Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне қарсы мағынада қолданылған сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқылы сыңарының баяндаушы:
1. Шартты райлы етістікке -да-де шылауы тіркесуі арқылы жасалады: Сонымен екеуінің себебі екі түрлі болса да, Стоян мен Николай беймәлім кісіні аңдуға кірісті (Т.Т.).
2. Өткен шақтағы есімшенің көмектес септігі түрі арқылы жасалады:Түн қараңғы болғанмен, разъездің іші жарық . (А. Ж.).
3. Есімшеге –ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Директорға мән үйреткенше, сен үйіңнің қасында тұрған тракторға ие болсаң етті. (С. М.).
4. Көсемше арқылы жасалады: Саяси сезімі әлі оянбаған Ботагөз олардың қашаннан таныс екендіктерін сөздерімен ести отыра, мән берген жоқ . (С. М.).
1-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңкыдан бағының-қыға каратып койылатын сүрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Баласы алтыға келгенде (қашан?), әкесі оны оқуға берді. «Когда ребенку исполнилось шесть лет, отец отправил его учиться».
1. Баласы алтыға келгенде, әкесі оны оқуға берді. 2. Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды. 3. Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді. 4. Сен келгенде, мен кітап оқып отыр едім. 5. Мен оқу бітіргенше, ағам зауытта жұмыс істеді. 6. Мен оқуды бітірген соң, ағам екеуміз ауылға барып жұмыс істейміз. 7. Ол шетелге кеткелі, екі жыл болды. 8. Сабақ біткен соң, бәріміз кино көруге кеттік. 9. Ол институтқа келгеннен кейін, қоңырау соғылды. 10. Біз театрға келгенде, концерт әлі басталмапты. 11. Мен дүкенге келген кезде, адам көп болды. 12. Сұрақтарға жауап берген соң, мәтінді оқы.
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Жаңбыр жауғанда, … . 2. Жаңа жыл келгенде, … . 3. Сәрсен ауылға кеткелі, … 4. Орта мектепті бітірген соң, … . 5. Сабақ басталғанша, … . 6. Біз кеткеннен кейін, … . 7. Жұмыс біткен соң, … . 8. Астанаға келген кезде, … . 9. Концерт басталғанша, … . 10. Күн жылынған соң, … . 11. Сені көрмегелі, … .
II. 1. …, студенттер үйлеріне кетеді. 2. …, сауда орталығына барамыз. 3. …, екі жыл өтті. 4. …, сендер осында отырыңдар. 5. …, қонақтар далаға шықты. 6. …, емтиханды жақсы тапсырды. 7. …, университетке түседі. 8. …, күн жылынды. 9. …, тамақ жасады. 10. …, адам көп екен.
4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Күн жылы болғанда, Сіз не істейсіз? 2. Тамақ піскен кезде, кім келді? 3. Кітап оқымағалы көп болды ма? 4. Сіз қашаннан бері қазақша түсінетін болдыңыз? 5. Қашанға шейін оқисыз? 6. Сабақ біткен соң, не істейсіз? 7. Алматыға келгеннен кейін, не істейсіз? 8. Күз келгенше, не істеуіңіз керек? 9. Мұғалім келген кезде, Сіз не істеп отырдыңыз? 10. Мектепті бітіргелі көп болды ма?
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. В то время, когда ты читаешь текст, Арман пишет предложение на доске. 2. Когда идет снег, дети радуются. 3. Когда мы были в лесу, пошел дождь. 4. Когда наступит лето, мы поедем в деревню. 5. Когда ты гуляешь, он обедает. 6. Когда Болат закончит среднюю школу, поступит в институт. 7. Когда наступила осень, листья на деревьях пожелтели. 8. Когда преподава-тель спрашивает, студенты отвечают. 9. Салтанат уже два года не была дома. 10. Когда я позвонил тебе, дома никого не было. 11. Пока не закончу работу, никуда не пойду.
2-жаттыгу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Күн салқын болғанмен (қайткенмен?), жатақхана жылы. – День хоть и холодный, но в общежитии тепло.
1. Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. 2. Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ. Бұл күні Құнанбай елінде, құнанбайлық құрымапты (М. Әуезов). 3. Оқу қиын болса да, өте жақсы оқитын студенттер көп. 4. Менің бойым өскенмен, ойым піскен жоқ (С. Мұқанов). 5. Туысқан бола тұра, екеуі «жат адамдар секілді. 6. Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді (С. Мұқанов). 7. Абайдың әкесі қатыгез болғанмен, шешесі қайырымды адам болатын. 8. Менің бос емес екенімді біле тұра, көмекке шақырасың. 9. Ол бұрын біздің үйде болғанмен, үйімізді әрең тапты. 10. Қымбат болса да, мына тонды ал. 11. Уақытың болмаса да, телефон соғып тұр.
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Ауа райы нашар бола тұрса да, …. 2. Күн батса да, …. 3. Ол үйіне қанша шақырса да, …. 4. Уақыты болғанмен, …. 5. Жұмыс оспарын жасағанмен, …. 6. Мені таныстырса да, …. 7. Бұл көйлек қымбат бола тұра, …. 8. Асықсаң да, …. 9. Ерте тұрғанмен, …. 10. Мен үйде отырғанмен, …. 11. Жаңбыр жауса да, ….
II. 1…, мен оның үйіне қонаққа бармадым. 2. …, біз оның үйіне
барып жүрміз. 3. …, жақсы оқиды. 4. …, соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. …, олар мектепке бармады. 6. …, емтиханды жақсы тапсырды. 7. …, емделіп шықты. 8. … , жиналысты бастадық. 9. …, ет піспеді. 10. …, жұмысты бітірді.
4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ақшасы бола тұра, Марат ештеме алмады ма? 2. Үйіме неше шақырсам да, неге келмейсің? 3. Күн суық болса да, далаға шықтың ба? 4. Шөлдесең де, су ішпейсің бе? 5. Кітапханада кітап көп бола тұра, ештеме таңдап алмадың ба? 6. Әжесі баяу жүрсе де, пойызға үлгіре ме? 7. Мына сағатты қымбат болса да, аласың ба? 8. Алматыда көп уақыт тұрсаңыз да, адасып қалдыңыз ба? 9. Ертең күн суық болса да, тауға барасыз ба? 10. Мектепті бітіргенмен, мектепке барып тұрасыз ба?
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Хоть у Наташи и был отпуск, она не отдохнула. 2. Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахски. 3. Хоть я и болею, но в поликлинику идти не хочу. 4. Хоть учитель и пожилой человек, но урок ведет интересно. 5. Хоть и холодно на улице, хоро¬шо. 6. Хоть у меня и есть время, но на почту я не пойду. 7. Хоть он и встал рано утром, на занятия опоздал. 8. Хоть он и хороший ученик, но ленивый. 9. Хоть у Мурата и были деньги, он ничего не купил. 10. Хоть мы и записали адрес, но найти их дом не смогли.