіну, тану процестеріне ұласады. Ойшыл ғұламалар белгілі бір ұғым, таным, түсінік мәндерін ашқанда осы процестер «ізімен жүріп отырып» түсіндіреді. Сонда мәселенің төркіні айқын, анық болып шығады.