Қазіргі замандағы алиментарлық аурулар мәселелерінің гигиеналық аспектілері

Қазіргі замандағы алиментарлық аурулар мәселелерінің гигиеналық аспектілері.
2.Мақсаты: Алиментарлы ауруларға шалдығудың мәселесінің гигиеналық аспектілерін сауықтыруын бағалау.
3.Дәріс тезистері: Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар:
I.Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар.
II.Жарамсыз тагамдарды қабылдаумен байланысты аурулар.
III.Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тагам аллергиялары) деп бөлінеді.
Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі:
• толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар — алиментарлық дистрофия.
• тамақтанудың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар — бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты.
• артық тамақтанумен байланысты аурулар.
• тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандыгына және тамақтану ре- жимінің сақталмауына байланысты аурулар.
Аштық кезінде немесе жалгіы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруга дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, «аштықтан ісіну», ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларга жататындар:
• ақуыз-энергня жетіспеуиіілігі (квашиоркор, алиментарлық маразм, ане- мия, кахексия, алиментарлық қортықтық).
• дәрумендердің жетіспеуиіілігі — гипо- және адәрумендіктер (қырқұлақ, мешел, тауық соқырлыгы, бери-бери, пеллагра, т.б.)
• минералдық заттардың жетіспеуиіілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, ме- шел т.б.)
• майлардың жетіспеушілігі — «май жетіспеушілік» ауруы
• көп қанықпаган май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеуиіілігі
Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері: тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.
Егер, рационның энергиялық құндылыгы энергия шыгынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам ақуыздары да, агзаның өз тіндерінің ақуыздары да, энергиялық материал ретінде пайдага асады, бұл ақуыз-энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады. Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, агзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің коріністері байқаладьг. Бұлармен қатар, А дәруменінің және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі жэне гипохромды анемия пайда болады.
«Квашиоркор» емшектен шығарылған бала» немесе басқа түсінікте — «қызыл бала» деген магынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруга ұйқышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағыньгң азаюьг, терісі мен шашының түсі озгеруі, беті, аягы, шабы қьгзғьглтьгм тартуы, депигментация, шашының агаруы, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс жэне тұрақты түрде іш өтуі, алдьгмен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек — беті мен аяқ- қолының ісуі, бауьгрыньгң үлкеюі, атторексия тән. Ауьгр жағдайларда ақыл-есі ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.
Алиментарлыц маразм — атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы әбден жүдегенге дейін томендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады, ішектің нұсқасы (жобасы) байқалады. Негізгі алмасуы томендейді, дененің температурасьт томендеу боладьт, жиірек іш қатады, кейде аштықтан диарея бол)’ы да мүмкін.
Тагамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде, «май жетіспеушілігі» деп аталатьгн ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасының азаюьгмен, осуі жэне дамуыньгң баяулауымен, бауьгрдың, бүйректің, эндокриндік жэне жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабыргасының өткізгіштігі жоғарылауьг, репродуктивті қьтзметінің нашарлауы, терісінің экзема тэрізді зақымдануьг, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.
4. Иллюстрациялы материалдар: 20 слайд.
5. Әдебиет:
1. Нутрициология. Оқулық / Л. З. Тель — Алматы : Эверо
2. Терехин, С. П. Қазіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде : оқу-әдістемелік құрал . — Алматы : Эверо
3. А. Б. Чуенбекова, М.С.Қайнарбаева, А.Н.Қожахметова. Тағам гигиенасы //Оқу құралы/ ред.басқ. Т.Ш.Шарманов – ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. – Алматы, Эверо, 2011 ж. – 288 б.
4. Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы. //Оқулық/
5. Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев — Алматы : Эверо,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *