Шәрипа Әлжанов

Шәрипа Әлжанов (1901 – 1938). Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры С.Әлжанов Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Жасынан пысық, еті тірі, білімгі құштар, әрі алғыр Шәрипа сауатын ауыл мектебінен ашады. Есейген сошң әскер қатарына алынып, Алтай губерниясында аз ұлттар жастарынан құралған әскери жасаққа жіберіледі.
Ш.Әлжанов 1927 ж Мәскеудегі Жоғары әскери курсқа қабылданып, 1932 жұлттар ағңарту ғылыми — зерттеу институтының педагогика ғылымы саласындағы аспирантурасын бітіреді. 1932 жылдан бастап, Абай атындағы қазақ педагогика институтында әуелі доцент, кейіннен профессор болып ұстаздық етеді. Оқытушылық іспен қоса, 1933- 1937 жылдары Қазақстан Оқу халық комиссарияты жанынан тұңғыш ашылаған педагогика ғылымдарыын зертеу институтының директоры қызметін атқарады.
Ш.Әлжанов педагогиканың теориясы мен тарихына, сондай –ақ педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғылыми ұсыныстар жасап отырды.
Педагог ғаолым педагогика тарихында да бірнеше еңбектер жазды. Бұлардың қатарына әлемдік педагогика ғылымының классигі Я.А.Коменский, сондай –ақ қазақ ойшыл – ақыны А.Құнанбаев туралы жазған мақалаларын жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *