Ақша жоқ дейсің.
Алтыға шыққан Алтынайдың анасы – кассир. Балабақшадан қалып қойған күндері оны мекемесіне ертіп барып жүретін. Бір күні ол мекеме қызметкерлеріне ақша таратты. Алтынай оған жақтырмай қарап отырады. Үйге қайтып келе жатып анасы қызынан:
— Неге көңілсізсің? — деп сұрады.
— Үйде ақша жоқ дейсің. Ақшаның бәрін жұртқа таратып бересің, — деп қызы аузын бұртитты.
Анасы Сәуле қаршадай қызының сөзіне ағынан жарыла күлді.