- Жазғы жуынды-қыста қатық.
- Жайын құйрығын жеген жатпас.
- Жасанған жауды күттірме,
Жасаулы табақты күттірме. - Жаманға берсең асыңды,
Итке тастар басыңды. - «Жемеймін-жемеймін»деп отырып,
Жеңді білектей қазыны жеп қойыпты. - Жер асыңнан жемес асың көп болсын.
- Жегенің кебек,
Кигенің жібек. - Жеп жеті болмас,жалап жетпіс болмас.
- Жеген білмес,
Кескен білер. - Жуанды жонып же.
- Жазғы күннің саясы-
Сапырулы қымыз,салқын үй. - Жүгіріп жүріп айтқан сөздің мәні жоқ,
Жүгіріп жүріп жеген тамақтың дәмі жоқ. - Жусансыз жерді от деме,
Көжесіз елді тоқ деме. - Жартыны жарып жеген да толық.
- Жазғы жуынды қыста қатық.
- Жаңа киім жат жерде тамақ әпереді.
- Жетімнің аузы асқа тисе,
Мұрны қанайды. - Жерге шыққан жемістен,
Жетіссең де бір аса. - Жұтқаның жұмырына,
Татқаның таңдайыңа. - Ет етке,сорпа бетке.
- Еттің дәмдісін тураған білер.
- Етті қуырған құртады,
Жылқыны шұбырған құртады. - Еске алсаң ескі асыңнан сақта.
- Етпен қарын тоқ,
Ниетпен жаның тоқ. - Етке тойсаң,сорпаға иттігім жоқ.
- Ет дегенде бет бар ма?
- Ет жемесек те,сорпа ішкендей болдық.
- Ебін тапқан ескі асар.
- Ет сүйексіз,күріш күрмексіз болар.
- Ет сасыса тұз себер,
Тұз сасыса не себер?! - Ет дәмділігін қойса,
Алма боқ көбейтеді. - Етке тойғанның емі табылмайды.
- Еттің соры қуырдақ,
Ұнның соры бауырсақ. - Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама. - Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып құлдық. - Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды. - Ет асса нан қалмайды.
- Екі бас,екі басқа малта да аз.
- Ет майыңды бермесең де,жақсы тіл бер.
- Ет жемесең ет жеме,
Етегің жап құдағи. - Ет алуды білмеймін,
Майлы жерінен кес. - Кәпір тоқ болса,мұсылман тыныш.
- Кісі кірмеген үй көрмен тең.
- Күн аязға айналды,
Ет азға айналды. - Көженің кенеуі бар,
Қымыздың қызуы бар. - Көже деген-тоқ ас,
Тура келсең-жоқ ас. - Кекірудің түбі кеселге жолықтырады.
- Көрген астан көргенсіз бермейді.
- Келеді деп көп қойдық,
Келмеген соң жеп қойдық. - Көже,көже,көзіне айтайын,
Сорпадан садаға кет.