Қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?
Мақсаты:
1. Бүгінгі ұрпақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін біліп тануына жағдай жасау, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу.
Көрнекілік:
1. Нақыл сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.
2. Шарлар, магнитафон, ұлттық киімдер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Аудиторияны даярлау.
2. Командалармен танысу.
3. Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Кіріспе бөлім:
Күй ойнап тұрады.
1 жүргізуші: — Құрметті қонақтар! Сіздер бүгінгі «Сен қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?» атты ойын-сайысына келіп отырсыздар.
2 жүргізуші: — Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа Бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
1 жүргізуші: — Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
2 жүргізуші: — Ал енді бүгінгі сайысқа қатысатын командаларды қошеметтеп, құрметтеп ортаға шақырайық. (командалар шығады, 3 команданы таныстырады)
1 – «Жігер» командасы, 2 – «Намыс» командасы, 3 – «Қыран» командасы. Қошеметтеп, құрметтеп қол соғайық.
1 жүргізуші: — Қазақ халқының дәстүрлерін қалай жақсы білетіндерін байқаймыз. Оны біз конкурс, викторина, сайыс ретінде өткіземіз. Ал бастайық.
2 жүргізуші: — 1- конкурс: «Кім жылдам» викторинасы. Бұл конкурста командалар қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Жауабы дайын команда жалаушаны көтеріп, жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?
2. Қазақтың ойын түрлерін атап беріңдер.
3. Ұлттық тағамдарды атап беріңдер.
4. Ұлттық киімдердің түрлін білесіңдер ме?
5. Қазақтардың туыстық атауларын атап беріңдер.
6. Наурыз көже қалай жасалады? Тағамның қандай түрлері қосылады?
7. Сүттен жасалатын тағамдардың түрі қандай?
8. Қазақша ай аттарын атаңдар.
9. Қазақтан шыққан космонавттар кімдер?
1 жүргізуші: — Жарайсыңдар! Енді келесі конкурс – «Сөздің көркі — мақал» деп аталады. Мақал-мәтелдер сайысы. Қай команда ең көп мақал-мәтелдерді айтса, сол команда жеңіске жетеді.
2 жүргізуші: — Келесі конкурс – «Поэзия минуттары». Бұл конкурста командалар ән айтады, мәнерлеп өлең оқиды.
1 жүргізуші: — Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыстық салт-дәстүрлер, әлеуметтік салт-дәстүрлер болып үшке бөлінеді.
2 жүргізуші: — Шілдехана – жаңа туған нәресте құрметіне жасалған той. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші! Сүйінші» деп келеді.
1 жүргізуші: — Бесікке салу – халқымыз үшін елеулі дәстүр. Тағы да осындай сияқты салт-дәстүрлер көп.
2 жүргізуші: — Енді біздің сайыскерлеріміз салт-дәстүрлерді қалай білетіндерін байқаймыз.
1 жүргізуші: — Төртінші конкурсқа кезек келді – «Салт-дәстүрді көрсету». Командалар ортаға шығып, салт-дәстүрді көрсету керек.
(1 – «Тұсау кесер», 2-«Бесікке салу», 3-«Қыз ұзату»).
Командаларға дайындалуға біраз уақыт берейік, музыкалық үзіліс.
Ән орындалады.
2 жүргізуші: — Ал енді ойын – сайысын өткізейік. Командалар «Арқан тартыс» ойынына қатысады.
Командалар ортаға шығып арқан тартады.
1 жүргізуші: — Бесінші конкурс – «Ат қою». Бұл сайысқа әр команданың капитандары қатысады. Ортаға шығып, ұл мен қыздардың аттарын атайды. Алдымен екі команданың капитандары ортаға шығып, жарысады, олар ұлдардың аттарын атайды. Содан кейін жеңіп алған капитан үшінші команданың капитанымен жарысады, олар қыздардың аттарын атайды.
2 жүргізуші: — Алтыншы конкурс – «Күш сынасу». Алдымен екі команда жарысады, бұл конкурста жеңіске жеткен команда үшінші командамен жарысады.
Музыкалық үзіліс. Ән орындалады.
1 жүргізуші: — Қазақ халқының қол өнері де дәстүрге жатады. Қазақ халқының ою-өрнектерінің мәні терең. Ал енді біздің сайыскерлеріміздің қол өнерін көрейік.
2 жүргізуші: — Жетінші конкурс – «Кім шебер» деп аталады. Командалар бір парақ қағазда өз шеберлерін көрсету керек. Ою-өрнектің суретін салу, немесе қағаздан құрақ көрпе жасау керек. Ол команданың өз ойылары, тапқырлығы, шеберлігіне байланысты. Біраз уақыт берейік.
Музыкалық үзіліс. Ән орындалады.
1 жүргізуші: — Ал келесі кезек «Ат үстінен түсіру» деген конкурсқа келді. Сайыскерлеріміз бір бірін арқалап (ат үстінде отырған сияқты) қарсыласын ат үстінен түсіру керек.
2 жүргізуші: — Жарайсыңдар! Осымен біздің конкурстар аяқталды, енді әділ қазыларға сөз берейік.
(Әділ қазылар конкурстың нәтижесін шығарып, жеңіске жеткен команданы атайды. Жүргізушілер командаларды құттықтап, сыйлық пен грамота береді).
Соңы.