АМАНАТ

жеке адамның, әлеуметтің, елдің, ұлт пен ұлыстың моральдық болмысының сенімді ақтау формасындағы көрсететін этикалық–аксиологиялық категориясы. А. адам мен адамның бір–біріне сенуінен, оның адамгершілік қасиетіне, кісілік мінезіне, ізгілік ниетіне, имандылығына, адалдығына, әділдігіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына, қайырымдылығына, елжандылығына, бауырмалдылығына, ізеттілігіне, білімділігіне, көрегенділігіне, көргенділігіне, ибалылылығына, ұяттылылығына, намыс пен уәдеге беріктілігіне және т.б. оң моральдық құндылықтарға үміт артуынан туындайтын этикалық бірлік. А. тапсырма, міндет, өсиет мағынасында қолданылады. А. мұсылмандық этикада ешқандай ақысыз тапсырылып, жүктеліп отыратын әрі А. алған адамның оның орындалуын өзіне парызға балап, адамдық, кісілік іс деп білуі. Ең алдымен, А. негізінде сенім жатады. Екіншіден, А. орындаушы үшін парыз болып табылады. Ол А. алған адам үшін міндеттілікке айналады. Осыдан қазақтың: “Аманатқа қылма қиянат” деген өсиет сөзі келіп шығады. Мысалы, рух – Алланың өзінің жақсы қасиеттерімен адамға берген аманаты. Сондықтан шынайы мұсылман аманатты орындап, рухты таза сақтап , өсіруге міндетті. Олар А.  мәселесін ерекше моральдық құндылық деп танып, аса зор мән берген және оны орындамау кешірілмес үлкен күнә болып есептелген. А. екінші адамға қарыз деп саналған. Сондықтан А.–ты алу өте жауапты, қиын іс болып есептелген. М., Қайқаус: “Аманаттың қиындығы үш түрлі. Біріншісі – аманатты өз малыңнан мұқият сақтаймын деп әуреленесің, екінші – сұраған уағында беруің шарт, үшіншісі – аманатты жоғалтып алсаң, иесінен үлкен ұятқа қаласың. Аманатты қабылдама, қабылдаған соң оны сақтап, түймедей түгел иесіне тапсыруың қажет. Бұл жомарттықтың жолы деуге болады” –деп көрсетеді. А. адамның адамның жоғары рухани жетілуінің, биік имандылық пен кісілік қасиетінің, жоғары этикалық мәдениетінің көрсеткіші ретінде бағаланады. Жат жерде жазым болған батырлардың, ел–жұртына сәлемі, кемел дананың келер ұрпаққа өсиеті, өлім аузындағы адамның сары ауыз бала–шағасын, ғазиз жарын немесе кәрі ата–анасын жан досына аманаттауы осындай парыз–қарызға жатады. Шәкәрім философиясының орталық идеясы, аманатпен байланысты болған: “Үлкенге құрмет, кіші – үлкенге аманат” –деген. Оны орындамау аманаттаушының алдындағы ғана емес, құдай, әруақтың алдындағы да үлкен күнә болып саналады. Бүкіл мұсылман халқы осындай танымды ұстанған биік мораль философиясымен өмір сүреді. Сонысымен рухы биік, болмысы асқақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *