ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР – ТІЛ ТУРАЛЫ

ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР – ТІЛ ТУРАЛЫ

Тәрбие басы – тіл.

Қашқари.

* * *

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір-қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.

* * *

Көрінеді тілден түйсік білім де,
Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.

Жүсіп Баласағүн.

* * *

Тілі екеудің – діні екеу.

Әбубәкір Кердері.


* * *

Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл.

Шоқан Уәлиханов.

* * *

Тіл өнері дертпен тең.

* * *

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Абай.

* * *

Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.

К.Гельвеций.

* * *

Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.

Р.Эмерсон.

* * *

Рим императоры Карл Бесінші: «Аллатағаламен – испанша, достарыңмен – французша, дұшпандарыңмен – немісше, әйел қауымымен итальянша сөйлескен дұрыс» депті. Өйткені испан тілі — өршіл, француз тілі – сыпайы, неміс тілі – нық, итальян тілі – нәзік тіл. Егер де император орыс тілін жетік білген болса, солардың бәріне де орыс тілінің бір өзі төтеп бере алады дегенді қосқан болар еді.

М.Ломоносов.

* * *

Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз.

* * *

Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

Л.Толстой.

* * *

… Любой немец может добиваться самой высокой образованности, пользуясь лишь средствами своего родного языка и без всякой чужеземной помощи.


В.Гете

* * *

Язык – дом Бытия.

М.Хайдеггер.

* * *

Француз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.

* * *

Қазақ тілі – шығыстың француз тілі.

В.Радлов
* * *

Тіркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.

С.Малов.

* * *

Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

А.Брем.

* * *

Тіл – ұлттық рухтың ең соңғы қорғаны.

Ш.Монтескье.

* * *

Ұлттың ұлттық қасиетін қайтару процесі тілден басталады… Өйткені ұлттың негізгі ұлттық көрсеткіші – тіл. Отарлаушы елдің басым тілі отарланған, соры қайнаған елдің ұлттық тілінің дамуына үлкен кедергі жасайды. Ұлттық құндылықтарға оралу процесінің аяғына тұсау болады. Сондықтан да постколониализм дәуірінде жаншылған ұлттар ең алдымен өзінің мәдениетін, тарихын қалыпқа келтіруге күш салуы керек.

Сандра Камбиселлис.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *