Қазақ тілі жоғалмас

Ахмет Байтұрсынұлы:

Қазақ тілі жоғалмас

Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір-суық қолдан тыныш боларға керек.
Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты дінінен айыру, болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс.
Араб әрпі Ислам дінімен бірге келіп қазаққа орнаған. Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды. Қазақта газет, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газет, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *