Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз

  1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы, қызметтері.
  2. Мемлекеттік бағалы қағаздар, олардың түрлері және сипаттамасы.
  3. Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері.

 

Мемлекеттік несие дегеніміз қарыз алушы ретінде өз органдары атынан мемлекет, несие беруші ретінде жеке және заңды тұлғалар қызмет ететін несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несие екі түрлі қызмет атқарады: қайта бөлу және реттеу. Қайта бөлу қызметінде мемлекеттік несие халық пен кәсіпорын-ның жинақтарын ұйымдастыру формаларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, қайта бөлу қызметі халық, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таралатын мемле-кеттік займа облигацияларын шығару, мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін бос ақша қаражаттарын қозғалысқа түсіруге бағытталған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлерін (қазыналық міндеттеме, қазыналық бонд, сертификат) шы-ғару кездерінде көрінеді. Реттеу: мемлекет қарыз алушы, несие беруші, гарант ретінде шығындарын жабу көздерінің жеткілікті болуына мүдделі.

 

Мемлекеттің несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Жекеше несие

Мемлекеттік несие

1.     өндірістік мұқтаждықтар үшін жұмылдырылады;

2.     несие капиталы жұмылдырылады;

3.     өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі;

4.     капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

1.     Өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;

2.     Төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;

3.     Өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;

4.     Капиталды қолдану сферасын тарылтады.

 

 

Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік несиенің мынадай түрлері бар: ішкі және сыртқы (халықара-лық), шартты.

Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел рецепент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.

Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру,

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Басқару адам қызметінің барлық  аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе.Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін  субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыны басқару-  бұл қаржы ға және шектес экономикалық әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал  жасау үдерісі және қаржылық  қатынастардың  бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде  тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет щараларының жиынтығы. Сөйтіп,қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты,қаржы механизмі – бұл мақсатқа жетудің құралы,қаржы саясаты – қаржы басқарудыңтиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржыны басқарудың  мақсаты  макроэкономикалық теңгерілімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,ақырында,мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

  • Басқарудағы демократизм
  • Қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме
  • Басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі
  • Басқарудың ғылымилығы
  • Басқарудағы жауапкершілік
  • Шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн:

1 – ден,мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды

2 – ден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандарын,ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқарудағы ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірленген кезде экономикалық заңдардың талаптарынын басқа, экономикалық  талдау нәтижелерінің ескерілетінін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерініңұтымды ү»лесуінің қолданылатынын білдіреді.

Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық  элементтерді бөледі: ақпарат,жоспарлау, ұйымдастыру,реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау  мақсаты үшін де, сондай – ақ бүкіл қаржы үдерісін оперативті басқару үшін де маңызы бар.

Жоспарлау арқылы басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.

Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпарытының жоғары нәтижелілігін басқару  жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.  Банк жүйесінде қозғалысқа енгізілген халықтың салымдары мен мерзімді депозиттерін мемлекет орталықтандырылған қаржылық ресурстар ре-тінде қолдана алады, солардың есебінен банктер қайтарымды негізде әртүрлі несиелер беріп отырады және мұнда несиенің екі формасы (мемлекеттік және банктік) бір-біріне жақындай түседі. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық байланыстар 7-суретте көрсетілген. Мемлекет қажеттілігі үшін халықтың кәсіпорындар мен ұйымдардың ақ-шалай ресурстарын қозғалысқа түсіру мақсатында мемлекет займалар шығара-ды, олар төмендегіше топтастырылады:

1) өтеу мерзімі бойынша – қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді;

2) таралатын орны бойынша – ішкі және сыртқы;

3) таралу тәсілі бойынша – еркін айналымға түсетін, мәжбүрлі;

4) түсімділік түрлері бойыша – пайыздық, ұтыстық, лотереялық.

Елде шығарылатын займалар эмитент бойынша Орталық үкімет займалары және жергілікті билік органдарының займалары деп бөлінеді.

Мемлекеттік займалар мемлекеттік несие формасы ретінде халықтың, кә-сіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша-қаражаттары облигация, қазы-налық міндеттемелер мен мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін шы-ғару жолымен қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға тартылады.

Облигация – бағалы қағаздың көбірек таралған түрі, ол мемлекеттік қарыз-дық міндеттемелерді сипаттайды және иесіне белгілі мерзім өткенде қарыз со-масы мен пайызын қайтарып алуға құқық береді. Қазыналық міндеттемелердің облигациядан айырмашылығы шығару мақсаты, табысты төлеу формасы мен еркін айналымға жүруінде.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарған кездегі маңыздысы мыналар: дис-конт мөлшері, іріктеу бағасы, мемлекеттік акцияны номинал бағамен өтеу, ай-налыс мерзімі, сауданы өткізу тәртібі, қаржылық нарық үшін ережелер мен нор-мативтер жасай отырып, объективті шешім қабылдау.

Мемлекеттік несиенің негізгі нысаы несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пе заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:

 

Қарыздар

Салықтар

1.    Ерікті сипаты;

2.    Мәжбірлеудің бүркемелі нысаы.

1.    Мәжбүрлеме сипаты;

2.    Мәжбүрлеудің анық нысаы.

 

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін); орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады.    Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздарболып бөлінеді.

Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.

Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын жәнек мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотереялық (табыс облигацияларының өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Мемлекеттік қарыз – мемлекеттік займалар бойынша есептелген пайыз-дарды қоса отырып, шығарылған және өтелмеген бағалы қағаздар бойынша қарыз сомасы.

Мемлекеттік қарызды басқару дегеніміз мемлекеттің қарыз алушы, несие беруші және гарант ретіндегі қызметімен байланысты қаржылық саясатын қа-лыптастыру, сондай-ақ, мемлекеттің қарыздық міндеттемелерін шығаруға және таратуға дайындаумен байланысты әрекеттер жиынтығы, бағалы қағаз нарығын дамыту, несие және кепіл беру.

Мемлекеттік қарызды басқару процесінде қарыз алушының қарызының құ-нын азайту және нарықта мемлекеттің қарыздық міндеттемелерінің толуына және олардың курсының күрт ауытқуына жол бермеу міндеттері шешіледі. Мемлекет-тік қарызды басқару әдістері: қайта қаржыландыру, айналдыру (конверсия), бірік-тіру (консолидация), бір ізге келтіру (унификация), облигацияны айырбастау, зай-маны өтеу мерзімін ұзарту, мемлекеттік қарыздан бас тарту (жою).

Мемлекет экономиканы басқару қызметін атқара отырып, қарыз көлемін азайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Тиімді қарыз алу, мемлекет-тік несиеге қызмет көрсету құнын оптималдандыру, елдің төлем балансы мәсе-лелері, мемлекеттік бюджет тапшылығы, инфляция қарқыны әр елдегі басқару объектлерін анықтаушы болып саналады. Қарызды өтеу бойынша міндеттемені орындамау үкіметке деген сенімді азайтады.

Мемлекеттік қарызға қызмет көрсету – бұл белгілі мерзімде қарыздың не-гізгі сомасын, пайызды, мемлекттік қарыз комиссиясын біріктіріп төлеу қабілеті.

Әр мемлекет заңды түрде мемлекеттік қарыз лимитін бекітеді. Мысалы, Қа-зақстанның мемлекеттік қарызының лимиті – мерзімінде өтелмеген барлық займа-ларды қоспағанда, займалық капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында респуб-лика үкіметі алған, белгіленген сома. Бұл сома жыл сайын республикалық бюджет-те бекітіледі және қарыздық жылдың аяғында қарыз артық болмауға тиіс. Лимит бойынша мемлекеттік қарыз сомасы артқан жағдайда экономика мен мемлекетті басқару сферасында көптеген негативті факторларды бар екенін байқауға болады.

Сыртқы мемлекеттік қарыз мемлекет кепілдік берген және кепілдік берме-ген сыртқы қарыздарға бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың өсуі макроэкономика-лық тұрақсыздықпен тығыз байланысты. Шетел капиталын және валюта ре-сурстарын тарту ол қаражат көздерін тиімді пайдалануды, қарызды пайызбен қоса қайтара алуын талап етеді. Үкімет келіспей қызмет атқарғанда, қаржылық, валюталық, инвестициялық саясат сферасында мемлекеттік заңдар бұзылғанда, экспорт пен импорт қатынасы дұрыс болмаған жағдайда ел экономикасында дисбаланс пайда болады, экономикалық өсім көздерінен айырылады, ал ол, сырттан қарыз алуға және мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеп соғады.

Экономиканы және мемлекетті басқарудың қазіргі сатысы үкіметтен мем-лекет қарызының, яғни сыртқы қарыздың негізсіз өсуінің бетін кері қайтара отырып, тиімді шешім қабылдауды талап етеді.

Қаржы жүйесiнiң буыны сияқты мемлекеттiк қаржы салалар экономикаға және социумдағы алуан түрлi өзара байланыс қамтитын мемлекеттiк сектордың өндiрiстiк және әлеуметтiк қатынастарындағы әсерiмен байланған.

Мемлекеттiк қаржы салаларды экономикалық мән олар және мемлекеттiң функциялары және мемлекеттiк кәсiпорындарды орындауға мемлекеттiң қаржы ресурстерiн құрастыру, оның кәсiпорындары және алған құралдардың қолдануы үшiн қоғамдық өнiмнiң құны және ұлттық байлықты бөлiктiң қайта бөлу үлестiрiлуге қатысты ақшалай қатынастарды бiлдiретiн тұрады.

Бұл салаға ақшалай қатынастарының субъекттерiмен өкiмет және басқарудың оның органдары мемлекет бетте болып табылады, бiр жағынан, және кәсiпорын, ұйым, мекеме, азаматтар — басқа.

Мемлекеттiк қаржы салаларды құрамдағы маңызды рөл бюджеттiк қатынастар ойнайды. Бюджеттiк өзара байланыстар көмегiмен мемлекеттiң пайдасына органдардан сияқтыларының қаржыларының түбегейлi көлемдерiн қайта бөледi, сол сияқты керi бағытта — кәсiпорындарға, ұйымдарға, тұрғынға мемлекеттен. Республикалық бюджеттi рөл оның қорлары мемлекет аралық шаралардың қаржыландыруы үшiн арналған тұрады: мемлекеттiк мақсатты кешендi бағдарламалар, қорғаныстар, шекаралардың қорғауы, мемлекеттiк басқару, дамыған әлеуметтiк сала, халықаралық мiндеттемелердiң орындауын құқылық тәртiпке қамтамасыз ету. Республикалық бюджет көмегiмен экономика, оның тұрақтануы, салалық тепе-теңдiктiң құрылымдық өрнектеулерiнiң есебi, тұрғынның әлеуметтiк қорғаныштығының бiртұтас деңгейiнiң қолдаулары ұйғарылады.   

Жергiлiктi бюджеттер экономикалық процесстердiң реттеуi, өндiргiш күштердiң орналастыруы, аймақтық инфрақұрылымның дамытуы, еңбек ресурстердi орнын толтыру үшiн едәуiр дәрежеде қолданылады. Жергiлiктi бюджеттер үлкен рөл әлеуметтiк шығындардың қаржыландыруларында ойнайды.

Мемлекеттiк қазына республикалық және жергiлiктi Республикалық қазынаға бөлiнедi қосады:

1.республикалық бюджеттiң құралдары;

2.мемлекеттiң алтын валюталық қорлары;

3.(жер, оның жер қойнауы, өсiмдiк және аң, басқа табиғи қорлар) мемлекеттiң меншiгiнiң ерекше құқығының дүниесi;

4.канн меншiгiнiң республи жататын оқшау емес дүние. Шынымен мұрагер болу, қоймалар, Олжа, мемлекет жататын өткiзулер немесе берiлуге меншiк ие қажеттi емес (иесiз ) иесiз кәмпескеленген, иесiз қалған, тапсырған мемлекетке дүние — қазынаға — дайындалатын қазыналық.

Жергiлiктi қазына қосады:

1жергiлiктi бюджеттiң құралдары;

2.коммунальдық меншiк жататын оқшау емес дүние.

Мемлекетке меншiктiң қолдануының формаларының ұқсас әр түрлiлiгi солқылдақ және адрестi экономикалық және қаржы саясатты өндiрiп алып, экономикалық және әлеуметтiк процесстерге әсердiң қаржы тетiгiн олар керек бәлекей бағыттай белсене қолдануға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге оның болуын әрбiр нақтылы кезеңдегi мақсаттар және қоғамның дамытуының есептерiнiң үкiмет, жүзеге асыруының экономикалық функцияларының орындауды негiзi қалай «мемлекеттiк финансыларның» дәрежесiнiң рөл және мәндерi айқындалады.

Мемлекеттiк қаржы салаларды құрамдағы маңызды рөл бюджеттiк қатынастар ойнайды. Бюджеттiк өзара байланыстар көмегiмен мемлекеттiң пайдасына органдардан сияқтыларының қаржыларының түбегейлi көлемдерiн қайта бөледi, сол сияқты керi бағытта — кәсiпорындарға, ұйымдарға, тұрғынға мемлекеттен. Республикалық бюджеттi рөл оның қорлары мемлекет аралық шаралардың қаржыландыруы үшiн арналған тұрады: мемлекеттiк мақсатты кешендi бағдарламалар, қорғаныстар, шекаралардың қорғауы, мемлекеттiк басқару, дамыған әлеуметтiк сала, халықаралық мiндеттемелердiң орындауын құқылық тәртiпке қамтамасыз ету. Республикалық бюджет көмегiмен экономика, оның тұрақтануы, салалық тепе-теңдiктiң құрылымдық өрнектеулерiнiң есебi, тұрғынның әлеуметтiк қорғаныштығының бiртұтас деңгейiнiң қолдаулары ұйғарылады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы қандай?
  2. Мемлекеттік несиенің қызметтері қандай?
  3. мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері қандай және оларға сипаттама беріңіз.
  4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *