АНЫҚТАМА

АНЫҚТАМА

Анықтама – белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілген анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2
Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарымдық мерзімі жазылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *