Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған ісәрекетің, қимылдың мақсатын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мақсат бағының-қылы сабақтас сөйлем деп атайды.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары неге? не үшін? не етпек болды? қандай мақсатпне? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқысының баяндаушы:
1. Етістіктің мақсатты келер шақ тұлғасы мен болып көмекші етістігінің тіркесіне аяқталады: Іргештің осы жаман әдетін қойғызбақ болып, балалар оған істемегенді істеуші еді (Б. Соқп.).
2. Бол көмекші етістігі мен үшін септеулігінің тіркесіне аяқталады: Қар қалың түскендіктен, мал қораларына пішен тасу үшін, жеткізу сияқты жұмыстардың ауыр салмағы тракторларға түседі (Ұ. Б.). 3.Деп көмекші етістігімен тіркеске аяқталады: Солармен қабаттаспайын деп, тұрып қалдым (А. Байт.).
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарларының арасына үтіп қойылады.
Жаттығулар жұмысы:
1-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағының-қыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Басым ауырған соң (неге?), жиналыстан сұранып кеттім. «Я отпросился с собрания, так как у меня болела голова».
1. Басым ауырған соң, жиналыстан сұранып кеттім. 2. Кеш бо¬лып қалғандықтан, біз әрі қарай жүрмедік. 3. Жиналыс уақытында болмаған соң, біз қатты ренжідік. 4. Биыл жаңбыр көп жауғандықтан, Қазақстанда астық бітік шықты. 5. Денсаулығы нашар болған себепті, оның баласын әскер қатарына алмады. 6. Үстінде жылы киім болмағандықтан, тоңып қалды. 7. Жұмысы көп болған себепті, демалыста ол елге бара алмады. 8. Қазақ тілінен сабақ болмаған соң, студенттер тез тарап кетті. 9. Мен қатты ауырған соң, сабаққа бармадым. 10. Үйіне қонақ келіп қалған соң, ешқайда бармады.
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Үйде азық-түлік біткен соң, … . 2. Денсаулығы болмаған себепті, … . 3. Күні бойы далада көп жүргендіктен, … . 4. Мұғалім ауырып қалған соң, … . 5. Арман озат оқушы болған себепті, … . 6. Пойыз кеш келген себепті, … . 7. Жұмыс бітпегендіктен, … .8. Жомарт ерінгендіктен, … . 9. Емтиханға әзірленбеген соң, … .10. Жаңбыр жауған соң, … . 11. Кеш болып қалғандықтан, … .12. Уақыты аз болған соң, … .
II. 1. …, қонақтар далада ұйыктады. 2. …, балалар далада ойнайды. 3. …, сабаққа келмеді. 4. …, институтта оқи алмады. 5. …, үйіне сәлемдеме жібере алмады.6. …, басым ауырды. 7. …, біз Сізді көрмедік. 8. …, көкөніс алдық. 9. …, мен жұмысымды уақытында аяқтамадым. 10. …, із қуандык. П. …, тауға бармаймыз. 12. …, ерте тұрамыз.
4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз неліктен сабаққа келмедіңіз? 2. Балалар неге қуанып жатыр? 3. Жолдасыңыз неге қонаққа бармады? 4. Сіз неге ерте тұрдыңыз? 5. Арман неге үйге кірмеді? 6. Әкесі баласына неге ұрысты? 7. Әмина неге жылады? 8. Жолдасыңыз неге дүрыс жауап бермейді? 9. Астанада неге тұрмадыңыз? 10. Туыстарыңыз неге келді?
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Вы говорите неправильно, потому что не учите слова. 2. Вы не пойдете в горы, потому что не подготовились к школе. 3. Вы не понимаете, потому что не слушаете. 4. Я иду на базар, потому что дома закончились продукты. 5. Его никто не слышит, потому что он говорит тихо. 6. Он позвал меня, потому что шел интересный фильм. 7. Мы долго стояли на перроне, потому что поезд опоздал. 8. Я помогла подруге, потому что к ней приехало много гостей. 9. Я не понимаю текст, потому что плохо знаю слова. 10. Я никуда не пойду, потому что у меня много работы. 11. Вода в реке сильно поднялась, потому что шли сильные дожди. 12. Мы сели в такси, потому что опаздывали.
6-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағының-қыға қара-тып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлті: Қонақтар демалсын деп (неге?), ол далага шығып кетті. «Он вышел на улицу, чтобы гости отдохнули».
1. Қонақтар демалсын деп, ол далаға шығып кетті. 2. Институтқа ер-терек бару үшін, біз жатақханадан ерте шықтық. 3. «Қыз Жібектің» 528 операсын тыңдау үшін, біз опера және балет театрына бардық. 4. Қымыз ішсін деп, баласын жайлауға жіберді. 5. Баласы шетел тілін үйренсін деп, ол баласын лингвистикалық мектепке орналастырды. 6. Қазақ тілін тез үйрену үшін, қазақтармен казақша көбірек сөйлесу керек. 7. Алматыны кө-ру үшін, ауылдан келдік. 8. Астанаға барайын деп, пойызға билет алдым. 9. Дүкеннен нан алсын деп, ақша бердім. 10. Атасы жазылсын деп, емханаға алып барды.
7-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Жақсы оқу үшін, … . 2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп, … . 3. Адам тез жазылу үшін, … . 4. Баласы білімді болсын деп, … . 5. Борщ пісіру үшін, … . 6. Үйіне тез жетейін деп, … . 7. Жұмыс бітсін деп, … . 8. Шай ішейік деп, … . 9. Қонақтар риза болсын деп, … . 10. Тоңбау үшін, … . 11. Ауырмау үшін, ….
II. 1…., мен сабағымды орындап қойдым. 2. …, жұмысын бітірді. 3. …, қазақ тілін үйреніп жүрмін. 4. …, соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. …, көп дайындалдым. 6. …, маған телефон соқты. 7. …, ерте жаттық. 8. …, үйді жинадық 9. …, тамақ пісірдік. 10. қатты сөйледі. 11. …, аяғына жаңа етік сатып алды.
8-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді? 2. Үйге сәлем-деме жіберу үшін, не істеу керек? 3. Жақсы демалу үшін, қайда бару ке-рек? 4. Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз? 5. Институтты жақсы бітіру үшін, не істеу керек? 6. Ана тіліңізді білу үшін, не істеуіңіз керек? 7. Дос-тарың көп болу үшін, не істеу керек? 8. Сіз мына жаттығуды неге орындап отырсыз? 9. Бесбармақ жасау үшін, не істеу керек? 10. Сіз теміржол бекетіне не үшін келдіңіз?
9-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Я пришел в столовую, чтобы пообедать. 2. Для того, чтобы выздо-роветь, ты должен лечиться. 3. Вы вышли из дому рано, чтобы не опоздать на поезд. 4. Для того, чтобы быть образованным, я много читаю. 5. Моя мама отправила меня на базар купить овощи и фрукты. 6. Для того, чтобы не заболеть, он надел пальто. 7. Мы отправились в кино, чтобы посмотреть интересный фильм. 8. Абай изучал русский язык, чтобы познакомиться с русской культурой, литературой и историей. 9. Берик позвонил, чтобы поговорить с тобой. 10. Я много работал, чтобы вовремя закончить работу.