Мәтін және стиль
Әдеби тілдің өмір сүріп, дамуы, қоғамдық қызметі негізінен жазба әдебиетпен байланысты. Әдеби тілдің әр түрлі қасиеттерін, мысалы, нор-малық, жүйелік сипаттарын, қоғамдық қызметтерінің алуан түрлі екендігін танып-білу үшін жазба әдебиеттің әр түрінен мысалдар келтіріп отырыла-ды. Ол мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен-үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділер мәтін деп аталады. Мәтін — ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, олардағы ойлар жинақталып келіп, автордың (жазушының, ғалымның, зерттеушінің және т.б.) белгілі пікірін, көзқарасын білдіреді. Ол көркем шығарма да, публицистикалық шығарма да, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін. Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым саласына, мысалы, биология, астрономия, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, техника және т.б. қатысты болып келеді. Мәтінде бір-біріне жалғасып, байланысып келетін бірнеше күрделі ой болады. Кейде мәтінде жалғасып келе жатқан ойға жаңа мән, ерекше мағына немесе біреудің сөзі қосылып та отырады. Бір бүтін күрделі, жүйелі ой жазуда бір абзац арқылы көрінеді. Кейде мәтінде негізгі ой жүйесінен ауытқып, жаңа пікір, ой айтылады, немесе қосымша ой қосылады. Осының бәрі де жаңа абзацпен беріледі.
Абзац екі түрлі мәнде жұмсалады. Бірі мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалған шегініс. Ол — азат жол деп те аталады. Екіншісі — бір азат жолмен келесі азат жол арасындағы мәтін бөлігі.
«Стиль» — латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болды. Стиль — белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Қазіргі қазақ тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:
— ресми іс қағаздар стилі
— публицистикалық стиль
— ғылыми стиль
— көркем әдебиет стилі
— ауызекі сөйлеу тілінің стилі
Ғылыми — көпшілік әдебиеттер стилі. Бұл стильдің пайда болуы ғы-лым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильді зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік — сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Көп мағыналы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылыми салалардың ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым үнемі дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылды. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі -мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, қоғамдық ғылымдарда тіл еркін және мәнерлі қолданылады.
Публицистикалық стиль. Публицистика — көпшілік, әлеумет мағына-сын беретін латын сөзі. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген үғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі жатады. Қазіргі әдеби тіл жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік, ерекшеліктерімен қалыптасып, дамып келеді. Бұл — қазақ халқының баспасөз мәдениетінің, тілдік, қоғамдық санасының өскендігінің айғағы. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланысты-лығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады (бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен теледидардан беретін хабарлар т.б.). Публицистикалық стильде көркем әдебиет, ғылыми-техникалық әдебиет, ресми-іс қағаздар тілдеріне тән стильдік элементтер кездесе береді, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері сөз қолданудан да, сөйлем құрылысынан да анық байқалады.
Көркем әдебиет тілінің стилі. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем сөз аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктерінің бәрі бір-бірімен ара қатыста болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат, әңгіме үстінде қолданылады, 2) алдын-ала сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып оты-рады, 3) тақырыптың аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін. Сөйлеу стилінің лексикасында тұрмыстық қарапайым лексика да, варваризмдер де, әдеби сөйлеу лексикасына тән сөздер де болады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасы қарапайым тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмір-дің әр түрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында әдеби сөз де көп қолданылады. Олардың қолдану дәрежесі сұхбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне, инабатты, салиқалы, салауаттылығына байланысты. Мәде-ниеті жоғары , білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластыр-май, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады. Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұхбаттасуынан басқа лек-ция оқыған кезде, интервью бергенде, теледидардан сөйлегенде қоладаны-лады. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті оның жазба түрімен бірдей болмайды. Біріншіден, қаншама мәдениетті сөйлегеннің өзінде ауыз-ша тілге тән ерекшеліктер (адамның бет, қол қимылының құбылып отыруы, екпін, интонацияның құбылып отыруы, үзіліс, кідіріс (пауза) жасалып отыруы т.б.) Екіншіден, ауызша әдеби тілде жазба әдеби тілде көп кездесетін абстракт сөздер мен арнаулы терминдер аз қолданыла-ды. Сөйлеуші өз ойын тыңдаушыға тым күрделендірмей, ұғымды, түсінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, онда қарапайым-тұрмыстық сөздер орын алуы мүмкін, бірақ тұр-пайы, дөрекі сөздер қолданылмауға тиіс. Үшіншіден, ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі жазба тілдегідей қатаң сақтала бермейді. Баяндауышы бастауышынан бұрын, анықтауышы анықтайтын сөзінен кейін, т.б. келе беруі мүмкін. Сөйлемнің толық айтыл-май қысқарып, ықшамдалып, толым-сыз түрде айтылуы жиі кездеседі.
Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми-іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми-іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қарым -қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенмен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: белгілі бір қалыптасқан үлгіде,баяндау тәсілімен жазылады; лексика-фразеолгиялық құрамы өзгеше болып келеді; ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құралады. Іс қағаздары бейтарап тонмен, ресми түрде жазылуы керек, дегенмен де кейбір іс қағаздарында экспрессивті, эмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мәтіндерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан да онда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау, түсініктеме сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми-іс қағаздары стиліне тән. Мұндай сөз орамдары ресми-іс қағаздарында дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалып, іс қағаз үлгілеріне ресми сипат та береді. Ресми-іс қағаздарында кейде бір заттың, я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады.
Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда — азамат, үйде — ата-ана, телефон стансасында-абонент, ательеде — заказ беруші, шаштаразда — клиент, ауруханада — науқас, емделуші, санаторийде — демалушы, тыны-ғушы, қоғамдық көлікте — жолаушы, кітіпханада — оқырман, сауда орнында — тұтынушы, қызмет орнында — маман, қызметкер, т.б. болып айтылады. Яғни, кез келген адам күнделікті өмірде белгілі бір әлеуметтік рөлді атқарады. Қарым-қатынас жағдайына қарай бір рөлден екіншісіне көшіп отырады.
Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хат-тама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып , өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әр қайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу, жаттығу, дағ-дылану арқылы меңгеріледі. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдала-нылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді), я бұйрык райда (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын, шара қолда-нылсын, іске қосылсын) тұрады. Көнерген сөздер, диалект сөздер қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.