Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады

3. Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып , балалардың өлең-жырға деген ықыласын , бейімділігін арттырады.
Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін , әрі еңбекке тәрбиелеп , дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.

Қуыр-қуыр қуырмаш ,
Бидай қуыр , қуырмаш .
Тауықтарға тары шаш
Бас бармақ ,
Балан үйркек,
Ортан терек ,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек ,—

деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап , жүдырыққа түиеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп іске жұмсап , балдырғанның жұдырығын жазады :

Сен тұр — қойыңа бар !
Сен тұр – жылқыңа бар !
Сен тұр — түйеңе бар !
Сен тұр — сиырыңа бар !
деп , төрт саусақты түлік малға жұмсайды да, ең кішкене саусақты жалқау , жатып ішер деп :

Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйде жат!-
дейді де, оны жатқызып қойып , ойыншы қол бойынан қызық іздейді.

Мына жерде қант бар ,
Мына жерде жент бар ,
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар !-
деп қытықтап , балдырғанды еріксіз күлдіреді .
Кім керек сиақты қалмақ өлеңді .Ақсерек , көк серек . ойыны үшін шығарылған :

Ақ серек пен көк серек
Шауып алдым бәйтерек .
Бізге сұлу қыз керек ,
Қыз ішінде сіз керек !
Бізге күшті ер керек !
Өзіңе керек — Еркөқбек !


Ойындағы жеке ойыншылардың бейнелік ерекшеліктеріне қарай балалар бұл өлеңді құбылтып , әрлендіріп , әртүрлі етіп айта береді.
Ұшты – ұшты ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып , оны да бірнеше түрлендіріп айтып , ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре біледі:
-Ұшты – ұшты , сұңқар ұшты!
— Ұшты – ұшты , тұлпар ұшты !
— Ұшты – ұшты , қарға ұшты !
— Ұшты -ұшты , арба ұшты !
-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !
-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !
— Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !
— Ұшты — ұшты , қауын ұшты !
— Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !
— Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !
— Ұшты –ұшты , қыран ұшты !
— Ұшты –ұшты, жылан ұшты !
— Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !
— Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !
— Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !
— Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *