Аралас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Демек, аралас кұрмаластың құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады да, оның біреуі бағыныңқы, оның баяндауышы тиянақсыз болып, қалған екеуінің баяндауышы тиянақты болады. Сонда жай сөйлемдердің өзара байланысы бағынынқы-басыңқы — басыңқы (схемасы — ) немесе басыңқы — бағыныңқы — басыңқы (схемасы: — —) болуы мүмкін. Сөйтіп, (бағыныңқы сөйлем аралас құрмаластың кұрамында сөйлемнің басында да, сөйлемнің ортасында да қолданыла береді. Аралас құрмалас кейде үш қана жай сөйлемнен емес, одан да көп жай сөйлемнен құрылуы мүмкін. Ондайда бір я екі сөйлем бағыныңқы болады да, екі я үш сөйлем басыңқы болады. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап –сықтап жалынып еді, — Михаил оған жұдырығын түйді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *