Себеп — салдар жэне түсіндірмелі салалас
Құрамындағы бөліктері бір-біріне себеп-салдар, түрткі-нәтижелі қатынаста келетін салаластардың түрін себеп-салдар деп атайды.
Мысалы: Әні ұзақка созылды. Жұрттың бәрі қорқа бастады: төрт тараудың біреуінен ғана алынған үзінді осынша болса, қалғаны қашан бітеді. (P. Ғ.). Басқа үйге жиналмай, Сегізбай үйіне жиналамыз, себебі мұнда көңілді отыруға толық жағдай бар. (Б. С).
Себеп-салаластар жалғаулықсыз да (бірінші мысал), жалғаулықты да (екінші мысал) болып кездесе береді.
Себеп-салдар салаластың басты-басты жалғаулықтары: өйткені, себебі, неге десең, сондықтан, сол себепті т. б.
Себеп-салдар салалас жалғаулықсыз байланысқанда, құрамындағы бөліктердің арасына қос нүкте қойылады. Алда жақсы кездесулер, сый-құрмет көп болар деген жақсы ой, жарқын үміт Шоқанды көп әлдилеген осындай тәтті ойлардың тербеуімен жол азабын, алыс-жақынын онша сезбеген (С. Бақб.).
Себеп-салдар салаластың бөліктері жалғаулық арқылы байланысса, жалғаулықтың алдына үтір қойылады. Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан жұрт соған таң қалды (Ғ. М.).
Түсіндірмелі салалас.
Құрамындағы бөліктердің біреуі басқаларының мазмұнын қамтитын не-месе кейінгі бөліктер алғашқы бөліктің, мазмұнын ашып тұратын салалас-тардың түрін түсіндірмелі салалас деп атайды. Мысалы: Майор бәсекелі атыстың шарттарын түсіндірді: тай тұяғындай бақыр жамбыны атып түсірген мергенге түлкі терісі, күміс жамбыны атып түсірген мергенге қасқыр терісі, алтын жамбыны атып түсіргенге құндыз берілуі керек екен (Ғ. М.).
Түсіндірмелі салаластың қүрамы әр түрлі болып келуі әбден мүмкін. Айталық, екі немесе бірнеше сыңарлардан тұрған салалас түрінде де, тіпті аралас құрмалас сөйлем тәрізді де кездесе береді. Дегенмен, бір немесе бірнеше бөліктегі айтылған ойды нақтылау, саралау немесе түсіндіру мазмұны байқалса, түсіндірмелі салалас деген мақұл.Мысалы: Бақтығұл бұл жылқыны басқа Қозыбақ, аулынікі деп ойлап келсе, енді олай емес, анық өзінің ауызға, ойға да алғаны қас дұшпаны, құныкері – Сәлменнің өз жылқысы болып шықты (М. Ә.).
Түсіндірмелі салалас басым көпшілігінде жалғаулықсыз қолданылады, тек сирек жағдайларда ғана түсіндірілуші бөлік сонша, сондай деген сөздерге аяқталып отырады.
Мысалы: Барақ, қуанғаны сонша – көшені басына көшіре күліп, бір-дің басын, екіншісінің аяғын айтып, әр нәрсені сөз қылып самбырлап келеді (С.М.) Түсіндірмелі сөйлемнің түсіндірілуші бөлігінен кейін (сон-дай, сонша, соншалық сөздері болмаса) қос нүкте қойылады: Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай, таған деймісің – бәрі де бар (Р. Г.). Түсіндірілуші бөлік сондай, сонша, соншалық, сондайлық тәрізді сөздерге аяқталса, олардан кейін сызықша қойылады: Бесбақсы желінің Тасарықтағы еңбектеген бала мен еңкейген кәріге дейін белгілі екені соншалық – ол туралы екінің бірі аңыз айтады (Қ. Қ.).
Жаттығулар жинағы
1-жатгығу. Көп нүкте қойылған жерге қандай жалғаулық керек екенін тауып, көшіріп жазыңыздар.
1. Үйдегі жұрт бізден бұрын шайға қанып алған сияқты… алдарына қойған шәшкелеріндегі суық шайға қолдарын созбайды (С. М.). 2. Барлық бәленің бәрі колхоздың ұсақтығынан. Енді ірілендіреді. Жақында жағдай жақсарады… Ілені жіберіп отыр (Ш. А.). 3. Сақманшы кемпір бір жолы қойларды қораға тал түсте айдап әкеліпті… Танабайға қолғабыс етем десе керек (Ш. А.). 4. Поэзия жігіттің бір осал жері болу керек… өлең туралы сөйлеген сайын көзі жайнап, шабыттана түсті (І.Е). Ойлап отырсаңыз, мынау Ұлы жеңіс — барша халықтың, яғни әрбір кеңес адамының жеңісі… кешегі жауынгер, бүгінгі еңбеккер аға-апаларымыздың жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді («Арулар отты жылдарда» жинағынан).
2-жаттығу. Мына жай сөйлемдерді біріктіріп, түсіндірмелі салалас етіп жазыңыздар.
1. Сәдірдің қосы деген төрт қараша үй. 2. Ат баптарлар, қысыр сауар-лар, бүркіт баптайтындар – бәрі осында (F. М.). 3. Барымташылар тобы әуелде үлкен қара топыр болып, бұлдырап қозғалақтап, арасындағы қы-лаңдары көпке дейін көрініс беріп барады. 4. Кейін ептеп-ептеп көз ұшы-нан жоғалып кетті. 5. Түн құшағына батты (М. Ә.). 6. Ернеудің бір айналма тұсында із екі айрылды. 7. Бірі ернеуді бойлап ілгері кетті. 8. Екіншісі тө-мен қарай түскен (С. М). 9. Ол екі балық, бір құшаққа жуық көк сарымсақ, бес француз нанын жеді. 10. Оларды нәшіне келтіріп, баппен шайнағаны сонша. 11. Қасында қас боп түрғандардың өздері тегіс таңданумен болды (И. Бун.). 12. Бағып жүрген сиырларым күнде кешке аман-сау ауылға келеді. 13. Есебінен сиырлар да жаңылмайды. 14. Мен де жаңылмаймын. Тарғыл аласы он жеті. 16. Қызыл шұбары он үш. 17. Қарасы тоғыз. 18. Құбақаны бесеу деген секілді, түр-түрімен есептеліп қойылған (Ғ. М.).
3-жаттығу. Түсіндірмелі салаластарды көшіріп жазып, соңғы жай сөй-лем алғашқысының құрамындағы қай сөздік мағынасымен байланысты тү-сіндірмелі қатынаста тұрғанын табыңдар да, сол сөздің астын сызыңыздар.
1. Екі салт атты кең өлкені тұтас жапқан жасыл егіннің тың даламен астасқан шетін жағалап келе жатты: біреуі – Байжан, біреуі – Самарқан. 2. Мал етінін асылдануы сондай – майы аузына салдырмайды. 3. Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі – жеміс отырғызу мәселесі, бірі – ағаш тілу мәселесі. 4. Бірінщі мәселе туралы көпшілік күтпеген бір жаңалық кеп шықты: жеміс отырғызатын бригаданы басқару ісін Тартоғайдағы балалар үйінің қызметкерлері алыпты. 5. Олардың сырт көріністері де балапан-дарға ұқсайды: бәрінде де сарғылт түсті шаңғылық костюм, бәрінің де басында жылы ақ берет. 6. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша – төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты. 7. Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау. (С. М.) 8. Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын. (Ә. Ә.)
4-жаттығу. Берілген салалас құрмаластарды (ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі) топтап жазыңыздар.
1. Жас әйелдер үй иесі әйелдің ассуына жәрдемдесті, өзгелері қонақтармен кеңеске кірісті. 2. Бүл жөнінде көп қызық мәліметтер жазуға болар еді, – оның бұл хатта қажеті жоқ қой деймін. 3. Ақан өрт болып жанған жүректен шыққан жалынды өлеңдер жазады, бірақ Жамал Ақан-ның жанын қайдан үға алсын? 4. Кім біледі, баға берген де шығар-ау, бірақ елуден асқан адаммен қалай өмірін қоса алсын? 5. Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей. Акын – от, лаулап жанар аспанға өрлей. (Мағжан Жұма-баев.) 6. Жанына батыра бірдеңе айтып салғысы келіп еді, – қапелімде аузына ондай ызғарлы сөз де түсе қоймады. 7. Сапардың сүйетін екі нәр-сесі барды: біріншісі – көгершін ұшыру да, екіншісі – көл бетінде қайық-пен жүзу болатын. (М. И.)
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, себеп-салдар салаласқа айналдырып жазыңыздар.
1. Ол ауданға жетуге асық, өйткені… 2. … себебі ауыл онша алыс емес еді. 3. Қойға енді біз иеміз, сондықтан … 4. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: … 5. … жаңа туған баланың атын Сәтжан қойды. 6. … өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. 7. … сондықтан шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. (С. Бегалин.)
6-жаттығу. Оқып шығып, себеп-салдар салаластардың қалай құрмаласып тұрғандығын ажыратыңыздар, содан соң көшіріп жазып, жалғаулық шылаулардың астын сызыңыздар.
І. Жаманшұбарлықтар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек. 2. Анновка мен Жаманшұбарда тамырлар коп болатын, сондықтан олардың қарым-қатынастары да коп болатын. 3. Жаманшұбар мен Достың болашақта гүлденетін бейнесі барлық көркем суретімен жарқырай қалды, бұл жайлаудың тыңы көтерілмеуге мүмкін емес. 4. Бұл екі жолмен де менің жүргім келмейді: олар Жаманшұбарға мені тым алыс орағытып апарады. 5. Небір масаның, небір шыбынның ызың еткен дыбысын естімейсің, олар онда жоқ. 6. Бұл араның жері үнемі дымқос боп жатады, шөбі еш уақытта тақырланып қалмайды. 7. Жалаңаш маңында жазда да, қыста да жөнді жел болмайды, ұйтқыған боран кездеспейді. 8. Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес, себебі ондаған көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі. (С. М.).
ІІ. Алматыда немесе сол сияқты күнгейлік өлкелерде алма жемісінің қадірі жоқ, өйткені ол көп те, арзан да. 2. Бұл бетте біз бөгелмек емеспіз: оны азды-көпті көрдік. 3. Біздің жерге егін шықпай қоймайды: біз агротехниканы ойдағыдай қолданамыз. 4. Ол кісінің өзін кенші деуге болады, себебі тастарадың тегін, түрін өте жақсы біледі. (А. Маш.)5.Не шөп, не егін жинаудың түк белгісі жоқ: бұл маңайда не шабылған, не үйілген егін, шөп жоқ. 6. Жеке бастың ісіне көпшіліктің ісін айырбастауға болмайды, сондықтан бұл пікірден қайтуыңды өтінемін. (С. М.)
7-жаттығу. Салаластарды түр-түріне (ыңғайлас, қарсылықты түсін-дір-мелі, себеп-салдар) ажыратыңыздар, әр түрін өз алдына топтап жазыңыздар.
1. Мен ағын судан қыс бойы күнелтіп жүрген тағы да екі түрлі кішкентай құсқа кездестім. Бұлардың бірі — үлкен кісінің бармағындай ғана. Мұның да құйрығы қайқы, мұның да жүні қара қоңыр. Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжептәуір судың иіріміне қойып келіп кетеді. 2. Арқа жүні будыраған жануар ұша алатын емес, бірақ қозғалысы ширақ. 3. Жиекқұм үстінде селтиіп жұдырықтай сұр тас тұр. А, тас емес, сұқсыр екен ол! Бұған оқ шығармауға да болады, өйткені келісті мамығы, не жөнді еті жоқ. 4. Ия, одан бері бірталай жылдар өтті, бірақ тосыннан кездескен қара сұр қыран менің есімнен шықпай қойған еді. 5. Құм қайрақ болып тапталып қалған жол қандай жақсы: машина бір қалыпты жедел сырғиды! (Ә. Көшімов.) 6. Сырдарияда дәуіт дейтін болады: түрі, қанаты шегірткеге ұқсайды, үлкендігі де шегірткедей, түсі көгілдір. 7. Кітап мені терең теңіздей тартып ала жөнелді. Айтылып жатқан оқиғаның жобасына түсіндім, өйткені оқиғасы өте қызық екен. Құмартуым сондай -бас ала алмадым. 8. Орақшылар жұмысқа күн көтеріле кірісті. Әдетте, оруды ең құрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан көпшілік бұл құрметін Сырбайға көрсетпек болды. (С. М.)
8-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар да, себебін түсіндіріңіздер.
1. Таңқыбай көруге де өзгеше жан бойы бейне он бес-он алты жасар бала жігіттің бойындай-ақ денесі де тап сондай талдырмаш толысып жетпеген бозбаланың денесі (X. Ес). 2. Сенен бір тілегім ат үсті асығыс қорытынды жасай көрме (М. К,ар). 3. Екеуінің шүғылданғандығы сондай ішке кірген кісіні аңғармады (Г.С). 4. Өмір оны тағы да жақсы адамдарға әкеп қосты мынау шахтер Жүсіп Жанбосынов, оның сүйікті әйелі Құралай, революцияға шейінгі тілектес Прохор Иванович Холмецкий, қырдың сұлу қызы Қаракөз бұлар қандай таза жанды адамдар дейсіз. 5. Қаракөз қателеспеген екен фельд-шер шын сенімді дос боларлық кісі екен (М. К,ар.). б.Сіздерге де айтарым сол сағат төртте осында келіңіздер. 7. Оның қорыққандығы сондай не айтып, не қойғанын білген жоқ. 8. Мен енді ғана аңғардым жолдың үстінде бұлар мініп келген өзіміз жел қайық деп атайтын «виллис» тұр екен. (Ә. Ә).
9-жаттығу. Себеп-салдарлы салаластарды тауып, құрамындағы сөйлемдердің байланысу жолына, себеп мәнді мен салдар мәнді сөйлемдерінің орналасу тәртібіне көңіл бөліңіздер.
1 Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шел, не қамыс жоқ. (С. М.). 2. Біз Бершанскаяны білмейтінбіз: ол – полкты қабылдау үшін басқа бір бөлімнен келген (X. Досп.). 3. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала, жүгірген ит-құс (Т. Мүст.). 4. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес (Б. М.). 5. Әскерден де осы кемтарлығынан босаған көрінеді, әйтпесе соғыста жүре береді екен (С. М.). 6. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз (Ә. Ә.). 7. Қайыққа байланысты мәселе әзірше осымен тынды да, әңгіме басқа жұмыс жайына ауды (М. И.). 8. Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, әңгіме желісін бұрып жіберді (3. Ш.).
10-жаттығу. Көп нүктенің орнына себеп-салдар мәнді жалғаулықтар-дың бірін қойып, одан кейін сөйлемдердің орнын ауыстырып көріңіздер, соған байланысты қандай өзгеріс болғандығын түсіндіріңіздер.
1. Төмендегі ориентирлер жақсы керінеді … самолет бағытын қиналмай-ақ біліп отырмын. (X. Досп.). 2. Олар менен ересектеу еді … әр нәрседен көмек беріп жүрді. 3. Қорытындысында директор алдында ұяла қойғаным жоқ … «өте жақсы» деген бағамен аттестат алып шықтым. 4. Жел шығыс жақтан соғып тұрған… зеңбірек даусы бізге естілмейді. 5. Мейрам контордан бірін таппады … бәрі жер астында екен (Ғ. Муст.). 6. Мезгіл кешкіріп кетті … амалсыз қонуға тура келді (С. М.). 7. Ахметшенің пәтерін Хакім бірден тапты … бұған қызыл нарлар себеп болды (X. Ес). 8. Мен жылқыға үйренген адам едім … фермаға кетіп барамын; сен танкіге үйренген адам едің … тракторға кетіп барасың (М. И.).
11-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 1. Кейін қайта алмаймыз өткел тосатын уақыт жоқ (X. Рахимов.). 2. Үйде көп бола алмадым әскери қызметке алып кетті. 3. Үйі жақын сондықтан бұлар көп сөйлесе алған жоқ. 4. Делегацияны бастап бару міндеті Саусақовка тапсырылды себебі Саусақов қазақ, орыс тілін жақсы біледі (М. Қар.). 5. Кейін соның бәріне де қуанасың өйткені болашақ сен секілді ашық жанды адал жандардікі. (Ә. Ә.) Уақыт та жақындап қалып еді келгенің жақсы болды. 7. Сырекеңді ала кетейік өйткені жер мөлшерін со кісі ғана жақсы біледі. 8. Оны Тәрбие тосырқап барып таныды. Самарқан екен. Алғаш тани алмауына Тәрбие айыпты да емес еді. Самарқанның бұрын қырып жүретін мұрты қияқтанып өсіп кетіпті. 9. Сұр жорға кешікпей табылды маңайлас разъездегі біреудің қорасында терлігі ерттеулі қалпында қалып қойыпты. 10. Айбаршаның бүгін аса көңілді жүруіне себеп Дәулеттен кеше хат алған екен. 11. Плащты масадан қорғану үшін киген болар одан масаның тұмсығы өтпейді (СМ.).