Сыралғы байлау

Ертеде ата – бабаларымыз серілік құрғандағы сегіз қырының бірі аңшылық, бүркітшілік, құсбегілік болатын. Олар атқа мініп, тазы ертіп, қақпан құрып, аңға шыққанда жол – жөнекей кездескен жан аман – саулық сұрасқан соң, «Уа, қанжығаң қандалды ма?» — дейді. «Әлей болсын, шүкір, бұйырғаны бар ғой», — деп жауап береді. «Ендеше сыралғы байла», — дегенге, «Байладым», — деп олжалаған түлкі, қасқыр, құс, қоян т.б. беріп кетеді. Міне, бұл да жігіттің жомарттығының бір қыры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *