Қыс қызығы

Астана қаласы,Есіл ауданы ЖШС «ДУВЦ Алпамыс»
балабақшасының тәрбиешісі
Курманбаева Назгүл Сарналиевна


Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».
Білім беру бөлімі:Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Қыс қызығы .
Білімділік мақсаты:Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп , қыс мезгіліндегі табиғат ерекшелігін ажырата білуге үйрету, ормандағы қысқы тіршілік туралы білімдерін кеңейте отырып, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс айтуға ,байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып ойлау, зейіндерін ,есте сақтау қабілетін дамыту,сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мақсаты:Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, табиғатты аялап,әсемдікті көре білуге , сезінуге тәрбиелеу.Ұйымшылдыққа, бір-біріне әр уақытта көмекке келуге, достыққа тәрбиелеу
Топ: Ересектер тобы.
Биллингвальдық компонент: қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик, жабайы аңдар-дикие животные.
Сөздік жұмыс:қыс, қар, аққала, қар ұшқыны.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, ойын, жұмбақ, сергіту сәті, әңгімелесу, мадақтау, қорытындылау.
Қажетті құрал-жабдықтар: қыс мезгілінің суреттері, слайд, шырша ағаштары, құстардың суреттері, балықтар, аққала.
Мотивациялық қозғаушылық.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар қатарымен отырады.
-Балалар, біздің тобымызға қонақтар келіпті қане амандасайық.
-Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз.
Сәлеметсіздер ме апайлар?
2.Шаттық шеңбері-көңілді шеңбер.
Балалар шеңберге тұрып кезекпен айтады.
Біздің топта балалар
Тату тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Кел, балалар күлейік ,
Күлкіменен түлейік ,
Қабақ түйген не керек
Күліп өмір сүрейік.
Кел,балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік ,
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік .
(Балалар орындарына отырады)

3. -Балалар бүгін сіздерді шағын орталыққа кім әкелді?
-Біздің топ қалай аталады?
-Келе жатқанда даладан не байқадыңыздар?
-Далада күн қандай екен?
-Қазір, балалар, қай жыл мезгілі? Қыс айларын кім біледі? Қыс қандай
болады? (боранды, аязды, қарлы) слайдпен қыс мезгілінің ерекшеліктерін көрсету.
-қыстың негізіг белгілерін қалай түсінесіздер? Қыс несімен қызықты?(қарымен, мұзымен, боранымен)

4. Ал, балалар орыс тілінде еске салып кетейік: Қыс-зима, қар-снег, аяз-мороз.
5. Балалар ,сіздерге қыс ұнай ма? Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? Қазір бәріміз, қысқы орманға саяхатқа шығайық.
Сиқырлы кілемге отырып, қысқы орман әлеміне барайық.
Міне, балалар орманғада жеттік. Көңіл-күйіміз қалай? Орманға кірмес бұрын мен сендерге орман ережелерін айта кетуді жөн көріп тұрмын. Орманда бір-бірілеріңнен алыстамаңдар, адасып кетулерің мүмкін. Орманда қатты айқайлап, шулауға болмайды, орман қауіпті. Онда адам өміріне қауіпті жабайы жануарлар мекендейді. Енді орманға кірмес бұрын бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Балалар хормен сәттілік тілейді (Орманда гуулдеген боранның дауысы естіледі)
Балалар міне,орманғада кірдік .Орманда қар өте қалың, ағаштар көп болады екен,кане аяғымызды көтеріп аттап аттап қарлардан өтейік Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
ЖҰМБАҚ:
Жасыл ине киімім,жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойлайсың, төріңдемін үйіңнің. (Шырша )
Балалар шырша ағашын кім сипаттап береді?
Балалар :орманда шырша ағаштары көп өседі. Шырша ағашы басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше ағаш. Бұл ағаш қысы-жазы жасыл түсте болады.
Тәрбиеші: өте жақсы ал,енді шырша туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар шырша туралы тақпақ айтады.
6. Балалар тыңдаңдаршы сытырлаған дауыс естіледі. Ол не болды екен? Жан-жағымызға қарайықшы.Мына қарда іздер жатыр екен ,қазір біз іздерінен ажыратайық:
Балалар : Бұл қоянның ізі деп таниды.)
— Дұрыс,балалар, қоянның түсі қандай? Неге ақ?
Балалар:Қоян қыс мезгілінде сұр тонын ақ тонға ауыстырады. Неге? Балалар:Өйткені қоянда өзінше қысқа дайындалады. Ақ тоны сұр тонға қарағанда жылы және ақ тоны қоянды басқа жыртқыш аңдардардан қорғайды деген болжам бар. Ал, сендер қоян туралы тақпақ білесіздер ме? (Қоян туралы тақпақ) «Ұзын құлақ сұр қоян» тақпағын қимылмен көрсетіп айтады.

7. Сергіту сәті
Қар борайды оң жақтан.
Қар борайды сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

8. Балалар тағы қандай аңдар орманда мекендейді? (Қасқыр, түлкі, аю, арыстан) Бір сөзбен айтқанда не дейміз? ( жабайы аңдар)
Қасқыр-волк, түлкі-лиса, аю-медеведь
Жабайы аңдар -дикие животные.
— Балалар мына жерде тағы із жатыр. Қарайықшы ненің ізі деп ойлайсындар? (Аюдың)
— Қандай аюларды білесіңдер? (ақ аю)
— Ақ аю қайда мекендейді?
— Ақ аю солтүстік мұзды мұхитта мекендейді. Ақ аю суға сүңгіп,балықтарды аулап қоректенеді. Қыста ұйықтамайды. Ал,қоңыр аю мен қара аю орманда тоғайда мекендейді. Жеміс- жидектерін теріп жейді. Олар жаз бойы денелеріне май жинап, қыста қалың ұйқыға кетеді. Тондары қалың болады.
Өте жақсы балалар! Енді ары қарай сиқырлы орманымызды аралайық. Балалар тыңдайықшы бұл ненің дауысы? (Құстардың) Балалар орманда қыстап қалатын құстарда мекендейді екен. Оларға қандай құстар жатады:сауысқан, қарға, қара торғай, тоқылдақ,құр жатады. (Ағаштың қасына келу, тоқылдақтың дауысы арқылы ажырату, ағаштан тоқылдақты табу)
9. Балалар: Қазақстанның тұрғылықты құсының бірі тоқылдақ, түсі шұбар,өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабығының арасындағы құрттармен қоректенеді. Қар үстіне түскен қабықтарын басқа құстар теріп жейді. Осылай өзге құстарда жемдерін тауып беруге көмектеседі. Тоқылдақты орман емшісі деп те атайды.
Ал енді балалар тығы қандай құсты көріп тұрсыңдар?
Балалар сауысқанды таниды. Сауысқан ала қанатты. Ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ және ерекшелігі жылтыр әшекейлерге әуестігі.
Тәрбиеші: Балалар анау ағаштың басында тағы қандай құстар отыр?
Түсі қандай? Ағашта тағы қандай құстар отыр? (қараторғай, сарышымшық,құр) Кәне санайықшы!
Балалар санайды.
Балалар құстар туралы кім тақпақ біледі? Торғай торғай торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың,
Жем шашайын теріп ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
-Балалар құстарға қамқор болу керек. Құстар біздің достарымыз. Құстарға сендер қандай көмек корсетесіңдер? Балалар:ұя жасаймыз, жем шашамыз, нан қиқымдарын береміз т.б.
10. Ал енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Міне, өзенге де жеттік. Өзен қыста қатады, қатса да мұз астында тіршілік бар.Суда балықтар тіршілік етеді. Адамдар бұрғымен мұзды ойып, балық аулайды. Кәне ,балалар бізде балық аулайық! (балалар балық аулайды). Бұл балықтарда тапсырмалар бар екен.
1. Қысқы болжамдарды ата
Балалар тірек сызбалары арқылы болжамдарды, жұмбақтарды, мақал мәтелдерді айтады.(Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса-қыс қатты болады. Қыста бұрқасын болса-жазда жауын –шашын болады)
2. Жұмбақтар: Қолы жоқ сурет салады,тісі жоқ,тістеп алады.(Аяз) Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.(қар)
3. Мақал-мәтел: Қыс азығын, жазда жина. Жазда шөбіңді шап, қыста малыңды бақ.
4. Жаңылтпаш: Қыста құлағым үсіп кетті.Үсіп, ісіп кетті. Қар аппақ, далааппақ,бәрі аппақ.
— Ал, енді балықтардың тапсырмаларын орындадық.Енді балықтарымызды суға жіберейік.
11. — Ал, енді ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. (Балалар жолда аққаланы кезіктіреді.)
Тәрбиеші:Балалар аққаланың орысшасын білесіңдер ме?
Аққаланың қолында тапсырма бар екен. Кәне көрейік.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
1. Қыста қар түседі, ал күзде (жапырақ) түседі.
2. Қыста қар жауады, ал жазда (жаңбыр болады).
3. Қыста қар жауады, ал көктемде (ериді).
4. Қыста орман ұйықтайды, ал көктемде( оянады).
5. Қыста суық болады, ал жазда (ыстық болады)
6. Қыста аққала жасайды, ал жазда (құмды тоқаштар) жасайды.
7. Қыста жәндіктер тығылады, ал (көктемде оянады)
— Тапсырманы дұрыс орындадық. Енді, аққала бізге суреттер беріпті. Суретті атап ,бірінші дыбысын ажырат, буынға бөл. (шана,қар.) Аққаланың соңғы тапсырмасы:қыс туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалар аққала бізге сондай риза болып тұр. Сендер аққаланың барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындадыңдар.
Тәрбиеші: Балалар енді аққалаға рахмет айтып, бүгінгі саяхатымызды аяқтайық. Тобымызға оралайық. Шеңберге тұрып, кілемге отыру.
12. Рефлексиялық түзетушілік:
— Бүгін біз қайда бардық, не көрдік?
— Бүгін кім белсенді болды?
— Кім жақсы жауап айтты?
— Қай достарыңның қимыл әрекеті ұнады?
— Балалар құстардың, аңдардың, аққалалардың суреттерін таңдап, суретке жапсыру арқылы баға береді.
— Ал, енді балалар сендер уйде қыс мезгілі туралы әңгіме құрастырып келулеріңе болады.
Тәрбиеші:жақсы балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу әрекетіміз осымен аяқталды. Енді қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңдар! Досвидания! Good bie!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курманбаева Назгүл Сарналиевна
Астана қаласы,Есіл ауданы ЖШС «ДУВЦ Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі

 

 

 

 

 

Ересектер тобына арналған
ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Қыс қызығы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2018 жыл

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *