Менің туған жерім – кең байтақ Қазақстан. Біз бұрын Ресейге бағынып келдік. Ал қазір жеке егеменді ел болдық. Өзіміздің ән ұранымызда шықты. Бұрын біздің туымыз қызыл болатын, ал қазір – көк. Мұнай, мыс, қорғасын, алтын, тас көмір, тұз тағы басқа асыл қазыналарға менің елім бай. Әсіресе, қазақстанның алтын астығын айтсаңшы. Асқар – асқар таулары мен ну орман тоғайлары, күміс көлдері мен күркіреген өзендерін қатты ұнатамын. Мен өзімнің егеменді елімді, туған жерімді алтын бесігімдей сүйемін. Күні ертең соны көркейтуге білек түріп атсалысамыз.