ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде, ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады. Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді.
VII-VIII ғ.ғ. – Батыс-түрік қағанаты;
— Түркеш қағанаты;
— Қарлұқ қағанаты.
IX-X ғ.ғ. – Оғыз мемлекеті;
— Қарахан мемлекеті;
— Қимақ мемлекеті.
XI-XII ғ.ғ. — Моңғол-татар шапқыншылығының нәтижесінде құрылған Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің түрік-моңғол ресми тілі;
— Түркі тілдерінен бөліне бастау кезеңі және Дешті Қыпшақ мемлекетінің ресми тілі болып қалыптасуы.
XV-XVII ғ.ғ. – Қазақ ұлтының және Қазақ халықтарының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы;
XIX-XX ғ.ғ. – Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі.
1920 ж. 26.08. – Қазақ АКСР-ның ресми тілі.
1923 ж. 20.03. – Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде ҚазОАК- нің Декреті.
1933 ж. 15.05. – Республикалық терминологиялық комиссияның құрылуы.
1936 ж. 05.12. – Қазақ КСР-нің ресми тілі.
1957 ж. 05.11. – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1989 ж. 22.03. – «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
1995 ж. 25.09. – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: 7-бап – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
1996 ж. 04.10. – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 ж. 11.07. — ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды.
1998 ж. 05.10. — ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы» бекітілді.
1999 ж. 08.01. – Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2001 ж. 07.02. — ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930 жылға дейін араб жазу таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеді.
«Тіл кабинеті» әдістемелігі,
Астана, 2006 жыл.