Етіс категориясы. Өздік жэне өзгелік етіс
Етістер — етістіктің бір түрі. Етіс іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын анықтайды. Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз.
Өздік етіс іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайды, қимыл, іс-әрекет іс иесінің өзіне бағытталады. Өздік етіс -н, -ын, -ін жұрнақтары арқылы жасалады. Ол жұрнақ сөз соңындағы дауысты дыбыстан соң -н (таран, сұран), дауыссыз дыбыстан соң -ын,-ін (көрін, жасырын) түрінде жалғанады.
Таң атқанша тарандық, Түніменен түйіндік. Таң ағарып атқан соң, Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет)
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің иесі, яғни субъект емес, екінші бір басқа субъект қимылдың иесі арқылы істелетінін білдіреді. Жұрнақтары:
1. -дыр, -дір, -тыр,-тір, -ыр, -ір: алдыр, тіктір;
2. -ғыз, -гіз, -қыз,-кіз: жүргіз, соққыз; жазғыз, өткіз;
3. -т: жасат, оқыт.
Мысалы: Ол баласына хат жаздырды. Мұғалім оқушыға айтқызды деген сөйлемдерде жазу, айту қимылы ойдың субъектісі ол , мүғалім дегендердің тікелей іс-әрекеттері емес, екінші бір субъект баласы, оқушы арқылы іске асып отыр. Кейде бір етістік түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы жалғана береді: оқы-т-қыз, қаздыр-т-қыз.
Жаттығулар жинағы:
№1. Мына сөйлемдерді оқыңдар. Орыс тіліне аударыңдар. Айырма-шылығын айтыңдар.
Серік диванға жатты. — Баланы төсекке жатқызды.
Әкем кітап жазды. — Мұғалім бізге жаттығуды жазғызды.
Қалаға әрең жеттім. — Хатты тез арада жеткіздім.
Мына орындыққа отыр. — Әжені төрге отырғыз.
Сіз сабағыма қатысыңыз. — Балаларды ойынға қатыстырыңыз.
Жерді қаз. — Жерді ініңе қаздыр.
Тез киін. — Қызыңды тез киіндір.
Біз сені екі сағат күттік. — Сен мені күттіріп қойдың ғой!
Мен ұйықтадым. — Баланы ұйықтаттым.
Біз далада ойнадық. — Кішкентай баланы ойнаттық.
Тісіңді тазала. — Бөлмесін өзіне тазалат.
Балалар қарға қуанды. — Әсем әке-шешесін қатты қуантты.
№2. Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтары дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Кеше бізде қазақ тілі сабағы болды. Мұғаліміміз өте білімді адам.Ол бізді қазақша сөйлетеді. Кеше бізді жаңа тақырыппен таныстырды, тақы-рып бойынша жаңа сөздерді үйретті, сөздердің мағынасын түсіндірді. Са-бақта бізге көп жұмыс істетті, мәтінді оқытты, мәтінге сұрақтар қойғызды, сұрақ-тарға жауап бергізді, жаттығуларды орындатты. Сергейге мәтінді қазақша оқытып, орыс тіліне аудартты.Машаға тақтаға сөйлемдерді жазғы-зып, синтаксистік талдау жасатты.Сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөй-лесуге арнады. Магнитафоннан бізге өте қызықты әңгіме тыңдатты.Сол әңгімені бізге баяндап айтқызды, содан кейін қысқаша мазмұндама жазғызды.
Мұғаліміміз дыбыстарды,сөздерді,сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді өзімізге тапқызтып, түзетті, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызды.Сабақтың аяғында үй тапсырмасын берді.Сабағымызды әдеттегідей өте қызықты өткіздік.
№3. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сізге мына жаттығуды кім орындатты? 2. Мұғаліміңіз жаңа тақырыпты түсіндірді ме? 3. Студенттерге не істетті? 4. Кітапханадан жаңа оқулық алғызды ма? 5. Сабақтан кейін жолдасыңыз кіммен таныстырды? 6. Сіздер не ұйымдастырып жүрсіздер? 7. Жолдасыңыз туған күніне кімді шақыртты? 8.Бөлмені кімге жинатты? 9.Тамақты кімге пісіртті? 10. Кірді кімге үтіктетті?11. Шаңды кімге сүрткізді? 12. Еденді кімге сыпырттыңыз? 13. Сіз кеше қонақта кімді кездестірдіңіз. 14. Үйге кімді кіргізді? 15.Бәріңізді кім күлдірді? 16. Ата-анасы баласын үйлендірді ме? 17. Үй иесі қонақтарына не жегізді? 18.Енесі шайды кімге құйғызды? 19. Талғат тісін жұлдырды ма? 20.Шешесі баласын қашан ұйықтатты? 21. Баланы кім жылатты?
№4. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Карим позволил ее купить шубу. 3. Гости попросили меня сыграть на домбре. 4. Мы заставили ребенка спеть. 5. Он попросил меня нарисовать портрет. 6. Ученики попросили рассказать учителя о поездке зарубеж. 7. Меруерт заставила меня съесть плов. 8. Мы заставили выпить Санию лекарство. 9. Мы доставили письмо в деревню. 10. Родители поженили сына. 11. Отец попросил сына прочесть сына статью. 12. Мы встретили Жомарта на выставке. 13. Познакомь меня со своей соседкой. 14. Одень ребенка и выведи его на улицу. 15. Кого ты впустил в дом? 16. Бабушка попросила внучку налить чай. 17. Учитель дал студентам написать сочинение. 18. Ты заставил мен ждать тебя 2 часа. 19. Усыпи ребенка. 20. Я заказала сшить себе красивое вечернее платье.
№5. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар. Орыс тіліне аударыңдар.
Ора, көр, сез, жасыр, қара, сыла, тазала, сүрт, ки, сал, гүлде, бу, біл, байла, арқала, күй, түй.
№6. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Ай, қарт Қожақ! Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың. Омырауы жұпарлы, он саусағы қыналы анаң сүйінді! Қабағы тастай түйілген, жеңсіз берен киінген, елінің тыныштығы үшін егемен күн кешкен әкең сүйінді! Қызыл-жасыл киініп, беліңді қынап-буынып, қызыл балықтай асыр салдың жиын-тойда ақ балтырың түрініп, өзіңнен жарты мүшел үлкен жігітпен балуанға түстің. Ағайын-туғаның сүйінді!
№7. Өлеңді оқып, өздік етістерінің қалай жасалғанын түсіндіріңдер. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Жау қарасы көрінді, Кезенген Таң ағарып атқан соң,
жауға кез келдік … Тебінгі теріс тағынбай,
Ер төсектен безінбей,
Жиылған әскер бүлінді… Төңірек жаққа қарандық.
Темір қазық жастанбай,
Түніменен түйіндік Қанды көбе киініп,
Ұлы төске ұрынбай, Қу толағай бастанбай,
Таң атқанша тарандық, Бір Аллаға сыйынып,
Түн қатып жүріп түс кашпай, Ерлердің ісі бітір ме?!
(Махамбет.)
№8. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап, орыс тіліне аударыңдар.
Көбей, ойлан, оқы, өсір, жуын, айқайла, ал, өшір, құтқар, жина, жап, түсір, сын, күй, от, ақта, апар, әкел, жет, күл, бас, ойна, жаз, айт.
№9. Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
1. Ызғарлы аяз жан иесінің бәрін жауратып, жүдей тарттырып, жылы жайды іздеттіргендей. Қалың қар жүрісіне бөгет болып, қозғалысын өндір-мейді. өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы қатып, қажыған жолы осы еді. Ұлжан Абай мен Ерболға бір-бір кесе қымыз ішкізді де, өзі ертіп барып қонақ үйге жатқызып, үстерін жауып қойды. (М.Әуезов.) 2. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық. Домбыра алды-рып, Әбдірахман ән салды. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Мынау – Медеу деген батырағың. Әркімге бір оқыттырып, орысша-қазақша хат танытып келем. (Б.Майлин.) №10. Берілген өзгелік етістерді пайдаланып, сөз тіркес-терін құраңдар.
Айтқыз. Түсірт. Көрсеткіз. Оқыттыр. Алдырт. Өсірт. Асырт. Жинаттыр. Тазалатқыз. Өндірткіз.