Атаулы сөйлем

Атаулы сөйлем
Кейбір жай сөйлемдерде іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат-құбылыстың, мезгілдің, мекеннің, атауын ғана білдіреді.
Мысалы: Түн. Қыс. Боран. Ыш-қынған долы дауыл. Қопарып үшырғандай Кавказ тауын.(С.М:) Егер атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлеммен білдіргіңіз келсе, былайша болар еді:
Қыстыгүні түнде боран болды.Долы дауыл ышқына соқты. — Бүл сөйлемдер атауды емес, оқиға жайында баяндауды білдіреді.
Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды. (мезгіл, мекен т. б) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады.Мысалы: Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр. (Н.Ғабд.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар(Н. Ғабд.). Түн орталаған шақ.. Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр (Т.Н)
Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр-түрлі заттың атын білдіреді. Маусым. Құлпыраған дала гүлдерінің жұпар иісі мұрын жарып, кеудені ашады.(З.Ш.). Құба жо.Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан бұрғылау ісі қызып жатыр.(3. Қабд.)
Жаттығулар жинағы.
1-жаттығу. Жақты сөйлемдерді табыңдар.
Леня, мені танимысың?
Өзіне әкелік мейірмен қарап тұрған бейтаныс кісіге ол да бар назарын аударып еді. Жүзін шырамытатын сияқты. Бірақ кім болғаны, қай жерде кездестіргені есіне түспей тұр.
Леня сонау ¥лы Отан соғысы кезіндегі жайларды, Эстония жерінде, Каунас бағытында болған оқиғаны есіңе түсіріп көрші.
Картаузов бейтаныс адамның қалынан үстай алды. Сіз сондағы Миша ағай емессіз бе?
Иә, Леня, таныдың. Сондағы Миша ағайың менмін.
Михаил Сергеевич, мен сізді қалай ұмытамын? Мені тура келген ажал аузынан жұлып алған сіз емессіз бе? Ол қатты толқып Михаил Сергеевичті қүшақтай алды.(«Армысың, ардақты адам»)
2-жаттығу. Берілген сөздерді бастауыш етіп төмендегі сызба бойынша жақты сөйлем құрастырыңдар.
Сіздер, әркім, бұл, өзім, екеуіміз, аспан, Нұрәлі, келгендер.
Бастауыш — Баяндауыш
— етістік
— сын есім
— зат есім
— сан есім
3-жаттығу. Оқып шығып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолмен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.
1. Досанның тауға қайтадан барғысы келді. (Б.Соқп.) 2. Бізге уақытты ұту керек. (Х.Ес.) 3. Жәрдемшіге хабар айтуға болады. 4. Терең судан үзеңгімізді қайырып өтуге тура келді. 5. Туыстарына жетудің сәті түсе қалды. 6. Командирге тіл қайыруға болмайды. 7. Бұл сөзді Сырбайдың әрі қарай созғысы келмеді.(С.М.) 8. Меніңше, Молдабаев жолдастың осы тілегін қуаттау керек (Т.А.) 9. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. (М.И.) 10. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды. 11. Абайдың да ішек — сілесі қатып еді.(М.Ә.)
4-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемнің жақты және жақсыз екендігін ажыратыңдар.
— Уа, бауырым, амансың ба? Бірден тани кеттім. Рамазан Елебаев екен. Құшақтаса көрісіп жатырмыз. Сол жереде мен оны Балтабек пен Данилов-қа таныстырдым. Бұл жігіт — белгілі композитор. Сіз әскер қызметіне ша-қыры лудан босатылғандардың қатарындасыз. Маған ондай жеңілдіктің қажеті жоқ. Денім сау. Жап-жас жігітпін. Өз қатарымнан қалғым келмейді. Мені панфиловшылар дивизиясына жіберуіңізді өтінемін.Одан басқа дивизияға барғыңыз келмей ме? Маған кеңес әкерінің бәрі бірдей. Фашис-терді қырғым келеді? -Жақсы. Өтінішіңізді военкомға айтайын. Ертең келіңіз. (М.Ғабд.)
5-жаттығу. Оқып шығып, жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер де, себебін түсіндіріңдер.
Әнсары тысқа шықты. Аспан ашық. Күн жадырай жайнап тұр. Ауа жел-сіз. Тек қана шымыр салқын бар. Әнсары кешікпей колхоз басқармасының үйіне келіп кірді. Ұзын бойлы, ат жақты сары жігіт бір қағазға бірдемені жа-зып жатыр.
— Баяндама дайын ба?
— Осы бітірген бойым. Көруіңізге болады. Әнсары оқи бастады. Кей жеріне қызыл қарындашпен белгі соға отырды. Қай жерін толықтыру керек екені туралы пікір айта бастады.
— Сөйлемді сауатты құрастыруға көңіл бөлген жон. Әр сөйлемде пікір, ой жатсын. Ал мынада шұбалаңқы бос сөздер көп. Жөндеңіз. Содан кейін тағы көремін. (С.Алд.)
6-жаттығу. Мәтінмен танысып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жазыңдар.
Олар орманға қарай жөнелді. Біз бақылау пунктіне бара жатырмыз. Зор денелі біреу окоптың ішінде дүрбімен алдыңғы жақты шолды. Оның қасында қысық көзді біреу телефонмен бірдеңені былдырлап айтып жатыр. (Б. М.)
7-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.
Сынып іші тына қалған еді. Біз барамыз. Дауыстар шығып кетті. Мен қолдаймын. Біз құрамыз. Оқушылар қарай қалып еді. Ол бұғып қалды. Мен қорықпаймын. Кімдер барады? («Дала дауылпаздарынан»)
8-жаттығу. Оқып шығып толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңдар. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңдар.
Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады. Аудан орта-лығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Қандай алаңсыз еді, шіркін! Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз. Әжем бие саууға шығады. Небәрі екі биеміз бар.
Жайлауды қақ тіліп, кішкене өзен ағады. Содан балық аулаймыз. Суына шомыламыз(Ө.К.)
Жақсы білетін бір шопаның бар ма? Бар ғой.
Кім еді ол?
Балғабай.
— Қай Балғабай?
— Оспанов.
— Кәдімгі Социалистік Еңбек Ері Балғабай Оспановты айтып тұрмысың? Оны жақсы білемісің?
Иә, білем. Жаз жайлауын, күз күзеуін, қыс қыстауын көргем. Ойбай-ay, очерк жазып берсеңші сол кісі туралы!
Ендеше Балғанбайдың өз аузынан айтылған сырды тыңда. («Дала дауылпаздарынан»)
9-жаттығу. Көшіріп жазып, толымсыз сөйлемді (ішіне тиісті мүшені көрсете отырып) толымды сөйлемге айналдырыңдар.
Жөндеу шеберханасының сырт көрінісі жақсы. [ ] жаңа үлгі жобасымен салынған. [ ] цехтары да дұрыс жабдықталыпты. Бірақ шеберхананың ішінен аяқ алып жүру қиын. [ ] Жайрап жатқан сайман. [ ] Жұмыс орнының эстетикасын сақтамайды екенсіздер.
Жақияның директор болғанына бір жылдан асып барады. [ ] Бұрын совхоздың бас инженері болатын. Жас жігітке бұл ескерту оңай соққан жоқ. [ ] Құлағына дейін қызарып кетті. [ ] Комбайн жөнделіп жатқан алаңға келді.
— Сіздерде егін орағы басталған ба?
— [ ] Басталды.[ ] Екінші бөлімшенің арпасын орып жатырмыз.
— Онда қанша комбайн жүр?
— [ ] Он бір [ ] .(«Армысың, ардақты адам»)
10-жаттығу. Берілген сөйлемдерді жақты жэне жақсыз, жалаң және жайылма, толымды және толымсыз түрлеріне талдаңдар.
Үлгі: Біз көпір жанында аттан түстік. (Б.М.)
Таңдау: Бұл-жақты сөйлем, біз-бастауыш; жайылма сөйлем, мекен пысықтауыш (көпір жанында) пен жанама толықтауыш (аттан) қатысып тұр; толымды сөйлемде, айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан, әрі дербес айтуға болады, сонда бұл сөйлем-жақты, жайылма, толымды.
Ол төсегінен аунап кете жаздады. Бұны байқаған дәрігер ақырын ғана тыныштандырда сөйледі.
Сізге қатты қозғалуға болмайды. Әлі біраз күн емделесіз. Поезд зулап келеді. Есейдің көңілі одан да жүрдек. Биыл шабындықтың қалың боларын ағасы хатында жазып еді. Мынау дала келбеті де соны танытады қырдың таза ауасында денсаулығын әлі де бекіндіріп алғысы келді (Т.Т.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *