ҚОЛХАТ
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.