Қалада жауған қардың қара болатынын,
көргенде кеудемде жара қалатынын,
сен түсiнесiң бе, бауырым? —
сондықтан менiң күйiктен
жанымды алдарқатар шарап алатыным…
Ауылға барсам жолатпай құлын тебетiнiн,
Жүрегiме сонда алма бақ гүлiн себетiнiн,
Сен түсiнбейсiң ғой, бауырым! —
Сондықтан менiң үздiксiз
Удай ащы шылым шегетiнiм…
Ұлықбек Есдәулет