Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары.

Жоспар

1 Қазақстанның табиғат жағдай

2 Табиғат ресурстарымен қамтылуы

Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.

Табиғи жағдай — қоршаған табиғаттың сипатын береді. Мысалы, климат (жұмсақ, қатал) немесе жер бедері (жазық, таулы). Табиғи жағдайлар шаруашылық қызметіне тікелейқатыспағанмен, оны жеңілдетеді немесе керісінше, ауырлатаалады. Олар қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Біздің еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайлы болып келеді.

Климат, керісінше, айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол, ең алдымен, жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Кең-байтақ аймақтар тұщы су жетіспеуінің зардабын шегуде. Бұл жерлердің игерілуіне кері әсерін тигізетін ең басты себеп осы. Еліміздің ең үлкен мәселелерінің бірі әлсін-әлсін қайталанып тұратын құрғақшылық, ол өнім алуға кесірін тигізеді.

Табиғи жағдайлар — халықтың өмір сүру жағдайларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам өмір сүруі үшін табиғат жағдайлары қолайлы болып келетін аумақтар Қазақстан жерінің 1/3 бөлігін ғана алып жатыр. Ол жерлерге сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі, қыстың жұмсақ, жаздың жылы болуы тән. Ол жерлерде халық тығыз орналасқан. Құрғақ, су тапшы ішкі аудандар өмір сүруге қолайсыз. Соған қарамастан бұл жерлерге 1,5 млн Қазақстандықтар немесе халықтын, 1/10 белігі қоныстанған.

Табиғи ресурстартабиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелейшаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.

Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі.    Қолданылуына байланысты ресурсты:

өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);

дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.

Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл — шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң — жасанды түрде қалпына келтіру (ағаш отырғызу, балық өсіру). Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар — оларды ластанудан сақтау болып табылады.

Табиғи ресурстарға шаруашылық (экономикалық) баға беру:

ресурсқа деген қажеттілікті;
олардың географиялық орнын;
көлемі мен сапасын қарастырады.

Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.

Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды.  

Еліміздің ең басты байлығы — минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.

Қазақстан — барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша Қазақстан Республикасыалдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.

Қазақстанның қуатты минералдық-шикізат базасы басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді. Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары тұруға қолайсыз аймақтарда орналасқан. Оларды игеру жаңа тәсілдер мен технологияны қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *