Зоофорлық (zooгр.“жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті. Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай. Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum — “таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.
Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз, Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б. Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық.
Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев, Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба. Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, топастық.
Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт, Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов, Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара, Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат. denotatum – “белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік.
Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген, Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан, Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық, адуындық, самарқаулық, жалқаулық.
Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл, Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар.
Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл, Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала, Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.
Ит – “жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да мінез табылады. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы: сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін “ит” деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: “Адамдарды тани түскен сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи > ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің бірігуінен жасалған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атынан баяндалады: “Иттей боп дем алған екенсің. Иттің құлағына алтын сырға, мен өзі сөз арасында итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі – жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров).
“Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов)
Түз аңдары атауынан жасалған ЗА: Айдаһар, Аюбай, Аюкен, Балпақ, Борсық Бөрігүл, Бөлтірік, Бөкен Арыстанович, Жыланкөз, Елікханов, Ешкіемер, Киікгүл, Көкжал, Көжек, Қоянгүл, Қоян Қорықпасов, Қодыкен Сусликкөз, Қоңырқұлжа, Таутан ,Төкеш Түлкібаев, Түлкібике, Түлкібақ. Бұдан басқа су жыртқыштарынан – Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре, ұсақ балықтар – Лақа, Шабақ, қос мекенділерден – Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек, Сары Шая, инсектонимдерден – Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл, Таскене, Көбелек), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер бар.
Орнитонимдерден жасалған ЗА: Аққу, Әтеш, Бөдене Бұлдырықов, Бытпылдақ, Дуадақ, Жарғанат, Ителгиев, Кекілік, Көкекгүл, Күйкентаева, Қаршыға Бүркітов, Қораз Қоқиев, Қыран, Қырғигүл, Қызғышов, Қытқытбек, Құсбегин, Құсмұрын, Құрбек, Құзғынбай, Сауысқан Саққұлақов, Тауықбике, Тауықтөс, Тырнабай, Үкісарықыз, Үйрекович, Шүрегей, Шымшықбек. Қораз Қоқиев < қоқи қораз. “Ешкіммен тілдеспейді, амандаса қалсаң, бас-аяғыңды тексеріп шығып, оң қолының сұқ саусағымен көзілдірігін көтеріп жоғары қарап тұрып “с-с…” деген болымсыз дыбыс шығарады. Көзілдірігімен бірге көтерілген танауы біразға дейін делдиіп тұрып алды” (С.Жортанов)