Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы

1. Мемлекеттік қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар жүйесіндегі олардың орны мен ролі.

2. Мемлекеттік қаржыны функционалдық қанымдау ерекшеліктері, оларды жіктеу.

3. Мемлекеттік кіріс құрамы мен құрылымы, оларды жіктеу.

4. Мемлекеттік кіріс, шығыс және қаржылық ресурстардың қатынасы.

 

Мемлекет қаржысы мемлекеттік сектордағы көптеген өндірістік және әлеу-меттік қатынастарды қамтиды. Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні-олар-дың қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бө-луге байланысты ақшалай қатынастарды көрсететіндігінде. Мемлекеттік қаржыда мемлекет қызметтері кеңірек көрінеді, олар: ресурстарды қайта бөлу, экономика-ны тұрақтандыру, табыс пен байлықты қайта бөлу. Мемлекеттік қаржыға өспелі мемлекет белсенділігі заңының негізінде (Вагнер Заңы) ЖҰӨ өсімімен салыстыр-ғанда қарқыны артық болатын мемлекеттік шығындар көлемін өсіру қасиеті тән.

Мемлекет қаржысы екі түрлі қызмет атқарады: бөлу және бақылау. Бөлу қызметі арқылы жалпы қоғамдық өнім және оның маңызды бөлігі — ҰТ, сондай-ақ, ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді және мемлекеттің, ең-бек ұжымдарының, жекеленген азаматтардың экономикалық мүдделерін қоғам-дық ұдайы өндіріске қатысушылардың ақшалай табыстары мен қаражаттарын қалыптастыру және жұмсау жолымен көрсететін белгілі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бақылау қызметі қоғамдық өнім құнының ақшалай форма-дағы қозғалысына қаржылық бақылау жасауда көрінеді және басқа қызметтері-нен бөлек емес, солармен органикалық байланыста әрекет етеді.

Мемлекеттік қаржы, мемлекеттік кіріс және шығындар құрамы 5-суретте көрсетілген.

Онда мынадай звенолар көрсетілген: мемлекеттік бюджет, әлеумет-тік бағыттағы ақша қорлары (бюджеттен тыс қорлар); мемлекеттік несие; мемле-кеттік кәспорындар мен ұйымдар қаржысы. Көрсетілген звенолардың әрқайсысы-ның жеке мәні бар, қызмет атқарады, әрқайсысының мақсаттық бағыттары бар.

Бюджет республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық бюджет арқылы жалпы мемлекеттік шаралар қаржыландырылады: мемлекет-тік мақсатты бағдарламалар; қорғаныс, шекара қорғау; құқықтық тәртіпті сақ-тау; мемлекеттік басқару; әлеуметтік сфераны дамыту; халықаралық міндетте-мелерді орындау. Республикалық бюджет көмегімен экономиканы құрылымдық қайта құру, оны тұрақтандыру міндеттері шешіледі.

Жергілікті бюджеттер өндіргіш күштерді орналастырудың экономикалық процестерін, территориялық инфрақұрылымды және әлеуметтік сфераны дамытуды реттейді. Жергiлiктi бюджеттердi мәселелер (тұрғын үй шаруашылық, мәдениеттiң мекемесi және өнер, коммуналдық инфрақұрылым — тазартуды су құбыры, көлiк, қызмет тағы басқалар) бюджеттердi құрастыру үшiн пайда келтiрмейдiғана емес, шығынды болып табылады және жергiлiктi бюджеттердiң құралдарының едәуiр бөлiктерiн қылғиды да олардың меншiк құрайтын шаруашылықтар сала болған сонымен бiрге тұрады. Өкiметтiң жергiлiктi органдарының республикалық және коммуналдық жүргiзуiне меншiктер бөлiнуде шығынды кәсiпорын немесе салатын ептеген табыстарды тапсырылды.

Жергiлiктi бюджеттердiң шығынғалары әлеуметтiк инфрақұрылымның қаржыландыруы басым болады — бiлiм, денсаулық сақтау, (45, 4%) халықты әлеуметтiк қорғау, экономикалық салалардан — көлiк және байланыс.Бюджет экономикаға әсер етедi бюджеттi рөл бюджеттiк тетiк арқылы бұл айқындалады бұл экономикаға ықпалдың аспабы негiзiнен. Бюджеттiк тетiк — бұл формалар және бiлiм және мемлекеттiң қаржыларының орталықтандырылған қордың қолдануының әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканың реттеуi қалыптасу және бюджеттi орындауды процесстегi қаржылардың орталықтандырылған қорының сандық өлшемдерiнiң анықтауы, формалар және оның бiлiмi және қолдану, қаржы қорын қайта бөлiсудiң әдiстерiнiң регламенттеуi жолымен iске асады.

Жеке меншiк түрлерiнiң әр түрлiлiгi бюджеттiк қатынастардың жұмыс жасауын сондай болып форманы алдын ала анықтайтын шаруашылықтың болжам — жоспарлы жүргiзуi ойлайды. Бюджеттiк байланыстардың қансыздан сипаты, мемлекеттiң қаржыларының орталықтандырылған қордың қозғалысының жоспарлы формаларын елдiң негiзгi бiртұтас қаржы жоспары бюджеттiк байланыстар тиiстi қаржы құжаттарда шағылысатынын алып кеБюджет экономикаға әсер етедi бюджеттi рөл бюджеттiк тетiк арқылы бұл айқындалады бұл экономикаға ықпалдың аспабы негiзiнен. Бюджеттiк тетiк — бұл формалар және бiлiм және мемлекеттiң қаржыларының орталықтандырылған қордың қолдануының әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканың реттеуi қалыптасу және бюджеттi орындауды процесстегi қаржылардың орталықтандырылған қорының сандық өлшемдерiнiң анықтауы, формалар және оның бiлiмi және қолдану, қаржы қорын қайта бөлiсудiң әдiстерiнiң регламенттеуi жолымен iске асады.

Жеке меншiк түрлерiнiң әр түрлiлiгi бюджеттiк қатынастардың жұмыс жасауын сондай болып форманы алдын ала анықтайтын шаруашылықтың болжам — жоспарлы жүргiзуi ойлайды. Бюджеттiк байланыстардың қансыздан сипаты, мемлекеттiң қаржыларының орталықтандырылған қордың қозғалысының жоспарлы формаларын елдiң негiзгi бiртұтас қаржы жоспары бюджеттiк байланыстар тиiстi қаржы құжаттарда шағылысатынын алып келедi.

Мемлекеттік сектор мемлекеттік меншік неізінде қызмет атқарады. Мемле-кеттік меншік заңды тұлғалар мүлкі мен мемлекеттік қазынаға бөлінеді. Заңды тұлғалар мүлкі заңды түрде бөлінген болып табылады және мемлекеттік кәсіп-орындар мен ұйымдар қаржысының қызмет ету негізін құрайды. Кәсіпорындар қаржысы қоғамдық өнім мен ҰТ құралатын материалдық өндіріске қызмет етеді.

Мемлекеттік қазына мынадай түрлерге бөлінеді: республикалық – респуб-ликалық бюджет қаражаттары; мемлекеттің алтын валюталық ресурстары; мем-лекет иелігіндегі мүліктер (ғимарат, жер қойнауы, табиғи ресурстар, жануарлар әлемі); республикалық меншікке жататын бөлінбеген мүлік; жергілікті – жергі-лікті бюджет қаражаттары; коммуналдық меншікке жататын бөлінбеген мүлік.

Мемлекеттік қаржы барлық звенолары арқылы үкімметтің қоғамның әлеу-меттік-экономикалық дамуының барлық сатысындағы экономикалық қызметтерін атқаруына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кіріс — мемлекет меншігіне оның қызмет етуінің материалдық базасын құруға қажет қаржаттар жиынтығы түсетін экономикалық қатынастар жүйесі. Кіріс – қаржымен тығыз байланысты күрделі экономикалық категория, қаражат шығындарымен байланысты белгілі қызмет нәтижесі және өндіріс, коммерциялық, делдалдық, басқадай мақсатты қызмет нәтижесі, қайта құрылған өнім мен қызметті бөлу сатысында туындайды. Кіріс диалектикасы олардың аралық сипатта болатындығында, яғни олар қалыптастқаннан кейін бөлудің жаңа сатысына түседі немесе ұдайы өндірістің жаңа сатысы айырбасқа түсе отырып, ақырғы табыс болады.

Мемлекеттік кірістің экономикалық табиғаты тауар-ақша қатынастары-ның дамуына, өндіріс тәсіліне, мемлекет табиғаты мен қызметтеріне негізделе-ді. Мемлекеттік кірісті қалыптастырудағы мемлекет ролі: бюджетке орталық-тандырылған және кәсіпорын, ұйым қалдырған таза табыстың үлесін анықтай-ды; халық пен қоғамның басқадай мүшелерінің жеке табыстарын тартады.

Мемлекеттік кіріс көздері: мемлекеттік меншіктен түскен кіріс, оған пай-да түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың таза табысы, ҚҚС, ак-циздер, кедендік табыстар жатады; мемлекеттік мүліктен түсетін табыс; мемле-кеттік мекемелер мен ұйымдар көрсеткен ақылы қызметтен түскен табыс; бюд-жеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары, оған ғимаратты жалдағаны үшін алынатын арендалық төлем, қосымша кәсіпорындар табысы жатады.

Мемлекеттік кіріс төмендегідей түрде топтастырылады:

— меншік формаларын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге байланысты (мемле-кеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары; жеке кәсіпкерлік сектордан түсетін салықтық түсімдер; халықтың салықтық төлемдері; кооперативтік, ұжымдық және қоғамдық ұйымдардан түсетін салықтық түсімдер);

— құрылу сферасына байланысты (экономикалық өсімнің негізгі қайнар көзі болып табылатын, бірінші рет бөлуге міндетті материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан табыстар; қайта бөлу қатынастарының объектлері болып табылатын өндірістік емес сферада қалыптасқан табыс);

— орталықтандыру дәрежесі бойынша (мемлекеттік кәсіпорында және ұйымда қалыптасу орны бойынша қолданылатын; мемлекеттік бюджетте және мемлекет-тің ақша-қаражаттарының басқадай мақсатты орталықтандырылған қорларына жинақталған);

— қозғалысқа түсіру әдісімен (салықтық; салықтық емес төлемдер).

Пайда – маңызды экономикалық категория, қаржының құрамдас бөлігі, бө-лу кезінде қалыптасқан қаржылық ресурстар көзі; құндық категория, қосымша өнім формаларының бірі; өндіріс нәтижесі; өндіріс, өткізу және нақты ақша қорлары қалыптасқан кезде қайта құралған құнды бөлу. Ол жанама салықтарды алып тастағандағы кәсіпорын өнімдерін өткізуден түскен түсіме мен өнімнің толық өзіндік құны арасындағы айырма ретінде қалыптасады. Пайда шамасына баға, сондай-ақ, кәсіпорындағы өзіндік құн деңгейі ықпал ететіні белгілі.

Таза табысты өсірудің негізгі факторлары: еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндіру көлемін арттыратын және өнім бірлігіне шаққандағы шығындарды, яғни өзіндік құнды азайтатын); өнім өндіруге жұмсалатын материалдық және ақшалай ресурстарды үнемдеу; өнім сапасын арттыру; негізгі және айналым-дық өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін арттыру; өндірістің қарапайым жағдайлары.

Мемлекеттік шығындар мемлекет қызметін қаржыландырады. Олар халық-тың өмірінің материалдық және мәдени деңгейн анықтайтын, экономика мен әлеу-меттік сфераны дамытудың маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Мемлекеттік шығындар құрамы – мемлекеттік бюджет шығындары, мем-лекеттік бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, өнді-рістік және өндірістік емес сфералар мекемлерінің шығындары. Мемлекеттік шығындар құрамына мыналар кіреді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер; қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; денсаулық сақтау; әлеуметтік сақтандыру; тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты қамтамасыз ету; жылу-эенргетикалық кешен; ауыл, су және орман шаруашылығы; балық аулау, аң аулау және табиғат қорғау; көлік және байланыс.

Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар шығындарына мыналар кіреді: өнді-рістік, шаруашылық-эксплуатациялық қызметпен байланысты шығындар; ұлғай-тылған ұдайы өндіріс шығындары; бюджет және арнайы (бюджеттен тыс) қорлар төлемдері; жеңілдік беруші ынталандырушы қорларға төлейтін төлемдер.

Мемлекеттік шығындарды топтастыру белгілері: 1) экономикалық мазмұны бойынша (материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар, өндірістік емес қызмет сферасына жататын шығындар, мемлекеттік резервтер құру шығындары); 2) мақсаттық белгісі бойынша (эконо-мика шығындары, әлеуметтік-мәдени шаралар, ғылым, қорғаныс, басқару шығын-дары); 3) территориялық белгі бойынша; 4) салалық белгі бойынша.

Мемлекеттік шығын көздері: бюджетке жинақталған, қоғамның таза табы-сы; мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы; амортизациялық төлемдер; бюджетке салық төлеу арқылы жинақталған халықтың қаражаттары; займадан (ішкі және сыртқы) түскен түсімдер; банктердің ұзақ мерзімді несиелері. Мем-лекеттік шығындар төмендегідей қаржыландыру әдістерімен жұмсалады: мем-лекеттік шаруашылық есеп айырысу кәсіпорындарын қаржыландыру; смета-лық-бюджеттік қаржыландыру (мекемелерді). Мемлекеттік шығындарды ұйым-дастыру қағидалары: жоспарлылық, қаржыландырудың мақсатты сипаты, қай-тарымсыздығы, тұтыну мөлшеріне және жоспардың орындалуына, үнемдеу ре-жимін ұстануына, бюджеттік және басқадай қаражат көздерінің үйлесімділігі-нің оптималдығына қарай қаржыландыру. Мемлекеттік шығындар әртүрлі бағытта қолданылады.

  • Экономиканы дамыту шығындары — өндіріс көлемін тұрақты өсіруге жә-не оның тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған ақша-қаражатта-ры. Оларға капиталдың салым, негізгі қорларды жөндеу шығындары, айналым-дық қаражаттар өсімі, материалдық резервтер құру, операциялық шығындар, әлеуметтік қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын құру жатады.
  • Әлеуметтік-мәдени шаралар, білім беру, демалысты және мәдени сфера қызметін ұйымдастыру, денсаулық сақтау және т.б. шығындарды қаржыланды-ру. Мысалы, білім беру шығындары мемлекет кепілдік берген деңгейдегі бюд-жеттік ресурстармен жабылады. Білім беру мекемесінің әр түріне және типі бойынша әр оқушыға анықталған нормативке сай қызмет атқаратын білім беру мекемелерін қаржыландыру заңда қарастырылған.
  • Мәдениет пен өнерді қаржыландыруға кітапхана, клубтар, мәдениет үй-лері, мұражайлар мен көрмелер, театрларды, филармонияларды қанымдау, сон-дай-ақ, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар қаржысы кіреді.
  1. Халықты әлеуметтік қорғау шығындары мемлекеттік шығындар жүйе-сінде айтарлықтай үлес салмақ иеленеді. Нарықтық экономика жағдайында шы-ғындардың осы тобы инфляция мен ақшаның құнсыздануы салдарынан басқа-ларымен салыстырғанда артық болып саналады. Әлеуметтік қамтамасыз ету қо-ғамның еңбекке қабілетсіз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қол-дау қатынастарын қамтиды. Әлеуметтік қамтамасыз ету формалары: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік жәрдемақы төлеу және аз қамтылған халыққа «әлеуметтік көмек көрсету».
  • Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру мемлекет үшін аса маңыз-ды. Өйткені ғылым толығымен нарықтық қатынастарға толығымен бейімделе алмайтын қызмет сферасына жатады, ал ҒТП қаржыландыру көздерін таңдау ғылыми-техникалық жаңалықтар түрлеріне тәуелді болады. ҒТП жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты — ҒТП-ның приоритеттік бағыттарын жүзеге асыратын кәсіпорындарға мақсатты субсидиялар мен жеңілдікпен несие беру. Қаржыландырудың келесі көзі — қаржылық қолдау көрсетуге арналған инвес-тициялық қорлар.
  • Мемлекеттік шығындардың келесі бағыты – қорғаныс. Қорғаныстың барлық шығындары республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Шығын-дарды жоспарлауға негіз болатын мәліметтеріне әскери дайындық жоспарлары, штаттар, материалдық және шаруашылық жоспарлары, жеке құрам саны, мате-риалдық және ақшалай құндылықтар нормасы, т.б.
  1. Басқару шығындары. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі дегеніміз барлық деңгейдегі заң, атқару және өкілетті органдар, сондай-ақ, шаруашылық басқару аппаратының жиынтығы. Мемлекеттік басқару органдарын қанымдау шығындарын жыл сайын республикалықтан бастап, жергілікті деңгейге дейінгі барлық деңгейлер бюджеті шығындарының құрамында бекітеді. Бюджеттік қара-жаттар мекеме шығындарының көлемін, қаражаттардың жұмсалу бағытын анық-тайтын негізгі құжат болып табылатын, бекітілген сметаға сай жұмсалады.

Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әдістері: меншікті ресурстар, банк несиелері және жетпеген жағдайда – бюджеттен қаржы бөлу есебінен. Бюджеттік қаржыландыру формалары: дотация, субвенция, субсидия.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қаржыға түсініктеме беріңіз.

2. Қаржылық қатынастар жүйесіндегі мемлекеттік қаржының алатын орны мен ролі қандай?

3. Мемлекеттік қаржының қандай ерекшеліктері бар?

4. Мемлекеттік кірістің құрамы мен құрылымын атаңыз.

5. мемлекеттік кіріс қалай жіктеледі?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *