АС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #7

  1. Аш қадірін тоқ білмес,
    Ауру қадірін сау білмес.
  2. Ашаршылық көрмеген,
    Ас қадірін білмейді.
    Жаяушылық көрмеген,
    Ат қадірін білмейді.
  3. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
    Қара қайыста соққан жүйенің дағы кетпес.
  4. Ашта жеген құйқаның тоқта ұмытпа.
  5. Ашыққан қарын тойынар,
    Ашылған етек жабылар.
  6. Аш тамағын-тыныш құлағым.
  7. Ашқан қарын тоймастай,
    Тойған қарын ашпастай.
  8. Аштық ас талғатпайды,
    Ғашықтық жас талғатпайды.
  9. Ашыққан ұры болады,
    Ашынған тілді болады.
  10. Аштан өлгеннен,
    Жарылып өлген абзал.
  11. Аштың ақылы астан әрі аспайды.
  12. Ашқа тартқан кешке тартады.
  13. Аш көп жер,ашулы көп сөйлер.
  14. Адасқанға жұлдыз айдай,
    Қарны ашқанға көже майдай.
  15. Ашқа қазан астырма,
    Тоңғанға от жақтырма.
  16. Ашты қусаң да құмалақ шықпас.
  17. Аз асқа жасауыл болма,
    Көп асқа бөгеуіл болма.
  18. Аз ет,көп ниет.
  19. Азаңына келмеймін,
    Қазыңына келемін.
  20. Аз асты аяған көп астан құр қалар.
  21. Аз қайғыны ас басады,
    Көп қайғыны дос басады.
  22. Айға жетпес асыңды ауылдстан аяма.
  23. Астық жоқ жылы тіленше қыстайды.
  24. Асыңа тойғызбасаң да,
    Ақ ниетіңе тойғыз.
  25. Ат-адамның қанаты,
    Ас-адамның қуаты.
  26. Аш атасын танымас.
  27. Ақ қар болса,ақ нан көп.
  28. Аса диқан ішінде ас жатады,
    Аса жалқау күнде аш жатады.
  29. Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
  30. Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
  31. Аштың ақылы болмас,
    Тоқтың қайғысы болмас.
  32. Әр астың өз орны бар.
  33. «Бал татыған балық сорпасын ішпейтін басым,
    Қоңырсыған қой сорпасына зар болдым-ау!»
  34. Бал тәтті болғанымен,елдің бәрі жей бермейді.
  35. Берместің асы піспес,
    Қазаны оттан түспес.
  36. Безбетке қасық берсең,
    Бір кезекте бес алар.
  37. Біреуге баспана керек,
    Біреуге асхана керек.
  38. Бір түйір бидай көз көрім дерге апарады.
  39. Бұйырған асқа тіс тиер,
    Жас тимесе қыс тиер.
  40. Басқаның палауынан
    Өзіңнің көмекшің артық.
  41. Быламық бетінен суиды
    Көже түбінен суиды.
  42. Бұйырған ас тіс сындырп кіреді.
  43. Бұйырғанға тіс тиер,
    Бұйырмағанға іш күйер.
  44. Дастарқан достың басын қосады,
    Сыпырғы боқтың басын қосады.
  45. Дайын асты телміртпе.
  46. Диірмен кезегінен қалған
    Бір күн аш қалады.
  47. Жайқалып тұрған егін дәннен айырылса сабан.
  48. Жазғы етте жасық жоқ,
    Қымыз аста қасық жоқ.
  49. Жан денеге қонақ,
    Денені демеген тамақ.
  50. Жат асыңа қарамайды,
    Дос басыңа қарамайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *