Қазақ мәдениетін қалыптастыру
ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақтардың басым көпшілігі көшпелі ғұмыр кешті. Олар бір жаратушы құдайға, яғни Аллаға сенді. Көшпелі қазақтардың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтары арасында жоғары әділдікке, өмір күшіне сену, сәттілік және даналық көзі ретінде аспан нұрына «құт-берекеге» сенушілік басты орын алды. Қазақ жұртшылығының шаруашылық өмірінде көшпелі мал шаруашылығы шешуші роль атқарып, оның бүкіл тыныс-тіршілігінің ең басты негізі болып табылды. Көшпелі мал шаруашылығы қазақтар үшін тек тамақ асыраудың ең басты жолы болып қана қоймай, олардың барлық материалдық және рухани құндылықтарын анықтайтын факторға айналды. Көшпелі әлемнің басты ерекшеліктерінің бірі – бүкіл қоғамға әскери сипаттың тән болуы. Әрбір көшпелі — туа біткен жауынгер, құралайды көзден атқан мерген, аттың құлағында ойнаған шабандоз болғандықтан, көшпелілердің орасан зор армияларының болуы ешкімді де таңдандырмаған. Көшпелілер кез-келген уақытта ер адамдарды өз араларынан шаруашылықтан босатып, әскер қатарына жіберіп отырған. Кәмелетке толған әрбір жасөспірім дайындалған жауынгер болды. Бұған жас ұрпақты мақсатты тәрбиелеу жүйесі, әскери жаттығулар, әскери-спорттық жарыстар, жалпы көпшілік болып жабыла аң аулау, әскери қимылдарға үнемі қатысу игі әсер етті. Діни сенім-нанымдарда, көркемсурет және зергерлік өнердегі «Аң стилінде», халық ауыз әдебиетіңің батырлар жырларында әскери өнерді мадақтау айқын көрініс тапты. Қолданбалы өнерде, ең әуелі қару-жарақты әсемдеуге ерекше көңіл бөлінді. Қазақтың ежелгі замандарда қалыптасқан ауыз әдебиетінде, ертегілер мен батырлар жырларында «толарсақтан саз кешіп» ел қорғаған батырлардың ерлік істері мадақталып, халайыққа үлгі етілді. Сонау ноғайлы заманынан, ғасырлар қойнауынан келіп жеткен бұл жырлардың кейіпкерлері Ер Тарғын, Ер Қосай, Қарасай-Қазы, Орақ-Мамай, Алпамыс, қарақыпшақ Қобыландылар көшпелі халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған, оны сыртқы жаулардан қасықтай қаны қалғанша қорғаған қас батырлар еді. Көшпенділер мәдениетінің өз нысандары болды. Ол нысандар көшпенділердің өздерін қоршаған ортаға, әлемге, өмір салтына деген философиялық көзқарастарынан туындады. Әлем мен тұрмыс философиясы бір-бірінен бөлектендірілмей, бірлестіре қарастырылды. Әрбір нәрсенің, заттың өз мәні, мағынасы, философиялық анықтамасы болды. Қазақтар тұрмысынан адам мен космос арасындағы байланыс анық көрініс тапты. Адам мен Космостың бірлігі өмір бастамасымен, бабалармен байланыстың көрінісі ретінде санаға сіңірілді. Қазақтардың осындай ұғымдарымен аға буынды сыйлау және бабалар рухына табыну байланысты болып табылады. Сондықтан ғасырлар бойы қазақтар арасында «Жеті ата» ұғымы, «үш жұрт» ұғымы, жалпы бір ру адамдарының бір-біріне деген ыстық ықыласы, қажет болған жағдайда бір-біріне көмектесуге дайын тұруы берік қалыптасты. Өздерінің балаларына, ет-жақын адамдарына туысқандық сезімін көшпенді қазақтар «айналайын» деген сөзбен жеткізді. «Айналайын»сөзі – «өзіңнен айналдым», «Өзіме сенің ауруларыңды қабылдадым» деген мағынаны білдірді. Аспан мен Жердің арасында өмір сүрген көшпенділер табиғаттың шын мәнісіндегі перзенттері болып, табиғатпен етене араласып өмір сүрді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ертегілері мен аңыздарында көшпенділер өздерін «аспанның адамы» етіп көрсетті. Көшпенділер арасында берік қалыптасқан Аспан мен Жердің үйлесімдігі идеясын кезінде Ш.Уәлиханов жазды.
Көшпенді қазақ өмірінде ер жігітке тән жүректілік, батырлық, қайсарлық, өжеттік т.б. қасиеттер ерекше қастерленіп, ондай қасиеттерге ие адамдар ал арасында «қаһарман», «мәрт», «азамат» атанды. «Қазақ» еген атаудың өзі «нағыз», «қас» деген мағынадан туындаған болуы керек. Көшпенді қазақтардың өркениетке қосқан зор үлесі – олардың ХІ ғасырдан бастап қолданған киіз үйлері. Қазақтардың киіз үйінің құрылысы көптеген нысандық роль атқарған, Шеңбер формалы киіз үй — Әлем мен Космос арасындағы байланысты бейнелеген. Қазақтар мәдениетіне тұрмыстың төртмәнділік жүйесі тән болған:
• айдың төрт жолы,
• дүниенің төрт бағыты,
• төрт зілзала.
Қазақ қоғамының шаруашылығы, тұрмыс-салты адамдар арасында демократиялық қарым-қатынастардың берік орнығуына ықпал еткенін атап өткен жөн. Көшпелі мал шаруашылығы және оған байланысты көшпенділік өмір қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тілі жөнінен біртұтастығын қамтамасыз етуге жағдай жасады. Өйткені қысы-жазы төрт түлік малға жайлы қоныс іздеп шарқ ұрып көшіп-қонып жүрген қазақтарға ағайындық, туысқандық қатынастардың берік орнығуы игі нәтижелерге қол жеткізді. Тек осындай ынтымақтық пен туысқандықтың, сондай-ақ басқа түскен қиындықтарды бірге көтерудің арқасында көшпенді қазақтар табиғаттың тылсым күштеріне төтеп бере алды. Төрт түлік мал ішінен қазақтар жылқы малын ерекше қастерлеген. Қазақ жылқылары аудандарына қарай адай, батыс қазақстандық, жетісулік және найман жылқысы болып бөлінді. Жылқыларды қазақтар сыртқы пішініне, жүрісіне, қасиетіне қарай «қазанат», «жорға», «жабы» деп бөлген. Батырлар мінетін жылқы малына халық «арғымақ», «тұлпар», «сәйгүлік» тәрізді ат беріп, ерекше қастерлеген. Қазақ өзінің әлеуметтік тұрмысын төрт түлік малсыз – жылқы, түйе, қой және сиырсыз көз алдына елестете алмаған. Сондықтан қазақ амандасқанда, ең әуелі «Мал-жаның ама ба?» деп сұрайтын болған. Оның мәнісі: қазақ үшін мал жай ғана мал емес, бүкіл тіршілігінің көзі, мал болмаса, оның күні қараң, малсыз ол өмір сүре алмайды, сондықтан да қазақ малды әрқашан өз өміріндегі құндылықтар арасында бірінші кезекке қоятын болған. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан түсінігінше төрт түлік мал дүниенің төрт бағытын: жоғары-төменді, оң мен солды бейнеленген. Төрт түлік малдың ең қасиеттісі болып жылқы саналған. Ол жоғары дүниенің нысанын, даналық әлемін, бабалар әлемін бейнелеген. Қазақтардың осынау түсінігі бала туу, үйлену және жерлеу дәстүрлерінен айқын көрініс тапты. Ат – ақыл-ойдың нысаны, жоғары әлем нысаны, сондықтан ол адамды о дүниеге кетерде бірге шығарып салуы қажет деп санап, жылқыны иесімен бірге жерлейтін болған. Сый-сияпат, кәделі жерлерде, құдалық-қонақтықтарда халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Жылқы: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, кулық, бесті бие, ат сәурік, айғыр деп ажыратылады. Көшпенділер түйе малын өсіруге де ерекше мән берген. Ол түсінікті де. Түйе — өте көнбіс, күшті жануар. Көшпенділер қоныстанған Еуразияның орасан зор кеңістігін алып жатқан шөл және шөлейтті аймақтарда бір аптаға дейін су ішпей, қомына орасан ауыр жүкті артып алып, мыңқ етпей жүре беретін түйеден басқа жануарды іздеп табу қиын. Ал, оның дәмі тілдің ұшын иіретін, хош иісті, көп ауруға шипа болатын, тоқтығы, тамақтығы керемет шұбатын қайда қоясыз? Қазақстанның солтүстігі мен шығысынан басқа аймақтарында түйенің екі түрі – қос өркешті (бактриян) және бір өркешті түйе өсірілді. Түйе малы жасына және жынысына қарай, бота, тайлақ, буыршын, науша, інген, атан, бура деп, қасиетіне қарай, мая, желмая, нар, аруана, жампоз, қоспақ, үлек, т.б. болып бөлінеді. Қой: қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, саулық, қошқар болып; ешкі: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке болып жіктеледі. Сиыр жасына қарай былай аталады: бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа. Халық ұғымы бойынша әрбір малдың өз иесі болған, мысалы түйенің иесі, пірі Ойсылқара, жылқының пірі Қамбар ата, сиырдың пірі Зеңгі баба, қойдың пірі Шопан ата, ешкінің пірі Шекшек ата аталған. Бұл түсініктер мен аңыздар бізге ғасырлар қойнауынан, сонау көне түркілер заманынан, одан кейін ноғайлы кезеңінен келіп жеткен деуге негіз бар. Олай дейтініміз, Қазақстан мәдениетінің «аспан астындағы мұражайы», 362 әулиенің отаны саналатын Маңқыстау өңірінен табылған қорымдық-қауымдық тас ескеткіштер арасынан төрт түлік мал пірлерінің тас мүсіндерін де, тасқа ойылып, қашалып салынған суреттерін де көптеп кездестіреміз. Олардың арғысы ХІ ғасырдың, бергісі ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың туындылары. Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген көшпенділер мал өнімдерін тұрмыстық салада молынан қолданды. Жылқы сүйегін өңдеп қобди сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған мал жүнінен мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ, тақта жасады. Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыды, түйе жүнінен шекпен, кеудеше, шұлық тоқылды. Сөйтіп, көшпелілер өз тұрмысына мал баласын ерекше қастерлеп, оның басын көбейтуге, қамқорлап-бағуға барынша күш-жігерлерін салып отырды.
Жануарлар нысандары. Қазақ өзінің әлеуметтік тұрмысын төрт түлік малсыз: жылқы, түйе, қой және сиырсыз көз алдына елестете алмаған. Сондықтанда қазақ амандасқанда, ең әуелі « мал-жан аман ба?» деп сұрайтын болған. Оның мәнісі: қазақ үшін мал жай ғана ал емес, бүкіл тіршілігінің көзі, мал болмаса, оны күні қараң, малсыз ол өмір сүре алмайды, сондықтан да қазақ малды әрқашан өз өміріндегі құндылықтар арасында бірінші кезекке қоятын болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының түсінігінше төрт түлік мал дүниенің төрт бағытын, адамның төрт мінезін, төрт бағыттары: жоғары- төменді, оң мен солды бейнелеген. Төрт түлік малдың ең қасиеттісі болып жылқы саналған. Ол жоғары дүниенің нысанын, даналық әлемін, бабалар әлемін бейнелеген. Қазақтардың осынау түсінігі бала туу, үйлену, жерлеу дәстүрлерінен айқын көрініс тапты. Ат- ақыл-ойдың нысаны, жо,ары әлем нысаны, сондықтан ол о дүниеге кетерде бірге шығарып салуы қажет деп санап, жылқыны иесімен бірге жерлейтін болған. Сый- сыяпат, кәделі жерлерде , құдалықтарда халық ер- азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Жылқы, құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, құлық, бесті бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратылады. Көшпенділер түйе малын өсіруге да ерекше мән берген. Ол түсінікті де. Түйе- өте көнбіс, мықты жануар. Көшпенділер қоныстанған Еуразияның орасан зор кеңістігін алып жатқан шөл және шөлейтті аймақтарда бір аптаға дейін су ішпей, қомына орасан ауыр жүкті артып алып, мыңқ етпей жүре беретін түйеден басқа жануарды іздеп табу қиын. Ал оның дәмі тілдің ұшын иіретін, хош иісті, шипа болатын, тоқтығы, тамақтығы керемет шұбатын қайда қоясыз? Қазақстанның солтүстігі мен шығысынан басқа аймақтарында түйенің екі түрі- қос өркешті (бактриян) және бір өркешті түйе өсіріледі. Түйе малы жасына және жынысына қарай бота, тайлақ, буыршын, науша, інген, атан, бура деп, қасиетіне қарай мая, желмая, нар, аруана, жампоз, қоспақ, үлек т.б. болып бөлінеді. Қой қозы , марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, саулық, қошқар болып; ешкі лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке болып жіктеледі. Сиыр жасына қарай былай аталады: бұзау,баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа. Халық ұғымы бойынша әрбір малдың өз иесі болған, мысалы, түйенің иесі, пірі- Ойсылқара, жылқының пірі- Қамбар ата, сиырдың пірі- Зеңгі баба, қойдың пірі- Шопан ата, ешкінің пірі- Шекшек ата аталған. Бұл түсініктер мен аңыздар бізге ғасырлар қойнауынан, сонау көне түріктер заманынан, одан кейін ноғайлы кезеңінен келіп жеткен деуге негіз бар. Олай дейтінімі, Қазақстан мәдениетінің « аспан астындағы мұражайы», әулиенің отаны саналатын Маңғыстау өңірінен табылған қорымдық- қауымдық тас ескерткіштер арасынан төрт түлік мал түрлерінің тас мүсіндерін де, тасқа ойылып, қашалып салынған суреттерін де көптеп кездестіреміз. Олардың арғысы XI ғасырдың, бергісі XVIII-XIX ғасырдың туындылары. Мал шаруашылығының қыр- сырын жете меңгерген көшпенділер мал өнімдерін тұрмыстық салада молынан қолданды. Жылқы сүйегін өңдеп, қобди сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған мал жүнінен мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ, тақта жасады. Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыды, түйе жүнінен шекпен, кеудеше, шұлық тоқылды. Сөйтіп, көшпелілер өз тұрмысында мал баласын ерекше қастерлеп, оның басын көбейтуге, қамқорлап- бағуға барынша күш- жігерлерін салып отырды. Көшпелілер өмірі және тұрмысының өз мәні мен сәні болды. Олар көктеуге, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу сәттерін асыға күтетін болған. Себебі көшпелілер көбіне шағын ауыл-ауыл, ру-ру болып томаға-тұйық өмір кешкен. Ал көшіп- қонудың нәтижесінде оларға бір-бірімен көрісудің, амандасудың сәті түсті, көбіне жылап көрісетін болған. Мүмкін қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі- қонақжайлығының сыры да осымен байланысты болар. Өмірлерінің көп бөлігін табиғат- анамен, төрт түлік малмен бірге өткізген қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын ұлы суреткер Абай өзінің атақты «Жаз» атты өлеңінде былай суреттеген.
Қазақ оюлары нысандар ретінде. Қазақ халқының асыл мұрасы, үлкен өнерінің бір түрі- қолөнер туындылары. Қолөнер бұйымдарын жасауда шеберлер артына көптеген мұра қалдырып кеткен. Халық таланттары қол- өнер жұмыстарына биік талғаммен қарап, қолданылатын орнына қарай өзіндік нақыштарын дәлме-дәл таба білген.
Ою тарихы- адамзат тарихы, адамның қоршаған ортаны тануына, сана- сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына үлкен үлес қосатын өмірмен өзектес. Ою- нағыз шежіре. Ғасырлар бойы ата- бабамыздың тарихын шашау шығармай, бүгінге дейін жеткізген өнерінің бірден- бір куәсі. Кейінгі ұрпақ осы оюлар арқылы мыңдаған жылдар желісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет- ғұрпын мәдениетін, кәсібін, оның бастан кешкен барша қайғы -мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар дәуір мен гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын және жан-жануарлар дүниесін танып біледі. Сондықтан да ою өнеріне жай кездейсоқтықтан туған нәрсе деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру- борышымыз. Өйткені, бүгінгі өнердің бастау бұлағы сол өнерден сусындап, содан нәр алып отыр емес пе? Қазақ халқының арасында дамыған қолөнер салалары- киіз басу, тоқыма тоқу, күнделікті тұрмыста басты орын алады. Ою-өрнекті киіз басу, әсіресе, ерекше ұлттық өрнектермен тоқылған алаша, сырмақтар, қолдорба, қоржындар жасау жоғары дәрежеге жетті. Қазақтың ұлттық қолөнер туындылары көрнекті бұйымдары кең-байтақ қазақ даласынан әрі асып, тіпті шетелдерге де әйгілі болды. Ұлттық оюдың адам баласына тигізер үлкен әсері бар. Ол адам ойын бір жүйеге икелтіреді, сондай-ақ жүйке қызметін реттеп, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Қандай ою-өрнек болмасын кездейсоқ жасалынбайды, сол себепті де оған шығармашылық туынды ретінде қарау қажет. Ою-өрнекте адамның ой-арманы мен қиялы тоғысып жатады. Мысалы, халық шеберлерінің қолынан шыққан қолдорбаға назар аударыңызшы. Жіті қараған адам дөңгелек,ілгек, төрт құбыла, үшбұрыш пішіндер мен таңбаларды көрер еді. Енді сол таңбалардың мәніне тоқталайық. Дөңгелек, бұл адам баласының әлем ғылымы ұғымынан туған, әлем кеңестігінен алынған ай, күн, жер негізі. Ежелден қазақ халқы айға, жерге табынғаны мәлім. Мысалы, «ескі ай есірке, жаға ай жарылқа». Шеңбер (дөңгелек)- үзілмес бағыт, мәңгіліктің нысаны. Шеңбер арқылы ата-бабаларымыз ұрпағының үзілмес мәңгілікке жалғасатынына сенді және солай болып та келеді. Қазақ оюындағы ілгекке ұқсас белгі- «өмір жолы». Адам баласы дүниеге келгеннен кейін дөңге де шығады, ойға да түседі. Мұның өзі адам баласының өмірі ешуақытта тақтайдай жазық емес екендігін айна- қатесіз дәлелдейді. Ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай « бұл дүние- бір күн базар, бір күн мазар». Ою- өрнектерінде квадраттық (шаршылық), төртбұрыштық элементтер көп кездеседі. Оның да мәні бар. Төрт құбыла — дүниенің төрт бұрышы. Атам қазақ дүниенің қай бұрышында жүрсе де, амандық тілеумен өткен. Ал үшбұрыш (тұмар) ұғымына келсек, жер үсті аспан болса, онда үш бұрышымыз аспан, жер, су белгісіне келетін сияқты. «Аспаның ашық болсын, суың таза болсын, денсаулығың мықты болсын» деген тілеулер қазақта көп айтылады. Осындай деректерге сүйене отырып, ұлттық ою- өрнегіміздің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін жас ұрпаққа ұғындыра білу, халқымыздың төл өнерін насихаттау- ұлттық парызымыз. Атбегілік және құсбегелік- көшпенділер тәжірибесі. Көшпенділер өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, олардың арасында малды емдеудің шеберлері мен жүйрік аттарды әр түрлі жарыстарға, бәйгелерге дайындайтын атбегілер өсіп жетілген. Әсіресе, атбегілер халық арасында үлкен беделге, сенімге ие болып, бүкіл елдің, тайпаның, рудың абыройын ақтайтын, сәйгүліктерді жарыстарға ерінбей- жалықпай, алдын ала, үлкен шеберлікпен дайындайтын болған. Бұл жөнінде көркем әдебиетте бірқатар мысалдар баршылық. Мысалы, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында XIX ғасырдың аяғында Ереймен өңірінде өткен Сағынай байдың асы туралы, осы асқа Қазақстаннан және көршілес елдерден келген атышулы тұлпарлар мен оларды дайындаған атбегілер жөнінде тамаша суреттелген.
Көшпелілер өркениетінің тағы бір құндылығы- аңшылық және құсбегілік. Ең алдымен, аңшылық-саятшылық көшпелілер үшін күнкөріс, тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген; сондай -ақ ол әскери жаттығудың, шынығып- шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Ел ішіндегі ит жүгіртіп, құс салған, қақпан-тұзақ құрып, тор жайған жалғыз-жарым аңшылықты айтпағанда, көшпелілер арасында бүкіл ру- тайпа болып қотарыла көтерілетін, сөйтіп байтақ өңірді қаумаласа сүзетін аңшылық дәстүрлері болған. Мұндай жойқын аңшылықтың із- сорабы, белгі-айғағы ретінде Үстірт үстіндегі «Құпия сызық» деп жүрген әйгілі қалта ауыз ұра қазбаларды, кезінде Шоқан Уалиханов таңдана жазған, күні бүгінге дейін ізі сайрап жатқан Іле өзені мен Тарбағатай арасындағы ұраны да айтуға болады. Қазақ аңшылары өзінің тәлім-тәрбиесінің арқасында аңшылық-саяхатшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан -жануарлардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесін шын мәнісіндегі әрі өнер, әрі терең біліктілік десе де болғандай. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі- бүркітпен аң аулау, бүркір ұстап саятшы болу, аңшылққа ден қою. Бүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренгішін атаған. Сонымен бірге қайратына сай қырандылығы, жүректілігі, қиырдағыны тез байқағыш, сезгіштігі де өзге құстарға қарағанда бүркіттің ерекше қасиетін көрсетеді. Қазақ құсбегілері ұстаған бүркіттердің «Алтайдың ақиығы», «Қарағайдың қызыл балық сарысы» немесе «Қанішер қара», «Түменнің сары құсы» деп аталуы да бүркіттің ерекшелігіне қарай қалыптасқан ұғым. Қазақ құсбегілері қолындағы құстың мекен-жайына, мінезіне, әлді-әлсіздігіне, алғырлығына, сырт бітіміне қарай ат қояды. Мәселен, «Ақшегір», «Күйшіл», «Күн табан», « Шүңірек», «Кекшіл», «Садақ сан», «Ақиық», «Қанды балық», «Шәулі», «Сарсүмбі», т.б. Қазақ құсбегілері бүркіт атын жасымен да атайды. Бір жас- балапан құс, екі жас- түбіт, үш жас- тірнек, төрт жас- тастүлек, бес жас- мұзбалық, алты жас- көктүбіт, жеті жас-қана, сегіз жас- жаңа, тоғыз жас- майтүбіт, он жас- барқын, он бір жас- баршын, он екі жас- шөгел, осылайша он бес жас, жиырма жасқа дейін атала береді. Дұрыс бауланып, жақсы бап көрген бүркіт түлкі, қарсақ, қоян алады. Ал, кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі. Арқа құсбегілері ителгіге қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңқар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректңгң үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қыранның алғырлығы үшін қызығады. Лашын кекті де қомағай құс. Сонымен қатар, қазақтар аң және құс аулау үшін жыртқыш құстар арасынан сұңқарды, тұйғынды, тұрымтайды қолға үйретіп, пайдаланған. Қорыта айтқанда, көшпенділердің өмірінде өзге халықтар үлгі тұтатындай көптеген құндылықтар болған. Оларды қысқаша жүйелейтін болса: материалдық мәдениет құрамына кіретін киіз үйлері, көркем қолөнері, ас-суы, шаруашылығы мен аңшылық, құсбегілік тәжірибелері. Рухани мәдениетін құрайтын құндылықтар арасынан әдет-ғұрыптарын, салт- дәстүрлерін, ерекше қонақжайлылығын, халықтың ауыз әдебиеті мен музыка өнерін атауға болады деп есептеймін.