Үй шаруашылығының қаржысы

  1. Үй шаруашылықтары және ұдайы өндіріс процесінде экономикалық ресурстарды қамтамасыз етудегі олардың ролі.
  2. Үй шаруашылығы қаржысының мәні, олардың қызметтерінің мазмұны.
  3. Үй шаруашылығы бюджеті. Кірісті қалыптастыру.
  4. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
  5. Үй шаруашылығы шығыстары, олардың жіктелуі және құрылымы.
  6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметтері, олардың түрлері.

 

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектлерінің бірі, олардың қызмет нәтижелеріне тек ғана жекеленген шаруашылық бірліктерінің ғана емес, елдегі барлық халықтың әл-аухаты тәуелді. Коммерциялық кәсіпорындар жә-не мемлекетпен қатар экономиканың ірі субъектлері бола отырып, үй шаруашы-лықтары барлық макрореттеу процестеріне қатысады. Үй шаруашылығы дегеніміз бір немесе бірге тұратын және ортақ бюджеті бар бірнеше тұлға жүргізетін шаруа-шылық. Үй шаруашылығы барлық жалданбалы жұмысшыларды, ірі және шағын капитал, жер, бағалы қағаз иелерін біріктіреді. Едәуiр бөлiк шаруашылық субъекттер едәуiр бөлiк заттық қоғамдық өнiм жасалатын заттық өндiрiстiң саласында қоғамның тiршiлiк қамтамасызының көзi шұғылданғандығы, онда бұл буынның қаражаттары негiзгi, бастапқы қаражаттардың бiр бөлiктерiн болады.

Үй шаруашылықтарының қаржысы дегеніміз шаруашылық мүшелерінің материалдық жағдайларын қамтамасыз ету және оларды ұдайы өндіру мақса-тында ақша-қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану бойынша экономика-лық ақшалай қатынастар.

Үй шаруашылықтары қаржысының қызметтері: 1) отбасы қажеттілікте-рін ақша-қаражаттарымен қамтамасыз ету, бұл қызметі отбасының тіршілік етуіне нақты жағдайлар жасайды; 2) үй шаруашылықтары қаржысының бөлу қызметі ұлттық табысты бөлуді және отбасының алғашқы табыстарын қалыптастыруды қамтиды.

Үй шаруашылықтарының қаржылық қатынастары екі топтан тұрады: 1) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқалары түрінде алғашқы табыстар қа-лыптастыра отырып, аталмыш шаруашылық бірлігі мен қаржылық жүйенің бас-қа звенолары (мемлекеттік қаржы – бюджет және бюджеттен тыс қорлар, ком-мерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы) арасындағы қатынастар; 2) қаражаттар бөлінп, ерекше ақша қорларын құра отырып, бөлінген кездегі үй шаруашылықтары мүшелері арасындағы қатынастар. Шаруашылық субъекттердiң қаражаттары ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң процессiнiң негiзгi тараптарын ақшалай формаларда бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарымен сәйкес оның жүзеге асыруларына мүмкiндiк туғызады. Олар ақшалай табыс және ұлттық шаруашылықтың ары қарай дамытуы үшiн қажеттi жинақталуларды үлестiрiлу және қолдану үшiн қажеттi қолданылады. Бұл дамытулардың мүмкiн емес мықтысыз және ұлттық шаруашылықты басқару жүйесiнiң маңызды экономикалық аспаптары болып табылған шаруашылық субъекттердiң қаражаттарының жақсы тәртiпке келтiрiлгендерi экономиканың өрнектеуiнiң қуатты құралымен. Басқа өндiрiстiк қатынастармен олар бiрiгiп ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгi жағы буындарының шаруашылық жұмысының тиiмдiлiктерiне өндiрiстiк қатынастардың бөлiгi бола тiкелей әсер етедi. Олардың арасында бір жақты, екі- және көп жақты, үздіксіз ақша ағымдары туындайды. Шаруашылық субъекттердiң қаражаттары мән және әсер етудiң сыртқы формаларын алады. Мәнмен iшкi ұғылады қаржы олардың қалайдың ерекше құн дәрежесiн анықтаған қаражаттардың мазмұниды. Қаражаттардың әсер етуiнiң мән және формалары өзара байланыстырған. Олардың орнықтылығының дәрежесi бiрақ алажаулы.

Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары – бұл отбасы иелігіндегі және жеке ақша-қаражаттары қорлары түріндегі ақша-қаражаттарының жиын-тық қоры. Жеке қорлардың негізгі түрлері: а) тұтыну қоры, аталмыш ұжымның- отбасының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға (азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіпм өндірісінің тауарларын сатып алу, әртүрлі ақылы қызметтерге ақы төлеу, т.б.) арналады; б) жинақтау қоры, келешекте қымбат тауарлар сатып алуға, не пайда алуға пайдаланылады.

Үй шаруашылығның қаржылық ресурстары құрамы: 1) меншікті қаражат-тар, яғни отбасының әр мүшесі еңбегімен тапқан жалақы, қосымша шаруашылық-тан түскен табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда; 2) несие ұйымдарынан алынған несие түріндегі нарықта қозғалысқа түскен қаражаттар, дивидендтер, пайыздар; 3) қайта бөлу тәртібімен түскен қаражаттар – зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған ссудалар.

Үй шаруашылығы қаржысы бюджеттермен (республикалық, жергілікті және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар) және әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардың орталықтандырылмаған қаржысымен, сондай-ақ, қаржылық нарықтармен байланысқа түседі. Үй шаруашылығының қаржысы республикалық,жергілікті бюджеттермен және бюджеттен тыс әлеуметтік  қорлармен және меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының орталықтандырылмаған  қаржылармен, сондай – ақ  қаржы рыногымен өзара іс – әрекет етеді.Олардың арасында үздіксіз біржақты, екі және көп жақты ақша ағындары пайда болады. Үй шаруашылығы мен мемлекет арасында ақша ағындарының тұрақты қозғалысы жүзеге асырылады.Үй шаруашылығының мүшелері мемлекеттік сектор үшін жұмыс күшін береді, мемлекетке өз өндірісінің тауарлары мен қызметтерін сатады. Осысы үшін отбасы еңбекақы мен табыс алады. Бұдан басқа қаржылық қатынастар қазынаға баждар және аударымдар төлеген кезде пайда болады.Сонымен бірге үй шаруашылықтары үкіметтен әр түрлі ақшалай трансферттер, сондай – ақ заттай нысанда қоғамдық игіліктер мен қызметтер алады.

Үй шаруашылығында ақша ағындары мемлекеттік емес сектормен – кәсіпорындармен, ұйымдармен, компаниялармен пайда болды.Олардан тауарлар, қызметтер ала отырып, үй шаруашылықтары ақша нысанындағы оларға алынған түрлі игіліктердің құнын қайтарады. Заңи тұлғалар сонымен қатар бұл ұжымның мүшелерінде тиісті меншік болған жағдайда үй шаруашылықтарын кредит ресурстармен, сондай – ақ табыстармен, дивиденттермен, пайыздармен, жалгерлік ақымен қамтамасыз ете алады.Қаржы ресуртарының толық айналымының нәтижесінде үй шаруашылықтары қазіргі және келешектегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Қазақстан халқының қаржы ресурстарына жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорлары банктердегі салым ақшалары жатады.

Қаржылық ресурстар үй шаруашылығы бюджетін құрайды. Материал-дық мазмұны бойынша үй шаруашылығының бюджеті – бұл үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану формасы. Ол үй шаруашылықтары мүшелерінің жиынтық табыстары мен олардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шығындарды біріктіреді. Бюджет шеңберінде жеке ақша қорлары қалыптасады, олар: а) жеке, отбасының жеке мүшелеріне арналады және әртүрл тауарлар сатып алуға, көңіл көтеруге, оқуға, медициналық қызмет, т.б. жұмсалады; б) біріккен, ортақ пайдаланылатын тауарлар сатып алуға арналады; в) жинақтар және болашақ капитал шығындарын қамтитын қорлар (резервтік қор) (үй, пәтер, жер учаскесін, көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ, коммерциялық қызметке арналған бастапқы капитал қалыптастыру).

Үй шаруашылықтарының табыстары – өндіріс процесінде құралған және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани байлықтарын қанағаттан-дыруға арналған ҰТ бір бөлігі. Бұл табыстар еңбек шығындарын, яғни өндіріс процесінде жұмсаған адамдардың денелей және ой күштерін өтеуге тиіс.

Үй шаруашылықтарының жалпы табысы – бұл ақшалай табыстар, өнім-дердің натурал түсімдерінің құны және мемлекет пен кәсіпорындар натурал түрде ұсынған жеңілдіктер, дотациялар, сыйлықтар (жинақталған қаражаттарды есепке алмағанда).

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары үй шаруашылығының мүшелері жалақы түрінде алған ақша-қаражаттары, жеке қызметтен және кәсіп-керлік қызметтен түскен табыстары, зейнетақылары, жәрдемақылар, өтемақы-лар мен басқадай төлемдер (оған қайырымдылық көмектер де қосылады), па-йыздар, дивидендтер, ренталар мен меншіктен түсетін басқадай табыстар, жеке меншік қосалқы шаруашылық өнімдерін сатудан түсетін қаражаттар және басқадай ақшалай түсімдер.

Халықтың табысы – жалданбалы және жеке жұмыстан, меншіктен, сату-дан түсетін табыстар, әлеуметтік трансферттер мен натурал және ақшалай түрдегі басқадай тыабыстар. Жалданбалы жұмыстан түсетін табыс – жалақы, ынталандыру төлемдерінің барлық түрлері, жалақыға қосымша төлемдер, гонорар, сыйақылар, пайдадан төленетін төлемдер, сырқаттану қағазы бойынша тө-ленетін төлем, демалысқа төленген жәрдемақылар, жұмыс берушіден натурал және ақшалай түрде алынған медициналық шығындардың өтемақылары. Жеке жұмыспен айналысудан түсетін табыс – ақшалай және натурал формада кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар.

Әлеуметтік трансферттер – зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өтемақы төлемдері, қосымша жеңілдіктер, қайырымдылық көмек. Меншіктен түсетін табыс — акция және басқадай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыс-тар; қарыз түрінде берілген соманы пайдаланғаны үшін, салымдар бойынша алынған пайыздар; үйді, көлік құралдарын, техниканы, жер учаскесін жалға беруден түсетін табыс. Сатудан түскен табыс — бұл қозғалмайтын мүлікті, әр-түрлі бұйымдар мен тауарлар, жеке шаруашылықтан алынған азық-түлік өнім-дерін сатудан, көрсетілген қызметтерден түскен табыс. Табыстың басқа көздері-алименттер, туыстар мен таныстардан түскен түсімдер.

Қолда бар ақша-қаражаттары — міндетті төлемдер мен жарналарды алып тастағандағы ақшалай табыстар. Нақты ақшалай табыс — тұтыну бағаларының өзгерісін ескергендегі ақшалай табыстар. Нақты қолда бар табыстар — тұтыну бағаларының өзгерісін ескере отырып, міндетті төлемдер мен жарналарды алып тастағандағы ақшалай табыстар.

Ақшалай табыстар номинал (салық пен міндетті төлемдерді төлегенге де-йін) және қолда бар (аталған төлемдерді төлегеннен кейін) деп бөлінеді. Нақты ақшалай табыстар – тұтыну бағасы өзгерісін алып тастағанадағы ақшалай табыстар. Ол ақшалай табыстарды тұтыну бағасы индексіне бөлу арқылы есеп-теледі. Нақты қолда бар ақшалай табыстар — тұтыну бағасы өзгерісін алып тастап, міндетті төлемдер мен жарналарды азайтқандағы ақшалай табыстар.

Табыстар әртүрлі белгілер бойынша бөлінеді: 1) табыс көзіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: жалақы және еңбекке төленетін қосымша ақы; кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс; бағалы қағаздардан түсетін табыс; мүлікті уақытша қолдануға бергені үшін төленетін арендалық төлем; сақтандыру төлемдері; мүлікті сатудан түсетін табыс; мемлекеттік ақша қорларынан (бюджет, бюджеттен тыс қорлар) төленетін төлемдер; т.б.; 2) түсімнің біркелкі болуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: жүйелі (еңбек ақы, арендалық төлем, т.б.); мерзімдік (авторлық гонорар, бағалы қағаздан түсетін табыс, т.б.); кездейсоқ немесе бір рет-кі (сыйлықтар, мүлік сатудан түсетін табыстар); 3) түсімнің сенімділігіне қарай та-быстар мынадай түрлерге бөлінеді: кепілдік берілген (мемлекеттік зейнетақы, мем-лекеттік займадан түсетін табыстар); шартты түрде кепілдік берлген (еңбек ақы); кепілдік берілмеген (гонорар, комиссиялық сыйақы).

Әлемдік тәжірибедегі халықтың өмір сүру деңгейінің индикатоларының бірі-ең төменгі күнкөріс деңгейі. Оны мемлекеттік әлеуметтік саясатта кедейлік шегін және әлеуметтік төлемдер мөлшерін анықтау үшін қолданады. Халықаралық тәжірибеде күнкөріс минимумы мәні мен шамасын анықтаған кезде адамның белгілі тауарлар мен қызметке деген ең аз қажеттілігін, яғни тұтыну қоржынын анықтауға негізделген көзқарас таралған. Ол азық-түлік және азық-түлік емес деген бөліктерге бөлінеді. Тұтынушылар қоржынының құны норма-тивтік, статистикалық немесе комбинациялық әдістермен анықталады.

Кедейлік масштабы — табыстары күнкөріс деңгейінен (кедейліктің азық-түлік шегі және кедейліктің анықталған шегі) төмен халық үлесін (саны); адам басына шаққанда тұтыну деңгейі белгіленген мөлшерден төмен халық үлесін көрсететін сандық көрсеткіш.

Кедейлік шегінің коэффициенті — табыс (тұтыну) деңгейі күнкөріс миниму-мынан төмен адамдардың күнкөріс минимумы шамадан орташа ауытқуын көрсетеді және үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санына қатынасы бойынша табыстың жиынтық тапшылығының шамасын көрсетеді.

Кедейлік құлдырау шегінің коэффициені зерттеліп отырған үй шаруашылығының табысының күнкөріс минимумынан ауытқуын сипаттайды және зерттеліп отырған үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санына бөлінген табыс тапшылығының қосындысының квадратына тең шамамен өрнектеледі. Аймақтық ұйымдар бюджеттік сфера жұмысшыларының аз қамтамасыз етілгенін ескере отырып, оларға бюджет көлеміне байланысты қаржылық қолдау көрсетеді.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі. Жеке кәсіпкерлік түсінігі жеке кәсіпкерлік туралы Заңда көрсетілген. Жеке кәсіпкерлік дегеніміз табыс алуға бағытталған, азаматтар меншігіне негізделген және азаматтардың атынан олардың мүліктік жауапкершілігі және тәуекелділігі есебінен жүзеге асырылатын азаматтардың бастамалық қызметі.

Кәсіпкерлік түрлері: жеке кәсіпкерлікті азаматтар дербес атқарады; бірік-кен кәсіпкерлікті азаматтар тобы заңды тұлға құрмай-ақ, жүзеге асырады.

Біріккен кәсіпкерлік формалары: а) біріккен меншік негізінде жүзеге асы-рылатын жұбайлардың кәсіпкерлігі; б) отбасылық кәсіпкерлік, шаруа қожалы-ғының біріккен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйдің біріккен мен-шігі негізінде жүзеге асырылады; в) қарапайым серіктестік, онда кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік негізінде жүзеге асырылады.

Үй шаруашылығының шығындары — материалдық және рухани құндылық-тарды сатып алатын, адамның өмір сүруіне қажет шығындар, оларға тұтыну шығындары мен тұтынуға тікелей байланысты шығындар жатады және үй шаруашылығының жеке мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы өндіруде маңызды роль атқарады.

Халықтың ақшалай шығындары – тұтыну шығындары, салықтар, алымдар, төлемдер; қозғалмайтын мүлік сатып алу, тұтынумен байланысты емес басқа-дай шығындар. Тұтыну шығындары – тұтыну тауарлары мен қызметтерін са-тып алуға жұмсалатын халықтың ақшалай шығындарының бір бөлігі (азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар сатып алу, төлемді қызмет пайдалану). Салықтар, алымдар, төлемдер – табыстан, қозғалмайтын мүліктен алынатын салықтар; алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үй, пәтер, техникалық құралдар, техника жалдағаны үшін төлейтін төлемдер. Қозғалмайтын мүлік сатып алу – үй, пәтер, бақша және жер учаскелерін сатып алу. Басқадай шы-ғындар – қайырымдылық қорларына аударылатын төлемдер, алимент төлеу, туыстарға, таныстарға көмек көрсету.

Ақшалай шығындар — тұтыну шығындары: салықтар, алымдар, сақтандыру және басқадай төлемдер; қарызды, алимент, айыппұл төлеу, несиені өтеу, туыс-тарға көмек көрсету; қозғалмайтын мүлік, бағалы қағаз, шетел валютасын сатып алу; отбасының өндірістік қызметімен байланысты шығындар (шикізат, тұқым, мал, жем, т.б. сатып алу); тұтынумен байланысты емес басқадай шығындар.

Үй шаруашылығының ақшалай шығындарын әртүрлі белгілер бойынша топ-тастырады: 1) жүйелілік дәрежесі бойынша: тұрақты шығындар (азық-түлік, ком-муналдық қызмет және т.б. шығындар); жүйелі шығындар (киім, көлік және т.б.); бір реткі шығындар (емдеу, ұзақ уақыт қолданатын тауарлар сатып алу шығында-ры); 2) қажеттілік дәрежесі бойынша: тамақ, киім, медицинаға қажет бірінші ке-зектегі (қажет) шығындар; екінші кезектегі шығындар (білімге қажет, сақтандыру жарналары, т.б.); басқадай шығындар (қалғандары); 3) пайдалану мақсаттары бойынша: тұтыну шығындары (тауар сатып алу және қызметке төлеу); салықтар мен басқадай міндетті төлемдер төлеу; салымдар мен бағалы қағаздар бойынша жинақтаған жинақтар; шетел валютасын сатып алу; халық қолындағы ақша өсімі.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Үй шаруашылықтары және ұдайы өндіріс процесінде экономикалық ресурстарды қамтамасыз етудегі олардың ролі қандай?
  2. Үй шаруашылығы қаржысының мәні қандай?
  3. Үй шаруашылығы бюджетіне сипаттама беріңіз.
  4. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметтерінің қандай түрлері бар?
  5. Үй шаруашылығы шығыстарының құрылымы қандай?
  6. Халықтың өмір сүру деңгейін реттеудегі мемлекеттің ролі?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *