- Қаржы мен инфляцияның өзара байланысы және өзара әрекеті. Инфляцияны өлшеу
- Инфляцияның түрлері мен типтері.
- Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
Инфляция – бұл тауар мен қызметке баға жалпы және теңсіздікте өсетін жағдайда байқалатын, ақшаның құнсыздауы. Инфляция кезінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесі мен артық ақшаның шығуы арасындағы диспропорцияға байла-нысты ақша айналыс заңы бұзылады. Ақшаның құнсыздануына ықпал ететін фак-торлар: айналысқа артық ақшаның шығуы; үкіметке сенімнің болмауы.
Инфляция қаржы мәселелерімен байланысты, себебі инфляции құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді: белгілі салық формалары мен әдістерін қолдану; мемлекеттік бюджет арқылы инфляциялық сипаттағы шараларды қар-жыландыру көлемі; мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу тәсілдері; мемлекет-тік қарыз мөлшері. Инфляция сипаты мен оның әрекеті 10-суретте көрсетілген.
Қаржы және инфляция өзара байланысты: қаржы инфляциялық процес-терді жеделдетсе, инфляция қаржылық қатынастарға ықпал етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның өсуі бюджет шығындарын өсіріп, мемлекеттің нақ-ты табысын азайтады, салықтың ауыртпалығын күшейту қажеттілігін тудыра-ды, мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты мемлекеттік қарызды өсіре-ді. Инфляция қарқынының жоғары болуы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен займалар белгілі уақыт өт-кенде түседі. Сондықтан құнсызданады. Сәйкесінше мемлекеттік қарыз мәселе-сі шиелене түседі. Өйткені мемлекет қарыз тарту үшін өз бағалы қағаздарының түсімділігін ссудалық пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр. Осыған бай-ланысты мемлекеттік қарыздың номинал құны өседі.
Инфляция баға индексімен, яғни тұтынатын тауарлар мен қызметтер жиын-тығының сомасы мен базалық кезеңдегі сондай жиынтықтың сомасы қатынасы-мен анықталады (салыстыру үшін тауарлардың ұқсас жиынтығын таңдап алуға болады). Инфляция түрлері: бағаның өсу қарқыны бойынша (тұрақты, галопир-ленген, гиперинфляция); баға өсімін теңестіру дәрежесі бойыша (теңестірілме-ген, теңестірілмеген); шыққан орны бойынша (импортталатын, экспорттала-тын); болжау дәрежесі бойынша (күтілген және күтілмеген инфляция).
Инфляция типтері: сұраныс инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) жә-не шығын инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Инфляцияның көріну формасы – ақшаның құнсыздануы сәйкесінше өнім, тауар мен қызмет бағасының өсуімен өрнектелген, олардың сатып алу құнының құлдырауы.
Инфляцияға қарсы саясат: бейімдеу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімдеу (табысты, жалақыны, пайыздық ставкаларды, инвестициян индекстеу шараларын қолдану); компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды іс-ке асырады, жеке тұлғалар қосымша табыс көздерін іздестіреді, т.б.; инфляция-ны азайту немесе басу бойынша инфляцияға қарсы шаралар өткізу.
Инфляцияға қарсы фискальдық саясат салықты көбейту, мемлекет шығын-дарын азайту, соның негізінде мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету жолымен жүріледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында өзара байланысты, бірақ қарама-қай-шы екі мәселені шешеді: біріншіден, мемлекеттік бюджетті теңестіруге және тапшылықты жоюға қол жеткізу үшін оның табысының деңгейін көтеру; екін-шіден, өндіріс және айырбас сферасында экономиканың алдыңғы қатарлы зве-ноларының экономикалық белсенділігін жандандыру.
Салықтық инфляцияға қарсы саясат жанама салық салуды қысқартуды біл-діреді. Жанама салықтар инфляциялық сипатта болады, себебі бағаны артты-рып, сұранысты азайтады. Жоғары салыққа ықпал етудің екінші аспектісі олар-дың өндіріске көрсеткен қысымы болып табылады, өйткені ұсынысты шектей-ді. Үшіншіден, айтарлықтай салықтық ауыртпалық әдетте, салық жүйесін күр-делендіретін көп түрлі салықтың әрекетімен байланыстырылады, ол салықтан қашуға әкеп соғады. Сондықтан инфляция жағдайында тұтынуға салық салуға бағытталған жеңілдік шарттарымен қиындатылмаған қарапайым және сенімді салық жүйесі болғаны жөн. Бұл талаптарға мүлік құнына байланысты жоғары дәрежеде дифференцияланған ставкасы бар табысқа салынатын салық және мү-ліктік салық сәйкес келеді.
Мемлекеттік шығындарды қысқарту ол процестің бюджеттік сфераға да, мемлекеттік шаруашылық субъектлерге қатысты материалдық өндіріс сферасы-на да қолданылады. Мұнда соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфля-цияның екінші құраушыларына – шығын немесе өндірушілердің инфляциясына қатысты болып келеді. Сондықтан олардың ықпалы жеке-жеке қарастырылады. Мұнда инфляцияның екі түрі мен себептері мен қарама-қарсы әрекеттің кешенді тәсілдерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі бюджеттік шығындардағы негізгі бағыт – барлық статьялар бойынша оларды ең жоғары мөлшерге дейін қысқарту. Әрине, зейнеткерлерді, оқушыларды, табысы шектеулі жұмыскерлер-ді қорғау бойынша өмірлік маңызы бар әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Сыртқы экономикалық қызметті көрсететін төлем балансы тұрғысынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсарту, импорттық та-уарлар мен қызметтердің ішкі сұранысын отандықтарына ауыстыру есебінен сыртқы сұранысқа қатысты экспорттық өндіріс икемділігін арттыру. Бұған нақ-ты деңгейде валюталық курсты бедгілеу саясатын өткізу, инфляциялық белсен-ділік кезеңінде сауда және валюталық шектеудің рационалды үйлесім табуы, инфляция қарқынын азайтқан кезде сыртқы экономикалық қатынастарды либе-ралдандыру жолымен қол жеткізіледі.Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының өмендегенін көрсетеді. абысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Бақылау сұрақтары:
- Қаржы мен инфляцияның өзара байланысы қандай?
- Инфляцияның қандай түрлері бар?
- Инфляцияның типтеріне сипаттама беріңіз.
- Мемлеке инфляцияға қарсы қандай саясат жүргізеді.