Даналыққа қол жеткізу арқылы адамның жетілген бітімі қалыптасуы.А. ж. ж. д.–ын Сократ оның игілікті тегіс қамти алуы хақындағы өзінің идеясымен байланыстырады. Эпикуршылар А.ж. ж. д.–ын оның қайырымдылық мінезінің жетілуімен өлшейді. деп есептейді. А. ж. ж. д.–ы туралы Эпикур іліміндегі негізгі идея, ол – адамның өзін–өзі тәрбиелеуі мен үйренуі арқылы даналық шегіне жетіп, қайырымдылық шыңына көтерілу мұраты. А. ж. ж. д. мәселесінде Демокрит пен Эпикур білім арқылы қорқынышты жеңу жолын ұсынса, стоиктер тағдырға қарсы адамның дербестігін жетілдіру жолын ұсынады. Стоицизм бұл орайда адамды тағдыр қиындықтарына қарсы тұра алатын қабілетін тәрбиелеу мәселесін көтереді. Ежелгі грек философиясындағы А–ның ж.–ж. д. концепциясындағы басты ұстаным: адам құндылығын түсіну, оның шығармашылық әлеуетін мен кемелдене алу қабілетін мойындап, адамның онтологиялық болмысын анықтау. Әл–Фараби А. дамуындағы басты мақсаты интеллектуальды–рухани жетілу арқылы бақытқа жету деп көрсетеді. “Бақытқа жету жолын көрсету” деген трактатында: “Бақыт – ол әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол қандайда бір жетілу болып табылады”. Әл–Фарабидің пікірінше, адамның жан–жақты жетіліп, бақытқа жетуі үшін жағымды іс–әрекет, ізгі мінез, дұрыс ақыл қажет. А. ж.–ж. д–ын ол адам әдебінің жетілуімен сәйкестендіреді. А–ның ж–ж д., әл–Фараби бойынша, практикалық ақылдың міндетіне жатады. Практикалық ақыл адамның кәміл дамуы үшін мүмкіндік жасайды. Әл–Фарабидің А–ның ж.–ж. д. ілімінен шығатын түйіндер: адам барлық заттың өлшемі, ол – басты құндылық, адам ақылы табиғат құбылыстарын танудағы басты құрал, адамзат қоғамының прогресіне кәміл сенім, адам дамып кемелденуі арқылы көркемділік, сұлулық, үйлесімділік ұғымдарының кеңеюі. Әл–Фараби үшін жан–жақты жетіліп, кемелденген адам – өз күш–қуатын адамдардың игілігіне жұмсайтын тұлға. Ондай адам ақыл мен әдептілікті, ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады.