Политоним (гр.мемлекеттік іс+атау) — мемлекеттің әр түрлі символдарын білдіретін жалқы есім түрі. Сатира, әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда ел өміріне әлеуметтік — саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау, қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе түсті. Елімай, Елқайғы, Елімбаев, Жалаухан, Хатшыбай, Нұсқаубай, Жарлықбай, Қызылбай, Уәкілбек, Мөрбасар, Жарнагүл, Оңшылбаев, Солшылбаев, Заман, Бұйрықбаевич, Большевиктеров т.б. Сатиралық проза мен поэзия өмірдегі, тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі “антропонимия – тарих” (Никонов).