көшпелілікте болған қазақ, түркімен, моңғол сықылды елдердің көбінде дәстүрге айналған; қазақ ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,топ алдында сөз жарыстырып қолма – қол суырып салып айтылатын сөз сайысы жыр жарысы негізінде қалыптасқан поэзиялық жанр. киелі сөз өнері мен ақыл–парасат таластыру түрi; өлеңнің шумақтарын айтыс үстінде ойынан шығара алатын ауызша жарыс, таланттылардың шығармашылығы; адам қадірін, сөз қадірін білетін ойтолғау; «сөз барымтасы, ой қарымтасы» (М. Әуезов). «Айтыс» жанрының ерекшелігі:екі ақынның пікірталасы, ой жарыстыруы барысында бәтуалы сөз шеберлігімен, көп алдында танылады. Әлуметтік шындықтың әр қыры мен сырын терең ашады.Ақын өз намысынан гөрі, белгілі бір аймақтың, қауымның атынан сөйлеп, намысын қорғаған.А. таланттарға жол ашу, шындықты жеткiздiре серпiлту, өз артықшылығы мен үстемдiгiн мойындатқызу. А.–ң мақсаты: өз ойларын ақтау; қарсыласының ойларын даттау, тойтарыс беру және өз ойын хабарландыру, тыңдаушыға жеткізу. Айтыста талаптылар мен таланттар түйiседi, табысады, татуласып туыстасады. А.–қа ақын–жыраулар қатысты. Ақын–жыраулар а) халық әдебиетін, халықтың әдет–ғұрпы мен өмірін жақсы білетін арқалы ақылдылар; ә) тіл мен сөздің мәдениетін жақсы игерген таланттылар мен талаптылар; б) халықтың қуанышы мен қайғысын орақтаса алатын имандылар, өз еліның нағыз патриоттары. «Айтыстың» көне жанрына «жар–жар», «бәдік», қыз бен жігіт айтысы немесе өлеңмен әзілдесуі, жұмбақпен айтысу жатады. Нағыз ақын–жыраулардың өнерін ел сүйген, ақылын асылға балаған. Халық ақылды, көреген, алғыр, байсалды, ұстамды ақынын ұнатты. Халық ақынды жақсы көрді. Оған себеп, ақын – шешен, халық тұрмысының шындығын суреттеді, қуанышы мен қайғысын шын көңілімен ортақтасты, қанаушы мен қаналушы таптың сырын ашуға, әйелдің теңсіз күйбеңінің астарын, заман тынысын ашып беруге тырысты.Қазақ жеріндегі адамды сүю, оған құрметпен қарау дәстүрі кикілжіңдікке жол бермей, оның мүддесінде, ниет–тілегінде, ортақ жүректе, бітім білекте қайнап шықты. Ой толғаудың екі түрі – парасатты қабылдау және ерік–жігердің маңызын арттыру барысында– адамның іштей тазаруына, өзгені түсінуге жол іздестірді, жөн түзеді. А.ң тәлімдік маңызы арынды сезімнен – намыстан және адамға күш қосатын, үдеден шығатын жігерлі әрекеттен білінеді. Оны рухани тазалық көзі, шабытты тартыс тәсіліне балайды