Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. (Ғ, С.) Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, – жұмыстан қолы тимеді. (Н. Ғабд.)
Алғашқы салаластың бірінші жай сөйлемінде әннің басылып қалғаны туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемінде гитара сазының тоқталмағандығы жайында ой айтылып, бір-біріне қарама-қарсы қатынаста тұр; бұл жай сөйлемдердегі ойдың қарама-қарсы мәнде айтылып тұрғандығын, бірақ деген жалғаулық шылаудың қатысуынан да аңғаруға болады. Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қарама-қарсы мәнде айтылған: бірінші жай сөйлемде істің жүзеге асуы туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемде оның орындалмай қалғандығы баяндалады.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді. Соған қарай қарсылықты салаласты жалғаулықсыз қарсылықты салалас және жалғау-лықты қарсылықты салалас деп екіге бөлеміз.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас екендігін, біріншіден, құрамын-дағы жай сөйлемдерінің бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылуынан біле-тін бол-сақ, екіншіден, баяндауыштарының қарсы мәндес сөздерден болып келетіні-нен немесе болымды, болымсыз тұлғалы болып келетінінен айырамыз.
Мысалы:
1. Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын. (Мақал.) 2. Күн жауып кетті, – оны елеген ешкім болған жоқ. (Ә. Ә.)
Жалғаулықты қарсылықты салалас бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қаты-суы арқылы жасалады. Бұл жалғаулықтар әрқашан да салалас сөйлемнің қарсылық мәнде айтылғанын көрсетеді және құрмаласқан жай сөйлем-дердің арасында қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрады.
Мысалы:
1. Каюткиннің жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. (А. Ф.) 2. Майдан жайындағы материал салынған сумкамнан басқа жүгім жоқ, дегенмен батпақта жаяу жүрген адамның денесі өзіне ауыр жүк екені белгілі. (Ә. Ә.). 3. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. (М. Г.)
Жаттығулар жинағы.
1-жатгығу. Қарсылықты салалас сөйлемдерді оқып шығып, іргелес байланысқандарын бір бөлек, жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан-дарын бір бөлек топтап жазыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызып, қарсылық мағынаны білдірудегі баяндауыштарының қатысын түсіндіріңіз-дер.
1. Мұзданып жатқан қыртыстың тереңдігі метрге жақын екен. Қол сүйменмен ондай тоңды ою оңай да болған жоқ, дегенмен ойдық. 2. Жел саябырлаған сияқты, – екпіні әлі де қатты. 3. Жау қолында бар құралдың бәрін де жұмсайды, сонда да қорғанған батыр ғана беріспейді. 4. Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек, табу керек. 5. Жау Лиманның жағасын бұзып өтуге тырысады, – оңай болып па ол? (С. М.) 6. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді. (Ғ. М.)
2-жаттығу. Берілген сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас қайсысы ыңғайлас салалас екенін ажыратып, мағынасына қарай жеке-жеке топтап жазыңыздар, әрбір салаластың жасалу жолын түсіндіріңіздер.
1. Бұл ел Мүқитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті, (Р. С.) 2. Кабинетінің кілті Естайдың қалтасында екен, сонымен ол есігін ашты. 3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, – машина бара алмайды екен. 4. Айбарша ол жолы да Мәскеуге түнде жеткен еді, бірақ ол жолы Мәскеудің маңы да, өзі де мұндай емес-ті. 5. Оған қалай жетуді мен әлі ойланған да жоқпын және оған менің ақылым да жете қоймас. (С. М.) 6. Үстін шаң басқан үлкен трактордың қызуы әлі басылған жоқ, ыстық леп бетке соғады. 7. Тракторың аман, бірақ жанар майың бітуге жақын екен.
3-жатгығу. Берілген сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас қайсысы ыңғайлас салалас екенін ажыратып, мағынасына қарай жеке-жеке топтап жазыңыздар, әрбір салаластың жасалу жолын түсіндіріңіздер. 1. Итбайға мен айтып едім, енді сіз айтыңыз. (Ғ.Мұст.)2. Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін (А. Лек.). 3. Мінген атының мінезі шәлкестеу еді]және түйеден үркетін еді (С. М.) 4. Үзеңгіге аяғы да тиді, жас жігіттей қарғып та кетті (f. М,). 8 Жауынгерлік сапарға біз бірнеше күннен бері әзірленгенбіз, алайда ұшар алдындағы соңғы сағат соншалық қиын екен(Х. Досп). 9. Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,- үйқым келмеді (А. Лек) 10. Жүзінде қайғы да жоқ, касірет те жоқ, – қорқыныш қана бар (F. М.). 11. Председательдің айтуынша, жүз-он үйлі колхоздың қарамағында 70-80 мың гектардай жер бар, бірақ соның көпшілігі мал оты ғана; егіндік жер өте аз және ара-тұра таулардың бұлақты бауларында ғана бес-он гектардан ойдым-ойдым боп қана кездеседі (С. М.)
4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.
1 Әлібек тамағын кенеп қойды әйел онда да мойны бұрмады (X. Ес.)., 2. Ол ауыр еңбек еді бірақ біз әрбір тапсырманы жан аямай орындап жүрдік. (Т.Досп.). З.Сейіт пен Жамал елес берген белгісіз бейне жаққа үңіле-үңіле қарасып еді еш нәрсе көре қойған жоқ.(Райым). 4.Деев пен Жұмабай Қарсыбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душар бола қойған жоқ әйткенмен өлердей шаршап келіп жетті. 5. Көктем алыс еді бірақ Деевтің көңілінде ол жақындап қалған сияқты. 6. Тың тыңдап едім жаңбырдың тысырынан басқа ешқандай дыбыс білінбеді. 7. Кеше кешке жақын баласы мен келініне бір үлкен ұсыныс айтып еді оған Күнтуар да көнген жоқ (Ә. Ә).
5-жаттығу. Қарсылықты салаластарды тауып, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгілері мен жалғаулық қойып жазыңыздар. 1. Студент тағы да оның бет-жүзіне таңырқай қарап … тұра беруге аяз шыдатар емес (И. Бун). 2.Өзінің жастығына қарамастан, өмірден алған тәжірибесі көп және кімнің кім екендігін кісінің түрінен тани кететін «сиқыры» да бар еді … берілген жауынгерлік тапсырманы орындауға келгенде өте байсалды еді (Ғ. М.). 3. Бұлар тағы біраз жерді шолып шықты… ешкімді де кездестіре алмады (М. F.). 4. Басқалары білместіктен істесін… Досқа не жорық (Ә. Н.). 5. Онда мен «романтиканы» бір дүлей қорқыныш деген мағынада ғана аңғаратынмын… Жарқын ағайдың «романтикалық қызығы» менің алғашқы түсінігіме қабыспай, қарсы келіп жатыр (Ә. С). 6. Аты үркіп жалт ете қалды да, Базарды жерге жалп еткізді… ұзын шынжыр арқанды үзіп кете алмай, ат осқырынып тұрып қалды (А. Т.).
6-жаттығу. Мына жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыздар.
1 .Көктем келді. Күн әлі суық.
2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен.
З. Ернар киноға кетті. Билет болған жоқ.
4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың .
5. Қар жауып түр. Күн суық емес .
б. Жолдасым ауырып қалды. Дәрігерді шақыртпады.
7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады.
8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын.
9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес .
10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.