Табиғи жағдайдың халықтың тіршілік әрекетіне әсері

Жоспар        

1. Экологияның ластануы
2. Қазақстанның экологиялық жағдайы
3. Қазақстан табиғат жағдайының халық тіршілік әрекетіне әсері

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — биосфераның ластануы. Ластану — жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылауы, жер сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі, куаңшылык, өрт сиякты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты озгертуге байланысты іс-әрекеттері ғалам-шардагы тіршілік үшін кауіл тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жакындады.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген кателіктеріне жауап ретінде экологиялык апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып отырған куаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25—30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялык даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлык геологиялық айналымға сәйкес әр 60—80жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді.

Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің араласуы тегін емес.

Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Аталған су алаптарының өңірінде мыңдаған гектар орман-тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі азайып, бұрыңғы тамаша табиғи жайылымдар мен шалғындыктардың орнына тіршілігі бұзылған немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортаң тақырлар пайда болды. Арал теңізінің тартылуына байланысты көптеген мәселелер туындады.

Балқаш өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле — Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы өзінін ауқымын кеңейте түсіп, мындаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле өзенінің орта және төменгі ағысы тұстарынан Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша дакылдарын өсіру жоспарланып, Іле суыньщ Балкашқа күю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын езенінің бойында Бестебе бөгенінің, Үлкен Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік калпын бүзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан тұратын жиделі қу-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген андар мен әнші құстардың саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі табиғат ескерткіштеріне толы Іле бойы экологиялық апатты аймаққа айналды.

Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.

Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде.

Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *