Iс қағаздары және олардың түрлері

Iс қағаздары және олардың түрлері

Іскерлік іс қағаздары: резюме, мінездеме, визит карточкалары; қызметтік хаттар: өтініш хат, ресми хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, жолдама хат; баяндау хат, ақпарат хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат; ә) бұрыштама, бұйрық, бұйрықтан көшірме, хаттама, хаттаманың көшірмесі; Бланктік іс қағаздары: еңбек келісімі, тізімдік, аванстық есеп, мәлімдеу, өтініш; б) іс-сапар куәлігі, реестр, ішкі тізімдеме, кассалық кіріс ордері, өтініш, в) сенімхат, демалыс билеті, кету қағазы, анықтама, арыз; г) бұйрық, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтық сауал-сұрақ түрі, акт, хаттама; ғ) іс парағы, жеке кәртішке, іс-сапар куәлігі, есеп;
Түйіндеме(резюме)
Түйіндеме — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы, нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме Сіз туралы толық мәлімет беру үшін керек, онда Сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс -тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме Сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз сияқты. Түйіндеме жазуда Сіздің мақсатыңыз — өз өмірбаяныңыз бен жұмыс-тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділі-гіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына кол жеткізу.
Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі, әрі қарай хронологиялық ретпен жазылады. Соңғы орнында Сіздің бірінші жұмыс орныңыз, не бірінші аяқтаған оқу орны жазылады. Егер Сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс, ал оқу орнын жаңа аяқ-таған, қызметі жаңа ғана басталғалы тұрған адам, оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды. Типтік түйіндеменің құрылымы:
Құжат аты.
1. Ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);
2. Ізденушінің мекен-жайы, телефоны
3. Түйіндеме авторы үміттеніп отырған вакансия;
4. Істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;
5. Қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
6. Кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.)
7. Ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөнінде жазу міндетті емес)
8. Үміттенген вакансияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттер, икемділігі (бұл бөлімде міндетті емес)
9. Қосымша ақпарат (Ізденуші қалауынша жазылады);
10. Кепілдеме
11. Түйіндеменің жазылған күні;
12. Ізденуші қолы
Кей жағдайда «түйіндеме» деген сөз тақырып ретінде жазылмайды. Оның орнына үлкен шрифтімен ізденушінің аты-жөні, туған күні мен туған жері жазылады.
Түйіндемеде келтірілген мерзімдер құжат мазмұнымен салыстырғанда негізгі рөл ойнамайтындықтан ол қағаз бетінің оң жағына жазылады.
Мінездеме — мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраган жағдайда, оқуға, аспирантураға түсер кезінде, сондай-ак қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі. Мінездеме қызметтік, аттестациялық және жеке мінездеме болып бөлінеді. Мінездеме құрылымы:
тақырыбы;
мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
негізгі мәтін;
қорытынды;
Мінездеме талап етуші ұйымның аты;
мінездеме берілген күн, ай, жыл;
мінездеме берушінің аты-жөні, қолы;
қосымша (егер бар болса).
Мінездемеде көрсетілетін негізгі мәліметтер:
1. Жеке адам туралы мәліметтер:
— аты-жөні;
— ұлты;
— азаматтығы;
— туған жылы;
— туған жері;
— білімі;
— лауазымы;
— отбасы жағдайы;
2. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.
3. Жеке басының касиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.
4. Мінездеме қайда берілді. Мекеме басшының қолы. Мінездеме берілген мерзім ,мекеменің мөрі.
Өмірбаян (сұқбат)
Сіздің аты-жөніңіз кім?
Менің аты-жөнім — Иванова Татьяна Сергеевна
Сіз қай жылы тудыңыз?
Мен 1988 (бір мың тоғыз жүз сексен сегізінші) жылы тудым.
Сіздің ұлтыңыз кім?
Менің ұлтым — орыс (қазақ, неміс, татар, украин).
Сіз қайда тұрасыз?
Мен Қарағанды қаласында тұрамын.
Сіздің мекен-жайыңыз кандай?
Менің мекен-жайым: Қазыбек би ауданы, Абай көшесі, №15 үй.
Мектепті қай жылы бітірдіңіз?
Мектепті 1990 жылы бітірдім.
Қазір не істейсіз?
Қазір №55 отра мектебінде бас есепші болып жұмыс істеймін
Отбасым үлкен емес. Мен тұрмыстамын. Отбасымызда жолдасым, екі балам, анам және өзім. Ағам Ресейде отбасымен тұрады. Сіңлім, інім жоқ..

Өтініш
Сөздік:
өтініш- заявление
өтінемін, сұраймын -прошу
тұратын -проживающий
прилагается — тіркелген
жіберу — отпустить
мырза- господин
ханым — госпожа
төраға- председатель(мужчина)
төрайым — председатель(женщина)
рұқсат ету -разрешить
пайдалану — пользоваться
еңбек өтілі -трудовой стаж
жұмысқа қабылдау (алу)- принять на работу
жұмыстан босату -освободить от работы
басқа жұмысқа ауыстыру- перевести на другую работу
кезектен тыс демалыс -внеочередной отпуск
материалдық көмек туралы- о материальной помощи
бала бақшада орын бөлу- выделить место в детском саду
жалақыны көтеру туралы- о повышении зарплаты
бірлесе жұмыс істеу — совместная работа
бір орынды беру -выделить одно место
емтиханды қайта тапсыру- повторная сдача экзамена
оқуға тиесілі ақша — необходимые деньги на учебу
кезекті еңбек демалысы — очередной отпуск
күнтізбелік күн — календарный день
оқуыма байланысты демалыс — уебный отпуск
жалақысы сақталмайтын — без сохранения зарплаты
өз еркіммен — по собственному желанию
өтініш беруші — податель заявления
өтінішті жазу – писать заявление
өтініш айту — сделать заявление(заявить)
өтініш тапсыру -подать заявление
өтінішті қарау — рассмотреть заявление
өтініш бойынша — согласно (по) заявлению, в соответствии с заявлением
өтінішті қанағаттандыру — удовлетворить заявление
өтініштің мазмұны -содержание заявления
Сөздік:
бұйрық — приказ
жеке құрам бойынша бұйрық — по личному составу
бұйрық беру — отдать приказ
бұйрық шығару — издавать приказ
бұйрықпен танысу — ознакомиться с приказом
бұйрыққа бағыну — подчиниться приказу
тағайындалсын — назначить
қабылдансын — принять
босатылсын — освободить
ауыстырылсын — заменить
уақытша атқару — временно возглавить/возглавлять
жүктелсін — возложить
бұрыштама — виза
басқа жұмысқа ауысуына — переходом на другую работу
денсаулығына байланысты- в связи с/со здоровьем
зейнеткерлікке шығуына — уходом на пенсию
* Қазақ тіліне аударыңыз
1. Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом на пенсию, временное исполнение, возложить на согласно штатному расписанию, особые условия труда, процентная надбавка.
2. Разрешить, разрешаю, ходатайствую, проверить, создать, комиссию, рассмотреть, подготовить предложения, обсудить, доложить руководству до … числа этого года, согласовать с …

Өтініш үлгілерімен танысыңыз.
Құқықтану академиясы «Әділет » Жоғары құқық мектебінің ректоры А.А. Матюхин мырзаға I курс студенті А.Асановтан

Өтініш
Сізден академияның жатақханасынан бір орын беруіңізді өтінемін. Отбасы жағдайым пәтерде тұруымды көтермейді.
2004 жылғы қыркүйектің 14-і А.Асанов
Құқықтану академиясы «Әділет » Жоғары құқық мектебінің ректоры А.А. Матюхии мырзаға II курс студенті А.Асановтан

Өтініш
Сізден «Философия» пәні бойынша емтихан бағасының қанағаттанар-лықсыз баға болуы себебіне байланысты емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
1 қаңтар 2005ж. А.Асанов
Қарағанды қаласы №42 бала бақша директоры Ә.Қ. Алімқұлқызына «Жолбарыс» тобының тәрбиешісі Ж.С.Әбілғазинадан

Өтініш
Маған 2005 жылдың «1» маусымынан бастап 38 күнге кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.
05.08.2010 ж. Ж.С.Әбілғазина
Сөздік:
хаттама — протокол
ұжым — коллектив
ұйым — организация
жиналыс — собрание
мәжіліс — заседание
күн тәртібі — повестка дня
мәселе — вопрос, проблема
жарыссоз — прения
қатысқандар-присутствовавшие/присутствовали
қатыспағанадар-отсутствовавшие/отсутствовали
дәлелді себеппен — по уважительной причине
дәлелсіз себеппен — по неуважительной причине
баяндама — доклад
баяндамашы — докладчик
хабарлама — сообщение
кеңейтілген — расширенный
бірлескен — совместный
төралқа — президиум
қорытынды — заключение
тізім — список
сөйлеу, сөз сөйлеу — выступить
сұрақ беру — задать вопрос
қаулы ету — постановить
назар аудару — обратить внимание
талқылау — обсудить
шешім қабылдау — принять решение
әзірлеу, дайындау — подготовить
талдау — обсудить
шешім қабылдау — принять решение
макұлдау — поддержать
қалыс қалу — воздержаться
қол қою — подписать
дауыс беру – голосовать

Хаттама

Хаттама — жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат. Коммерциялық кәсіпорындарда директорлар (құрылтайшылар) кеңесінің отырыстарының хаттамасы, акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамасы, түгелдей комиссия отырысының және т.б. хаттамасы жасалады.
Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісінің нысанында таза параққа, негізгі деректемелерді:
— мекеменің атауын
— қүрылымдық бөлімшенің атауын
— кұжат түрінің атын (хаттама)
— отырыстың күнін
— құжаттың тіркеу нөмірін
— отырыстың орнын
— мәтінге тақырыпты
— құжаттың мәтінін
— қолдарды ескере отырып рәсімдейді.
Хаттама
05.02.06. №65
Қарағанды каласы
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы
Төрайымы: каф.меңг.Б.К.Омарова
Хатшысы: оқытушы Б.Г.Шағырбаева
Қатысқандар: 16 оқытушы (тізімі келтірілді)
Күн тәртібі:
1. Қысқы сессияның қорытындысы және үлгермеуші студенттер-мен атқарылатын шаралар
2. I семестрде жүктеменің орындалуы
Тыңдалды:
Кафедра меңгерушісі Б.К.Омарова- Жалпы және арнаулы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *