Темір жол тарихы
Темір жолдың пайда болуына дейін жер бетінде тек су және арба көлік транспорты ғана болған. Темір жолдың экономикалық қатынастардың дамуына титізетін әсері сөзсіз. Арзан, әрі жедел жеткізетін, ыңғайлы көліктің пайда болуы адамдардың бір-бірімен қатынасып тұруын жиілетті. Адам баласының ой-өрісі сапар шетудің, алыс елдер мен хатықтардың тұрмысын көрудің арқасында өсіп, байи түсті. Темір жолдар сауданың дамуына, шикізаттың, басқа да өнеркәсіп тауарларының таралуына қолайлы жағдай туғызды, адамдардың өмір суруі барған сайын жақсара түсті, мұның бәрі, сайып келгенде, ірі капиталдың дамуына кең мүмкіндік ашты.
Алғашқы жақсы бастамалар XIX ғасырдың бас кезінде болды. Темір рельстер салынып, бұл әдіс кейін барлық жерлерде жаппай қолданыла бастады. Енді осы жолдар арқылы салмағы бес – алты есе ауыр жүктерді тасмалдай беругеболатын мүмкіндік туды. Стефенсон темір жол көлігінің негізін қалаған алғашқы ағылшын өнертапқышы 1814 жылы өзінің алғашқы паравозын жасап шығарды. Паравоздың көптеген үлгілерн ұсынды, оның ішінде «Ракета» да бар болатын (1829).
1825 жылдың қыркүйегінде Дарлинттон – Стоктон бағыты бойынша алғашқы қоғамдық теміржолын салды. Тек Теорт Стефенсон ғана паравоздың әкесі деген атаққа лайық. 1830 жылдың қыркүйегінде Ливерпуль Манчестер темір жолы ашылды. Темір жол көлігінің өркендеуінде жүк таратар күштің жоқтығы бөтет болып тұрған еді. Стефенсонның паравозы 6 аттың күшіне тең, сағатына 6 шақырымжылдамдықпен 30,5 тоннаның жүгін алып жүре алатын. Адам баласының «темір» ат болса деген атам заманнан келе жатқан арманын механиктер — әкелі – балалы Черепановтар жүзете асырды. 1834 жылы олар Нижний Татильдегі Демидов зауытында алғашқы орыс паровозын жасады.
Он тоғызыншы ғасырдың 60-шы жылдарында қазақ халқының әлеуметтік – экономикалық өмірінде және оның орыс және басқа ұлттармен мәдени байланыс орнатуында, аймақтың жалпы дамуында үлкен маңызға ие болды.
Қазақстандағы ең алғашқы теміржол желісі Каспий теңізі мен Арал теңізін Үстірт арқылы қосу жобасы тіпті, XIX ғасырдың 50-ші жылдарында-ақ пайда болған. XIX ғасырдың 70-ші жылдарында Қазақстан теміржол құрлысы саласындағы 1877 жылы қаңтарында іске қосылған Самар – Орынбор (уақытша Чакалов) жолы жалғыз қомақты нәтиже болды. Теміржол құрлысының аумағын кеңейтуді талап еткен Орта Азия және Қазақстан шикізат көздері мен тұтыну нарығын иелену қажеттігі туды. Бұл Түркістан және Сібірді рельс арқылы қосу жобасымен түсіндіріледі.
Қазақстандағы теміржол жүйесінің алғашқы құрылысы 1893 жылы басталған еді. Бұл ұзындығы 369 шақырымдық Покровская Слобода – Орал тар табанды жүйесі болатын. Оның 13-і Қазақстан территориясымен өтетін. Бұл теміржол торабының құрылысы Батыс Қазақстаннан ауылшаруашылық жүктерін көп, әрі жылдам жіберуге мүмкіндік туғызды. атап өтуге болады.