Жалқаулық пен қиыншылық адамдарға тигізер зияндары туралы бір келісімге келе алмай, Бақытқа келіп жолықты.
— Неге келдіңдер? – деді Бақыт оларға.
— Біздің келген себебіміз, мына қиыншылық айтады, менің адамдарға зияным жоқ, сенің ғана зияның бар, — дейді.
— Ол дұрыс айтады, — деді Бақыт, — өйткені сен Жалқаулық үнемі зиян әкелесің. Қиыншылық та үнемі зиян әкеледі, бірақ арты пайдаға айналады.
— Қалайша? – деді Жалқаулық.
— Қиыншылық көрген адам еңбектеніп, сол қиыншылықтан шығу жолдарын іздейді.Қиыншылық адамның жолын уақытша бөгейді, ал сен оның жолын үнемі бөгейсің, — деп Бақыт жауабые аяқтады.