- Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі.
- Экономиканы қаржылық реттеуді топтастыру.
- Салықтық-бюджеттік реттеу.
Экономиканы мемлекетті қаржылық реттеу – мемлекеттің қызметінің әр сатысында экономианы дамытудың мақроэкономикалық тұрақтылығына ықпал ету үшін шаруашылық субъектлерге қаржылық ықпал ету формалары мен әдістерін мақсатты түрде және рет-ретімен қолдануы.
Мемлекеттік реттеу типтері — экономикалық (оның қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбек ақы сияқты бөліктерімен қоса) және әкімшілік. Рет-теу түрлері — салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, ішкі шаруашылық. Реттеу формалары: бюджеттік сфе-рада — субвенция, субсидия, трансферттер; салық сферасында – тікелей және жанама салық салу; валюталық қаржылық сферада – сыртқы инвестициялау, сыртқы займалар, сыртқы қарыз.
Топтастырудың саны көп элементіне реттеу әдістері жатады, олар жекелен-ген формалар үшін ерекше болуы (мысалы, салықта ставка әдісі, займада айнал-дыру) немесе бірнеше формада (мысалы, бюджет пен кәсіпорынның қаржылық жоспарында теңестіру, осы формаларда резерв құру әдісі, т.б.) қолданылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада реттеудің жанама әдістері басымырақ болады. Бі-рақ елдің экономикалық дамуындағы стихиялық құбылыстарға жол бермеу мақ-сатында мемлекет нарықтық механизмдердегі ақпаратқа қажет заңдық норма-лар мен нормативтер жасайды.
Нарықтық экономикада мемлекеттік қаржылық реттеудің маңызы зор. Бұл ақшалай, несиелік, қаржылық қатынастар сферасында реттеушілерді қолдану-дағы, ел экономикасын басқарудың барлық органдарының жұмысындағы, Қа-зақстанның халықаралық экономикалық байланыстарды ұйымдастыруындағы белсенділікпен байланысты.
Оның сыртында, «сұраныс экономикасы» теориясы салықтардың төменгі ставкалары салық түсімдерін азайтпайды, керісінше, оны салық базасын кеңей-ту, яғни ұлттық өндіріс пен табысты өсіру есебінен көбейтеді.
Салықтың инвестициялық саясатқа ықпалының теориялық түрдегі дәлелі-не америкалық ғалым – «сұраныс экономикасының» өкілі А. Лаффэр жасаған салық салудың прогрессивтігі мен бюджет табысы арасындағы тәуелділік жата-ды. Осы теорияға сәйкес салық ставкаларының белгілі шекке дейн өсуі салық табыстарын өсіреді, одан кейін өсім баяулайды, ал одан кейін бюджет табысы күрт төмендейді. Осыдан экономиканы, инвестициялық белсенділікті ынталан-дыру мәселесін салық ауыртпалығын түбірімен жеңілдету жолында шешу керек деген қорытынды шығады. Экономиканы қозғаушы күш — шаруашылық агент-тердің нарыққа бейімделген эономикалық қызметке мүдделілігі. Егер бұл қыз-мет оларға тиімді болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқынмен жүріледі. Ал нарықтық нәтижелі қызметі айтарлықтай жоғары және прогрессивті салықтар түріндегі күшті дискриминацияға тап болса, онда экономикалық белсенділік төмендейді. Лаффэрдің ойынша, салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың та-бысының барлық сомасының 30% артығын бюджетке алуға болмайды. Егер та-быстың 40-45% алынса, олар экономиканың жеке секторындағы жинақты, со-ған байланысты инвестицияны азайтады.
Салықты азайту, салық салудың шекті нормасын төмендету экономикаға, салық базасына үш жақты ынталандырушы ықпал етуі мүмкін: салық базасы нарыққа ұсынылған еңбек пен капитал санын және өндірістің ұлғаймалы көле-мін ұлғайту салдарынан өсе түседі; нарықта бұрын қолданылған еңбек пен ка-питал аз салық салынатын сферадан шаруашылық қызметінің жоғары деңгейде салық салынатын сферасына ауысады (мұнда капиталды сфера бойынша бөлу жақсарып, нәтижесінде экономиканың жалпы тиімділігі артады); экономикалық агенттердің белгілі бөлігі «заңсыз экономикадан» заңды, «бағасы белгіленген» экономикаға шыға отырып, салықтан бас тартуды азайтадыБірақ салық ұсыныстан қарағанда, сұранысқа тезірек ықпал ететінін ескеру қажет. Қысқа мерзімде салықтың төмендеуі жиынтық сұранысты өсіреді және бюджетке салықтық түсімдерді азайтады. Ал ұсыныс факторлары (жинақ, ин-вестиция, еңбекке деген стимул) әрекетінің инерциялығына байланысты салық-тың ұсынысқа ықпалы ұзақ мерзімді сипатта болады.
Тауарлық салықтар өдірушілер мен мемлекеттің тұтынушыларының ортақ мақсатқа қолданатын қаражаттарының бір бөлігін қоғамға беруді білдірмейді. Олар қоғам үшін тиімділігінен айырады. Бұл құбылыс артық салықтың ауырлы-ғы деп аталады. Жеке табыс салығын салу фискальдық маңызымен қатар маңызды әлеуметтік қызмет атқарады, яғни халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының табысын теңестіреді. Бұл қызметті әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік шы-ғындар да атқарады, нәтижесінде табысы төмен халық айтарлықтай жоғары табысы бар топқа көшеді. Сөйтіп, әлеуметтік теңсіздік азаяды. Салық ставкасымен мөлшерімен, сәйкесінше, салықты алу мөлшерімен бай-ланысты салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі жинақты «ұстап тұру» және шетел инвестициясын тарту болып табылады. Жоғары деңгейдегі салықтар капи-талдың салық ставкалары төмен, салықтық климаты қолайлырақ елдерге «ауыс-уына» әкеп соғады. Бұл факторға салық салу ставкасы төмен немесе тіпті жоқ «оффшорлық зона-лардың» болуы да ықпал етеді. Екінші жағынан жоғары салық ставкалары шетел капиталының елге келуіне кедергі жасайды, ішкі жинақ жетіспеген жағдайда экономиканың өсімін тоқтатады. Сондықтан салықтық реттеу аталған факторларды ескеріп, экономикалық байланыстағы елдердің салықтық жағдайларын теңестіруге ықпал етуге тиіс.
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.
Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.
Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.
Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:
1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;
2) техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;
3) мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.
Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.
Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:
1) мемлекеттік бюджет;
2) бюджеттік емес қорлар;
3) мемлекеттік несие;
4) мемлекеттік қоғамның қаржылары.
Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.
Республикалық бюджеттің рөлі
Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған.
Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы,
бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджет
Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.
Бюджеттік емес қорлар
Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.
Мемлекеттік несие
Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.
Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.
Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:
1) республикалық;
2) жергілікті.
Республикалық қазына жүйесі:
1) республикалық бюджет қаражаттары;
2) алтын валюта қорлары;
3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи
ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Жергілікті қазына жүйесі:
1) жергілікті бюджет қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Осыдан барып мемлекеттік қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.