Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалар

Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалар.
Тарихи –педагогикалық әдебиеттерде «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшылық төрт тұрғыдан қарастырып жүр . олардың біріншілер халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса ,екіншілері әрі халықтың педагогикалық тәжірибесі , ал үшіншілері халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі , төртіншілері халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды .
Халықпедагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп , ал «дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады .
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып , «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптады .
Г. Н. Волков тұңғыш рет « этнопедагогика» деген ұғымды енгізді .
«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым . Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді… Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде ,ырымдарында , балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков (16,16).
Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филоновтың анықтамасы бойынша: Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұоар ұрпақтан –ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжрибенің , мінез –құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің қоғамдық дәстүрлердің белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: “Халық педагогикасы дегеніміз –ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау прцесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбисі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру ”- деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К. Конның басшылығымен 1983 ж. Педагогика баспасынан шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез –құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Ал дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайдак кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне прцесс. Ол м ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге атанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс- әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет.
Философия ғылымының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің «әдет-ғұрып , дәстұр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде (73) әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына , атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер кіреді »- дейді.
Екіншіден дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылаиын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ао ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр –тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәннің болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға эмпристік көзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным сенімнің елесі екенін жасыруға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *