СЕМІЗДІККЕ ШАЛДЫҒУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН КЕЙБІР ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ

 

СЕМІЗДІККЕ ШАЛДЫҒУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН КЕЙБІР ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Берденова Г.Т., Қатарбаев А.Қ.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Қазақ тағамтану академиясы, Алматы қ-сы

Тұжырым: Зерттеу нәтижелері табысы жоғарғы респонденттер арасында семіздік пен артық салмақтың дамуына бейімділілігінің жоғары екендігін көрсетті. Репрезентативті сұрыптау барысында 3526 адамға зерттеу жүргізілді (6 топқа бөлінген). Зерттеу қортындысы бойынша жоғары қамсыздандырылған респонденттер семіздікке 2 есе, ал артық салмаққа — 1,5 есе жиі шалдығатындығы анықталды. ДСИ 18,5 кем адамдармен салыстырғанда, семіздікке шалдыққан адамдардың рационы көбінесе жоғары құнды және қонымды өнімдерімен сипатталады.
Түйін сөздер: семіздік, артық салмақ, құнды тағам, дене салмағының индексі (ДСИ), репрезентативті сұрыптау.
Өзектілігі: Әлемдегі дамушы елдерде диабеттен азап шегушілердің саны 2,5 есе көбейеді, 1995 жылғы — 84 миллионнан, ол 2025 жылы 228 миллионға дейін жетеді. Ал артық салмақ пен семіздік туралы айтатын болсақ олардың масштабы теңдессіз деңгейге жетті. Қазіргі таңда семіздіктің жыл сайынғы өсу екпіндері дамушы елдерде әлі де төмендейтін емес [1].
Бір жағынан әлемде кедейлік көрсеткіштерімен тамақтық статус және халық денсаулығының нашарлауы арасында өзара байланыс барлығы мойындалса [2, 3], екінші жағынан қан аздық, семіздік, диабет, күре тамырлық гипертензия, миокард инфарктісі және инсульт [4] сияқты аурулардың алиментарлық негізде дамитындығы сөзсіз.
Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Соңғы уақытта біздің республикамызда да адамдардың дене салмағының артуы жиі тіркеледі, әсіресе еңбекке жарамды адамдар мен балалар арасында, сондықтан семіздік медицинаның өзекті проблемаларының біреуі деп айтуға болады.
Ғылыми зерттеудің мақсаты «Қазақстан халқының денсаулығын зерттеу және тамақтану статусын бағалау» бағдарламасы аясында семіздіктің дамуына әсер ететін кейбір факторлардың ролін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Алынған мәліметтерге статистикалық талдау, зерттеу мақсаттарына бейімделген «Статистический пакет для общественных наук» (SPSS, версия 16) (Қоғамдық ғылымдарға арналған статистикалық пакет) бағдарламасы, сонымен қатар типтік синтаксисті және табуляциялау алгоритмдері бойынша өткізілді.
Нутриционалдық статусты бағалауға арналған ең анық объективті және қарапайым критериялардың бірі дене салмағының индексі (ДСИ) болып саналады, есептелетін формуласы: салмақ (кг) / адам бойы( м2). ДСИ Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйыммен ұсынылған және бүкіл әдемде эпидемиологиялық зерттеулер өткізген кезде пайдаланады.
Қалыпты тамақтанатын сау адамдардың ДСИ 18,5-24,9 кг/м2 тең. Осы интервалдан ДСИ аутқушылықтары зерттелетіндердің трофикалық статусының диагностикалық алгоритмінің анықтамалары деп санауға болады. ДСИ 18,5 кг/м2 кем болса ол арықтықтың белгісі, ал ДСИ 25 тен 29,9 кг/м2 болса – артық салмақты көрсетеді, ДСИ 30 кг/м2 жоғары болса — ол семіздіктің белгісі. Аналитикалық пакетке өнімдердің химиялық құрамы туралы мәліметтер «Химический состав Российских пищевых продуктов» [5] және «The Composition of Foods» [6, 7] атты екі негізгі қайнарлардан алынып енгізілген.
Нәтижелер және талқылау. Зерттеу жүргізілген 3526 адам репрезентативті сұрыптау барысында, әр түрлі табыс деңгейдегі 6 топқа бөлінді. Әрбір топтың табыс деңгейлері процентильді таратумен анықталды: 10-дық процентильдік мағынаға 30 АҚШ доллар эквиваленттік мағына, 30-дық процентильге — 50 доллар, 50-лік процентильге — 85 доллар, 70-тік процентильге — 135 доллар, 90-дық процентильге — 250 доллар сай болды. Сонымен, ең төмен қамсыздандырылған респонденттер тобы (І топ) 30 доллардан кем табыс деңгейімен 354 адам құрады (жалпы саннан 10%), табысы 30 дан 50 долларға дейінгі топқа (ІІ топ) 698 адамды кірді, немесе 19,8%, табысы 50 лен 85 долларға дейінгі ІІІ топқа — 576 адам (16,3%), табысы 85 тен 135 долларға дейін — 829 адам (23,5%) (ІV топ), V топқа табысы 135 дан 250 долларға дейін — 652 (18,5%) және VІ топтқа ең жоғарырақ қамсыздандырылған респонденттер табысы 250 доллардан жоғары 417 адамды біріктірді, респонденттердің жалпы санынан 11,8% құрайды.
Респонденттердің топтарында ДСИ орта мағыналарының салыстыруы табыстардың деңгейінің артуымен ДСИ мағынасының өсу шегі байқалатынын көрсетті: ІІ топта 23,5 бастап, ІІІ топта – 24, IV топта – 24,6; V топта – 25 және VI – 25,7. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша Қазақстандағы семіздікке шалдыққан адамдардың рационы ДСИ 18,5 кем адамдармен салыстырғанда, көп мөлшерде қаймақ пен кілегейді, сүзбені, тәтті сүзбешелерді, еттің семіз сорттарын (шошқа еті, шұжықтар) мен балықтарды, жоғары сортты бидай ұнынан дайындалған нан және тоқаштарды, тәтті қамырдан дайындалған бұйымдарды тұтынумен сипатталады, сонымен қатар сыра көп мөлшерде тұтынылады. Біздің елде жоғары табысты адамдардың қымбат және жоғары калориялы тағам өнімдерін көбірек сатып алуға мүмкіншіліктері жоғары, ал бірақ дұрыс тамақтану принциптері әлі толық ұйымдасқан жоқ. Сонымен қатар республикада, сүт өнімдерінен басқа, сапалы және денсаулыққа пайдалы өнімдерінің сатылу жүйелері толық дамымағандығы өз ролін ойнайды.
Ең қамсыздандырылған (VI топ) және ең аз қамсыздандырылған респонденттермен салыстырғанда, ДСИ мағыналары бірінші топта жоғарырақ деңгейді көрсетті (25,7±0,2 және 23,6±0,2, сәйкесті , р <0,001).Сонымен қатар, нутриционалдық статусты зерттеу кезінде ДСИ көрсеткіштеріне тәуелді респонденттердің топтарға пайызды бөлінуіне талдауның үлкен мағынасы бар.
Осы талдау нәтижелері салыстырмалы салмақ мөлшерінін мағынасы табыс деңгейі ықпалын респонденттердің семіздік және артық салмақтағы туралы куәландырады.
Артық салмақты және семіздікке шалдыққан респонденттердің ара салмағы табыстарының өсу деңгейімен түзу пропорционалды өсетіні анықталған болатын (дене салмағы нормадан артық ІІ топтағы 20,8% адамнан VІ топтағы 33,8% адамға дейін және семіздігі бар І топтағы 7,9% адамнан VІ топтағы 17,5% дейін). Және, керісінше, нормалы ДСИ көрсеткіші бар топтардағы адам үлесі, табыстардың өсуімен І топтағы 64,2% дан VІ топқа 43,6% төмендейді.
Қортынды: Респонденттердің табыс деңгейі — ДСИ мөлшеріне, артық салмақтың және семіздіктің таралу жиілігіне әсер етеді және артық салмақ пен семіздік жоғары деңгейдегі табысты респондентердің арасында жиі тіркелетіндігі анықталды. Ең аз қамсыздандырылған респонденттермен салыстырғанда ең жоғары қамсыздандырылған респонденттер арасында семіздікке шалдыққанлар 2 есе жиі кездеседі, артық салмақты респонденттер — 1,5 есе көп болды. ДСИ 18,5 кем адамдармен салыстырғанда, семіздікке шалдыққан адамдардың рационы көбінесе жоғары құнды және қонымды өнімдерімен сипатталды, яғни көп мөлшерде қаймақ пен кілегей, сүзбе, тәтті сүзбешелер, еттің семіз сорттары, балықтар, жоғары сортты бидай ұнынан дайындалған нан мен тоқаштардан тұрды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Aboderin I. et al. Life course perspectives on coronary heart disease, stroke and diabetes: key issues and implications for policy and research // Genevа, WHO. 2001 (document WHO/NMH/NPN/01.4).
2. Батурин А.К., Мартинчик А.Н., Сафронова А.М. и др. Питание в бедных семьях: взрослое трудоспособное население // Вопросы питания. 2002. № 2. С.3-7.
3. Потребление продуктов питания на одного человека в семьях с разным уровнем дохода (2008) //http:64.233.183.104/search?q=cache:d8s-QHs-RigcJ: www.economi-teoriya.ru.
4. Шокоманов Ю., Кривко Н., Осокина В., Айджанов М. и др. Уровень жизни населения и бедность в Республике Казахстан /Агентство РК по статистике/ UNIFEM/UNDP. 2005. 295с.
5. Химический состав Российских пищевых продуктов (под редакцией И.М.Скурихина и В.А.Тутельяна). М. 2002.
6. McCance & Widdowson. The Composition of Foods. London. 1994. 10. Standard Tables of Food Composition in Japan. Tokyo. 2000.
7. Musaiger A.O. Food Composition Tables for Arab Gulf Countries. Gulfoods. 2006.


ИЗУЧЕНИЕ ФАКТОРОВ, ВЛИЯЮЩИХ НА ФОРМИРОВАНИЕ ОЖИРЕНИЯ
Берденова Г.Т., Катарбаев А.К.
В рамках программы «Исследование по оценке статуса питания и здоровья населения Казахстана» — изучена роль неадекватного питания и уровня доходов как факторов риска возникновения ожирения. Результаты исследования показывают влияние уровня доходов как на величину ИМТ, так и на частоту распространенности избыточной массы тела и ожирения, которая оказывается выше среди высокодоходных респондентов.

ANALYSIS OF FACTORS INFLUENCING ON THE FORMATION OF OBESITY
Berdenova G.T., Katarbaev A. K.
The Program for Research on «Evaluation nutritional status and health of the population of Kazakhstan» — examined the role of inadequate nutrition and income levels as risk factors of obesity. The results show the influence of income as the value of BMI and the frequency of prevalence of overweight and obesity, which turned out to be higher among respondents with high-income.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *